Үйден оқыту » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Kerbulak district бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72840) 32-5-36
bookkeeping:
+7(72840) 32-5-36
Version for
visually impaired
10
февраль
2023

Үйден оқыту

Инклюзивті және үйде оқытылатын білім алушылардың оқытылуын тексеру туралы 


Анықтама

Неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екені рас.  Қазіргі кезде мектептерде денсаулығы нашар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Осы балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады:

1. Баланың оқуға дайындығын анықтау

2. Тәрбиесіндегі кемістігін жою

3. Сабақты жүйелі жоспарлау

4. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру

           2022-2023 оқу жылында денсаулығына байланысты 12 бала есепке алынып отыр. 01 қыркүйек күнімен мектепішілік №368 бұйрық шығарылды. Үйден оқитын оқушылармен атқарылатын жылдық жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді.  Жоспарға сәйкес сынып жетекшілер, пән мұғалімдері уақытылы жұмыс жүргізіп, ата-анамен байланыс орнатуда.

       Жылдық жоспарға сәйкес  қазан айында үйден оқыту сапасын анықтау мақсатында үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін   мұғалімдер бақылап, қадағалап өттік.

     Бақылау құжаттары: күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспары, оқушылардың жұмыс дәптерлері. Педагог тарапынан жасалған оқушының психологиялық мінездемесі, электронды журналына қойылған бағалардың дер кезделік сипаты, баланың даму барысын бақылауға арналған күнделігін жүргізілуі қадағаланып тексерілуде. Ұстаздардың жоғарыда аталған құжаттары бар, ретке келтірілген.

Мектеп бойынша 2022-2023 оқу жылында 12 оқушы денсаулығына байланысты үйден оқытылады. Атап айтатын болсам,

Р/с

Оқушының аты-жөні

Сыныбы


1

Амантай Айзере 

3 а

2

Задвинская Ксения

3

Тұрсынғали Айжан

4

Тұрсынғали Нұржан

5

Құдайберген Айбек

6

Хаджиев Микаил

7

Умаров Хусен

8

Есболат Нұрайлым

9

Шерипов Имран

5 б

10

Сабыржанұлы Бауыржан

2 а

11

Сабыржан Бақдаулет

9 ә

12

Хасанов Алинур

2 ә


    Барлық мұғалімдерде мектеп директоры бекіткен күнтізбелік жоспар сабақ кестесіне сәйкес құрылған. Сабақ жоспарлары уақытылы жазылып, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар М.Тұрғанбекованың тексергендігі туралы қол қойылған. Оқушылардың психологиялық даму деңгейіне, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттеріне сәйкес деңгейлік тапсырмалар беріледі. Оқушы бойындағы қабілеттердің   даму деңгейін көрсететін диагностикалық сараптау жүргізіледі. 

    Әр пән мұғалімі оқушының күнделікті сабақ барысындағы көңіл-күйін, баланың динамикалық өсуін  бақылау күнделігін толтыру барысында өте қысқа, әрі қайталанба сөздерді толтырумен шектелген. Алдағы уақытта жүйелі нақты жазылуын, қолға алса.

     10-17 қазан  күндері мектеп директоры К. Кыстаубаева , оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М. Тұрғанбекова мен Р.Жанатбекова үйде оқитын Тұрсынғали Айжан, Тұрсынғали Нұржан, Құдайберген Айбек, Хаджиев Микаил, Умаров Хусен, Есболат Нұрайлымға барды. Осы оқушылардың жұмыс дәптері мен күнделіктері тексерілді. Teachersдің берген тапсырмалары толық дәптерлерге жазылған, бірақ дәптердегі жіберілген қателерге көңіл бөлінсе. Сынып жетекшілері білім алушылардың күнделіктеріне көңіл бөлсе.

     Тексеру барысында осы аталған оқушылардың ата-аналарымен сөйлесу кезінде мұғалімдермен балаларының қарым-қатынасының жақсы екені көрінді. 

    Сонымен қатар, үйден оқитын оқушылардың ата-аналары тарапынан пән мұғалімдеріне айтылған шағымдары кездеспеді. Яғни, үйден оқитын оқушыларға баратын пән мұғалімдерінің сабаққа өз уақытымен барып, уақытылы түрде өткізіп, бұл іске жауапсыз қарамау  керектігі анықталды. 


Шешімге ұсыныстар:           

1.Оқылған анықтамадағы жағдайлар басты назарға алынса.

2. Үйден  оқытылу деңгейі «қанағаттанарлық» деп есептелсе.

3. Сынып жетекшілер оқушылардың күнделіктерін үнемі тексеріліп, дәптерлеріндегі орындалған тапсырмаларға назар аударса.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Тұрғанбековаға жүктелсе.



   Анықтама жазушы    

   директордың оқу-тәрбие ісі

   жөніндегі орынбасары                                              М. Тұрғанбекова