Best әже - 2019 » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Kerbulak district бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72840) 32-5-36
bookkeeping:
+7(72840) 32-5-36
Version for
visually impaired
06
May
2019

Best әже - 2019

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында мектепте «Best әже - 2019» байқауы ұйымдастырылды. Байқауда әжелер өзін таныстыру, салт-дәстүрлер көрсету, қол өнері және өз өнерлерін көрсету кезеңдерімен сынға түсті. Ата - баба салт-дәстүрін жалғастырып келе жатқан өнегелі ұстаздарымыз өзінің еңбек жолы және отбасымен таныстыра келе, салт – дәстүрімізден көрініс көрсетті. Қатысушы Күлғайша апай жаңа туылған сиырдың сүтінен жасалған уыздың жасалу жолымен таныстырса, сынға түскен Роза апайымыз сырға тағудың, Айман апайымыз қыз ұзату салт-дәстүрінен, Саруар апайымыз тұсау кесу рәсімін көрсетіп, ел болашағы жастарға үлгі-өнеге бола білді.
Елбасының «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген сөздерін қолдай отырып, тәрбиелеп отырған шәкірттерге білім беріп қана қойMay , ұлттық салт-дәстүрмізді сақтайтын, тілімізді құрметтейтін, өнерді бағалай білетін ұрпақ тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Байқау соңында әжелеріміз: Артықбаева Саруар І орын, Тоғайбекова Роза ІІ орын, Қалқанова Айман ІІІ орынға ие болды. Басқа қатысушыларымыз «Дана әже», «Шебер әже» номинацияларын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.