Өзін-өзі басқару күні өткізілді » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Kerbulak district бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72840) 32-5-36
bookkeeping:
+7(72840) 32-5-36
Version for
visually impaired
» » Өзін-өзі басқару күні өткізілді
30
September
2022

Өзін-өзі басқару күні өткізілді

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай ұйымдастырылып, өткізілген «Өзін-өзі басқару» күнінің өткізілді
 
   30.09.2022 күні жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру және өзін-өзі басқаруға дағдыландыру мақсатында «Өзін-өзі басқару күні» өткізілді. Мектеп парламенті мүшелері және 11 сынып белсенділерімен бірлесе ұстаз-ұйымдастырушы А. Жинбаевтың жетекшілігімен «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында  ұйымдастырылған  іс-шараға сол күнгі өтілетін сабақтар бойынша кесте құрылып, әр пәнге икемділігі бар жоғары сынып білім алушылары тағайындалып бұйрық шығарылды. 7-9 сынып аралығында 10-11 сынып оқушылары сабақ өткізді. Әр пән мұғалімі өзі өз кестесі бойынша сабақ өткізген оқушыға тәлімгер ретінде өткізілетін сабақтарының тақырыбымен таныстырып дайындаған болатын. 1-4 сынып аралығында Сарыөзек орта мектебіндегі білім алушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты 9 сынып белсенділері мен оқу озаттары сабақ өткізді. 11 сынып оқушыларынан мектеп әкімшілігі орнына тағайындалған білім алушылар өз міндеттерін өте жоғары дәрежеде орындай білді. Өздері білім алатын 11 сынып бөлмесін  мұғалімдер бөлмесі етіп, сабақ аралық бос уақыттарда келесі сабақтарына дайындалды.  
 Жалпы оқушылар өздері таңдаған пәндер бойынша жақсы дайындалған. Өз міндеттерін жақсы орындай білді. Болашақта жақсы маман иесі болатындықтарын өздерінің жауапкершіліктерімен, ұстамдылықтарымен көрсетті. 
«Өзін-өзі басқару күні» аяқталған соң оқушыларға шағын би кеші ұйымдастырылды.  03.10.2022 күнгі мектепішілік лездемеде аталған іс-шараға белсене қатысқаны үшін 11 сынып оқушылары Бейсенбек Айбек, Өмірзақ Ердос, Теберек Еламан, Жайнақ Гаухар, Ысқақ Жансая, Ержанқызы Жансая, 9 сынып оқушылары Болат Дайана сынды оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 
 
Ұстаз-ұйымдастырушы                        А. Жинбаев
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив