Әлеуметтік педагог жұмысы бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспары
«Бекітемін»
Мектеп директоры
________К.Кыстаубаева
«_____»______2023ж
Әлеуметтік педагог жұмысы бойынша
2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспары
Мектептің әлеуметтік-педагогикалық жұмысының мақсаты:
Мектептің әлеуметтік осал топтағы оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, мектептің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру.
Міндеттері:
- Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерттеу және болжау, сол арқылы әлеуметтік шаралардың орындалуын қамтамасыз етіп, бала үшін білім алуға қолайлы орта құру;
- «Бала-отбасы-мектеп» моделіндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс негізінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;
- Оқушылардың құқықтық, әлеуметтік білімі мен жауапкершілігін қалыптастыру, баланың жан-жақты дамуын әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.
№ р/с | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары | |
І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу | |||||
2023-2024 оқу жылына арналған әлеуметтік педагогтің жоспарын талдау, бекіту | 31.08.2023ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Жоспар | ||
Әлеуметтік мәртебесіне байланысты оқушылармен жұмыс жоспарын құру, жұмыс бумасын жүргізу | 01.09.2023ж. | Әлеуметтік педагог | Жоспар | ||
Әлеуметтік педагогтың іс- қағаздары және нормативтік құқықтық актілермен жұмыс | 31.08.2023ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Мектептің әлеуметтік паспортын құру | 29.08-06.09.2023ж. | Әлеуметтік педагог | Паспорт | ||
Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жинау | 29.08-09.09.2023ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған, АӘК алатын, сәтсіз отбасынан шыққан, қиын жағдайдағы оқушылар) оқулықпен қамтамасыз ету | 15.08-15.09.2023ж. | Әлеуметтік педагог Кітапханашы | Мәлімет | ||
Мектеп асханасынан ЖББҚ тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыларды анықтау және тізімін жасау | 29.08.-10.09.2023ж. | МДОІЖО Әлеуметтік педагог | Тізім | ||
Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын және картотекасын жасау | 10.09.-20.09.2023ж. | Әлеуметтік педагог | Тізім | ||
Жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды анықтау, тізімін бекіту және журналға тіркеу | 29.08-06.09.2023ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||
Әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан
| 29.08-06.09.2023ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||
Білім бөлімінің бас мамандарына тізімдерді тапсыру | 06.09.-15.09.2023ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жеке іс-қағаздарын реттеу, оқушылардың жеке қызығушылығын бақылау, есепке алу журналы жүргізу | 27.08.2023-30.07.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды бақылау журналын жүргізу, сынып жетекші, мектеп әкімшілігі және психолог бақылауында ұстау | 01.09.2023-25.05.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Бақылау күнделігі, мінездеме, кеңес беру журналы | ||
«29 қазан – Қамқоршылар күні» іс-шара ұйымдастыру | 26.10.-31.10.2023ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Сынып жетекшілермен бірлесе әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға «Қайырымдылық» акцияларын, «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру, бірлескен іс-шаралар жүргізу | 01.09.2023-25.05.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік тұрмыс үй жағдайымен танысу, үй-тұрмыс актісін жүргізу | 02.12.-30.12.2023ж. 01.06.-20.06.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет АКТ | ||
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға және қиын және құқықбұзуға бейім оқушылардың отбасымен және тұрғын жайымен танысуға акт жүргізу | 01.09.2023-25.05.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға «Адамдарға қуаныш сыйла», «Қайырымдылық – жүректен!» акцияларды ұйымдастыру | 01.09.2023-25.05.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үй-мүлкінің сақталуын қадағалау | 01.09.2023-25.05.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||
«Адамдарға қуаныш сыйла» қайырымдылық айлығын ұйымдастыру | 24.03.-24.04.2024ж. | Әлеуметтік педагог ДТІЖО | Жинақ бумасы | ||
«Кербұлақ жұлдызы» газетіне мақала шығару | 30.12.2023 ж. | Әлеуметтік педагог | Мақала | ||
Мектепте атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде, қажет болған жағдайда БАҚ мақала, пост жариялау | 01.09.2023-25.05.2024ж. | Әлеуметтік педагог | Жарияланым | ||
II. Балалық құқығын қорғау жұмысы | |||||
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2022, 2023 жылға арналған кешенді жоспарының орындалу жұмыстарын ұйымдастыру | 01.09.2023-25.05.2024ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
«Бала қорғау бұрышын» ұйымдастыру, бала құқығын қорғау бойынша стендтерге хабарламалар ілу, оқушылар арасында «Бала құқығы – адам құқығы» атты плакаттар көрмесін ұйымдастыру | 03.10-14.10.2023ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Қазастан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2022 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы мектеп сайтында жариялау | 01.09.2023-25.05.2024ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс | |||||
АІІБ ЮПТ есебін, сәтсіз, мектепішілік есепте, қауіпті топтағы оқушыларды анықтап және әлеуметтік жұмыстармен тұрғын үй тұрмыс актісін жасау | 02.12.-30.12.2023ж. 01.06.-20.06.2024ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Құқық бұзушылықтың, қаңғыбастық пен тіленшіліктің алдын алу, ата-ананың қамқорынсыз қалғандарды анықтау, түнгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілдерісіз жүрген балаларды анықтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар | 01.09.2023-25.05.2024ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды анықтау бойынша «Кеш», «Жасөспірім», «Түнгі қала» т.б рейд жұмыстарын жүргізу | 01.09.2023-25.05.2024ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру | 01.09.2023-25.05.2024ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Сәтсіз, мектепішілік, ЮПТБ есебінде тұрған оқушылармен жұмыс жүргізу | 01.09.2023-25.05.2024ж | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
7-8 сынып оқушыларының әлеуметтік қызығушылығын анықтауға әлеуметтік диагностика жұмыстарын жүргізу | 10-14.02.2024ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы | |||||
Оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу және кеңестер беру | 01.09.2023-25.05.2024ж | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||
Әлеуметтік-медициналық санатындағы оқушыларды анықтау, тізімін бекіту | Әр айдың 25 күні | ||||
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасында қиын жағдай орнаған оқушылардың ата-аналарына, оқушыға және қиын оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу | 01.09.2023-25.05.2024ж | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||
Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару | 01.09.2023-25.05.2024ж | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||
«Мектеп-отбасы-бала» мониторингін құру | 27.12.2022ж. 15.05.2023ж. | Әлеуметтік педагог Психолог | Мониторинг | ||
Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен әлеуметтік педагогикалық және психологиялық жұмыстар жүргізу | 01.09.2023-25.05.2024ж | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||
Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, отбасынан шыққан оқушыларды қала сыртындағы және мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне қамтылуын қадағалау | Маусым Шілде Тамыз | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Жалпыға бірдей білім қоры есебінен ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында мектеп оқушыларын түсіндірме жұмыстарын жүргізу | 10.09.2023ж. 25.01.2024ж. | Әлеуметтік педагог Медбике | Мәлімет | ||
Жалпыға бірдей білім беру қорынан берілетін түрлі әлеуметтік көмекті оқушыларға бөлу, тарату жұмыстарын ұйымдастыру, есебін аудандық білім бөліміне өткізу | 27.12.2023ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
«Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша қорытынды жасау және есебін өткізу | Ай сайын | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс | |||||
Әлеуметтік қамқорлықтағы балалардың тұрғын-жайын зерттеу актілерін жүргізу | 01.09.2023-25.05.2024ж | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||
Ата-аналар жиналыстарына қатысу | 01.09.2023-25.05.2024ж | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау | 01.09.2023-25.05.2024ж | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Жаңа жылдық шыршаға әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды қатыстыру, сыйлықпен қамтамасыз ету | 20-30.12.2023ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Ата-аналар жиналыстарында насихат жұмыстарын жүргізу, есірткі, алкоголизм, токсикомания, шылым шегу т.б зиянды әдеттердің алдын алу мәселелерін талқылау | 25.03.2024ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және балалар құқығын қорғау жөнінде құқық органдары қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру | Жоспар бойынша | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Ата-аналарға әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру | 01.09.2023-25.05.2024ж | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||
VI. Диагностикалау-талдау қызметі | |||||
5-6 сынып оқушыларының әлеуметтік қызығушылығын анықтауға әлеуметтік диагностика жұмыстарын жүргізу | 06-10.12.2023ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілерінің материал жинауына көмек көрсету | Тамыз Қаңтар | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
«Мамандық және мен» тренингін ұйымдастыру | 20.10.2023ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
«Конфликтіге жиі түсесіз бе?» семинар-тренингі | 15.02.2024ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
«Сыныптағы қарым-қатынас» әлеуметтік семинар | 12.04 2024ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
«Мектептеегі оқу-тәрбие үдерісі» әлеуметтік сауалнамасы | 25.05.2023ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
«Мектептегі ыстық тамақ және буфеттік тамақтану» сауалнамасын жүргізу | 10.09.2023ж. 25.01.2024ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» семинары | 10.09.2023ж. 25.01.2024ж. | Әлеуметтік педагог Мектеп медбикесі | Мәлімет |