Педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының №6 ХАТТАМАСЫ
«Жетісу облысы білім басқармасының Kerbulak district бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№49 орта мектеп» Education Department of Kerbulak district
Педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының
№6 ХАТТАМАСЫ
«07» 12. 2023 жыл Сарыөзек ауылы
Педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия құрамында мектепішілік бұйрыққа сәйкес 5 адам
- Комиссия төрайымы:М. Тұрғанбекова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- Комиссия мүшесі:А: Толебаева – кәсіподақ ұйымының төрағасы
- Комиссия мүшесі:К. Жунусова – пән мұғалімі
- Комиссия мүшесі: Р.Жанатбекова - мектеп директорының орынбасары
- Комиссия мүшесі: Нұржаубекова А.– аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;
- Хатшы: Л. Донбаева – директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Күн тәртібі:
«Жетісу облысы білім басқармасының Kerbulak district бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№49 орта мектеп» Education Department of Kerbulak district бойынша бос тұрған лауазымдарға педагог лауазымына қабылдау үшін қонкурсқа қатысушылардың лауазымдық міндеттер мен талаптарға сәйкестігін бағалау туралы:
1.Математика пәні – 16 сағат орыс сыныбы бос лауазымына орналасуға өтініш білдірген үміткерлердің құжаттарын қарау;
2.Математика пәні – 16 сағат қазақ сыныбы бос лауазымына орналасуға өтініш білдірген үміткерлердің құжаттарын қарау;
3. Бастауыш сынып мұғалімі -1 бірлік бос лауазымына орналасуға өтініш білдірген үміткерлердің құжаттарын қарау;
Тыңдалды: Л. Донбаева – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, комиссия хатшысы
Өз сөзінде комиссия мүшелеріне әр сұрақ бойынша бос жұмыс орындарына конкурстық іріктеуге түскен өтініштерді жеке-жеке ұсынатындығын және әрбір үміткер бойынша конкурстық талаптарға сәйкес ұпай сандарын есептеп шығу керек екендіктерін айтты. Конкурстық комиссия шешімі дауыс беру негізінде қабылданатындығын ескертті.
1.Математика пәні – 16 сағат
2.Математика пәні – 16 сағат
3. Бастауыш сынып мұғалімі -1 бірлік
Еңбек кз сайтына үміткерлерден бастауыш сынып мұғалімі -1 бірлік бос лауазымына 1 үміткер бар, отырысқа келген кандаттарды қабылдауды ұсынды. Сонымен қатар, матемтика пәнінен үміткерлер болған жоқ.
Қаралды: 1 сұрақ бойынша «Бастауыш сынып мұғалімі» (1 бірлік) бос лауазымына орналасуға өтініш білдірген үміткерлердің құжаттары.
Л. Донбаева – директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, комиссия хатшысы.
«бастауыш сынып мұғалімі» (1 бірлік) бос лауазымына орналасуға өтініш берген үміткерлер:
1.Жұманова Динара Касенқызы
Білімі – Жоғары.
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі,
Еңбек өтілі – 6 жыл
Санаты – педагог-модератор
Сөйледі:А. Толебаева –комиссия мүшесі.
« бастауыш сынып мұғалімі» (1 бірлік) бос лауазымына орналасуға өтініш берген үміткердің құжаттары қаралды. Үміткердің бағалау парағына есептегені 7 балл деген, біздің санауымызда 7 балл.
Шешім:
1. Жұманова Динара Касенқызы - педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының шешімі негізінде конкурстан өтті деп есептелінсін.
2. Математика пәні бойынша үміткер болмағандықтан Еңбек kz порталына қайта жариялансын.
Комиссия төрайымы: _______________ М. Тұрғанбекова
Комиссия мүшелері: _______________ А. Толебаева
_______________ Р. Жанатбекова
_______________ А. Нуржаубекова
_______________ К. Жунусова
Комиссия хатшысы: _______________ Л. Донбаева
Конкурс шешімімен келіспеген жағдайда кандидат 10 (он) жұмыс күн ішінде шағым келтіруге құқылы