Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы Анықтама » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Kerbulak district бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72840) 32-5-36
bookkeeping:
+7(72840) 32-5-36
Version for
visually impaired
» » » Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы Анықтама
25
May
2024

Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы Анықтама

Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы


Анықтама

  №49 орта мектепте 2023-2024 оқу жылының басында оқущылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылып,ыстық тамақ берілетін оқушыларының тізімі бекітілді.

   №49 орта мектеп бойынша 2023-2024 оқу жылының IV тоқсанында 1-4 сынып оқушылары және жалпыға бірдей білім беру қорынан 125 оқушы бір уақыт ыстық тамақпен қамтылып отыр. Нақталай айта кететін болсақ,

1- аусымның 1- кезеңі 09:35-те 1,8 сыныптар, 88 оқушы

1-аусымның   2-кезеңі 10:25-те  4,9 сыныптар, 95 оқушы

2-аусымның 1-кезеңі 14:20-да   3 сыныптар, 101 оқушы

2-аусымның 2- кезеңі 15:05-те  2 сыныптар, 88 оқушы

2-аусымның 3-кезеңі 15:55-те 5,6,7 сыныптар, 59 оқушы

Оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру перспективалық мәзірге (қыс-көктем, жаз-күз) сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық мәзірге сәйкес күнделікті мәзір құрылып, мектеп директорымен бекітіледі.Оқушылардың уақытылы тамақтанып, сабақтарына үлгеруі үшін тамақтану кестесі және тамақтану барысында тәртіп сақтауы үшін әкімшілік тарапынан және сынып жетекшілер тарапынан кезекшілік құрылған.

        Оқушылардың қол жуатын жері ұйымдастырылған. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киімі санитарлық талапқа сай. Мектеп асханасы жұмысының ұйымдастырылуын тексеру барысында асхана мен ас блогына күнделікті ас мәзірі бойынша дайындалған тағамдар мен ұсынылатын өнімдер сертификаттарының сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Сақтау шарттары мен мерзімдері жәнежеке гигиенаны бақылау және қажетті тексерулерден уақтылы өті;

Білім алушылардың тамақтануы пісіру, буға пісіру сияқты тағамдарды дайындаудың белгілі бір тәсілдерін пайдалануды көздейтін жұмсақ тамақтану қағидаттарына сәйкес келеді және тітіркендіргіш қасиеттері бар өнімдерді алып тастайды. Күн сайын тамақтану залында ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың көлемі мен аспаздық өнімдердің атаулары туралы мәліметтер көрсетіледі. Дайын өнімнің сапасына және тамақтандыруды ұйымдастыруға бақылау жүйелі түрде жүргізіледі.



   

Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері асханаға алып барады және кезекші мұғалімдер тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогының санитарлық техникалық жағдайы талаптарға сай. Күн сайын сағат 11:00-де асханада тазалық жұмыстары жүргізіледі және жұма күндері санитарлық күн болады.Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті саитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді.

Қызметкерлер арнайы санитарлық киіммен (халат немесе күртеше, шалбар, бас киім, тайғанаMayтын жеңіл жұмыс аяқ киімі) қамтамасыз етілген. Жұмысқа тиісті кәсіби біліктілігі бар адамдар және белгіленген тәртіппен мерзімді медициналық тексерулер, кәсіби гигиеналық дайындықтар (тырнақ қысқа қиылған, іріңді және тері аурулары жоқ) және аттестациядан өткен адамдар жіберіледі. Балалардың тамақтануында тыйым салынған тағамдар тұтынылMayды. Мектеп асханасына бару оқушылардың тамақтануы кезінде өткізілді және аспазшылармен әңгіме өткізілді.

Комиссияның құрамына мектеп директоры, ата-аналар комитетінің төрайымы, әлеуметтік педагог, медбике, мектеп кәсіподағының төрайымы кіреді. Комиссияның жұмысы Бракераждық комиссия туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады, жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істейді.

 

Әлеуметтік педагог                            Ә.Сман

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив