19
май
2023
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының атқарған жұмыстары бойынша Анықтама
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының атқарған
жұмыстары бойынша
Анықтама
Мектептегі құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы кеңінен түсіндіру мақсатында қыркүйек айында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды. Ұйым қатарына мектеп бойынша белсенді оқушылар таңдалып алынды. Ұйым құрамында 9 сынып оқушылары Айдар Ботагөз, Бекзатқызы Назым, Тұрсын Алуа, Оралбек Аружан, Нұрғалиқызы Жаннұрым, Мұқан Диас. Оқушылармен ұйым ережелері, мақсат, міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыс жоспары құрылды.
Құрылған жылдық жоспар негізінде қыркүйек айының 19-23 күндері аралығында оқушыларға сыбайлас жемқорлық бойынша түсінік қалыптастырып, бойында адамгершілік қасиеттерді дамыту мақсатында «Жемқорлыққа жол» тақырыбында видеороликтер байқауы 8-10 сынып оқушышалыр арасында өткізілді. Ұйым мүшелерінің қадағалауымен өткен бұл байқауға барлық сынып қатысып, жемқорлық туралы түсініктерін 5-6 минуттық бейнероликке сиғызып, өздерінің көзқарастарын білдіріп, жасөспірімдерге үгіт-насихат жұмыстарын жаңа форматта жүргізе білді. Байқауға қатысқан сыныптар арасынан барынша талаптарды сақтап, уақытты тиімді пайдаланып, жұмысы ерекше көзге түскен сыныптар апталық лездемеде мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қазан айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой пікір» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары арасында эссе байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты оқушыларды жемқорлықтың адамзатқа тигізер зардабы жөнінде жеке тұлға ретінде пікірін білу. Эссе жазған оқушылар өз ойларын ақ қағазға түсіріп, бұл індетпен қалай күресу қажет екендігі жөнінде түрлі көзқарастар білдірген. Оқушылардың жалпы сыбайлас жемқорлық туралы түсінігі бір және оның адамзатқа зиянды екенін жете түсінеді.
Мектебіміздің «Адал ұрпақ» клубы Шоқан ауылында өткен аудандық байқауға қатысты. Байқау: «Таныстыру», «Үгіт-насихат жұмысы», «Жемқорлықпен қалай күресеміз» тақырыбында жоба қорғау кезеңдері бойынша мектеп клубтарымен сайысқа түсті. Оқушылар әр кезең бойынша өздерін жақсы жағынан көрсетіп, аудандық 34 мектеп арасынан 2 орынға ие болды.
Қараша айында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбына сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5-9 сынып оқушылары қатысты.
Желтоқсан айында жасөспірімді далдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында мектеп акт залында 9-11 сынып оқушыларының қатысумен іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Бекзатқызы Назым аталған тақырып негізінде баяндама оқып, клуб мүшелері «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты театрландырылған көрініс көрсетті.
Оқушылар а-4 форматтағы қағаз бетіне «адалдық, еңбек, жемқорлық» туралы түсініктерді негізге ала отырып, өз жұмыстарын ұсынды. Оқушылардың жұмыстары толықтай мектептің инстаграм парақшасына мен сайтына жарияланды. Үздік шыққан жұмыстар мақтау қағазымен марапатталды.
Ақпан айында, 5-8 сыныптарда «Адалдық сағаты» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Бүгінгі күнге дейін «Адал ұрпақ» ерікті клубы 2022-2023 оқу жылына арналып құрылған жоспарғай сай өз жұмысын атқарып келеді.
Ұсыныс: 1. Оқылған анықтама назарға алынса
2. Клуб жұмысы жандандырылса