05
сентябрь
2022
Ұлдар кеңесі мүшелерін тағайындау
- Ұлдар кеңесіне тағайындалған оқушылар таныстырылды. Ұстаз-ұйымдастырушы А. Жинбаев өз сөзінде биылғы оқу жылына тағайындалған ұйым мүшелерін атап өтті. Атап айтқанда: Теберек Еламан – 11 ә, Тұрлықожа Ерасыл – 11 а, Бейсенбеков Айбек – 11 ә, Болат Диас – 10 а, Есемұрат Бақтияр – 10 ә, Өмірзақ Ердос – 10 а. Аталған оқушылардан құралған ұлдар кеңесін басқаратын дене шынықтыру пәні мұғалімі Б. Сатылов.
- Оқушыларға тәртіп, киім үлгісі, жеке бас гигиенасы туралы айтылды. Ұлдарға кеңес жетекшісі Б. Сатылов сөз алып, мектепішілік тәртіпті сақтау, киім үлгісі, жеке бас гигиенасы туралы ескертіп өтті.