1 Тоқсан бойынша корытынды » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 Тоқсан бойынша корытынды
10
февраль
2023

1 Тоқсан бойынша корытынды

Оқу-тәрбие жұмыстарының  І тоқсан   қорытындысы  және алдағы міндеттер туралы


Анықтама

    І-ші тоқсан басында 902  оқушы,   соңында 890 оқушы болды. Оның ішінде келген оқушылар саны – 13,  кеткені – 25 оқушы.



Оқушы саны тоқсан басында

Келгені

Кеткені

Оқушы саны тоқсан аяғында

Білім сапасы

Оқу озаттары

Оқу екпінділері

1-4

385

6

18

373

59,9

31

138

5-9

410

7

6

411

59,3

24

220

10-11

107

0

1

106

63,2

14

53

1-11

902

13

25

890

60,8

69

411


4  сыныптар бойынша оқушы саны – 90, оның ішінде оқу озаттары – 11, оқу екпінділері – 44 оқушы. білім сапасы – 61,1 %.

9 сыныптар бойынша оқушы саны -  96, оқу озаты –  8, оқу екпінділері –49, 

білім сапасы –   59,3 %.

11 сыныптар бойынша оқушы саны -  56, оқу озаты - 4, оқу екпінділері – 29, 

білім сапасы –  58,9 %.

Мектеп бойынша ең жоғарғы білім сапасын көрсетіп отырған сыныптар:

2ә сыныбы білім сапасы – 66,6 пайыз,    сынып жетекшісі Н. Құнанбаева

4 ә сыныбы  білім сапасы –  66 пайыз, сынып жетекшісі   Р. Кашаганова

6 в сыныбы білім сапасы – 70 пайыз, сынып жетекшісі Н. Касенова 

8 а сыныбы білім сапасы –  67 пайыз, сынып жетекшісі   Ғ. Дүйсебекова

Мектеп бойынша төмен көрсеткішті көрсетіп отырған сыныптар:

11 б сыныбы   білім сапасы – 44  пайыз, сынып жетекшісі  А. Мухамадива 

8 в сыныбы білім сапасы – 52 пайыз, сынып жетекшісі  Р. Алсай

2 б сыныбы білім сапасы – 52 пайыз, сынып жетекшісі  Көкенова А

2 в сыныбы білім сапасы – 52,3 пайыз, сынып жетекшісі Майбасова Э

Былтырғы оқу жылындағы 4-сыныптармен биылғы 2022-2023 оқу жылындағы 5-сыныптардың   білім сапасын салыстыратын болсам, 4а сыныбы 70 пайыз білім сапасын берсе, биылғы 5а сыныбы 65 пайыз білім сапасын беріп отыр, 4ә сыныбы 65 пайыз, 5ә сыныбы 63,1 пайыз, 2021-2022 оқу жылында 4б сыныбы 65 пайыз, биылғы 5 б сыныбы 60 пайыз, 4 в сыныбы 62 пайыз, 5 в сыныбы 60 пайыз білім сапасын беріп отыр. Айырмашылықтары: 5а сыныбы -5 пайызға, 5ә сыныбы -2 пайызға, 5б сыныбы -2 пайызға, 5 в сыныбы -2 пайызға айқындалып отыр. Бұл жерде сынып жетекшінің ықпалы көп әсер етеді. Себебі сынып жетекші оқушылардың білім сапасын анықтау мақсатында пән мұғалімдерінің сабағына қатысып, сабақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасап, әр оқушының деңгейін үнемі бақылауда ұстап отыру  қажет екендігін айтқым келеді.

       І-ші тоқсан қорытындысы бойынша 2-11 сыныптардан тоқсандық жиынтық бағалау алынып, қорытындысы шығарылды. 

                                        Бастауыш сынып бойынша:


Р/с

Пәні

Білім сапасы


Бірлестік жетекшісі






1






Қазақ сыныптары

2021-2022ж

2022-2023 ж

1 тоқсан



айырмасы








Г. Кабылбаева

45%

60,1%

+15,1


2

Орыс сыныптары

47,3%

59,3%

+5,5

М. Мусагулова


жалпы

45,5

59,9

+14,4





Жалпы пәндер бойынша  білім сапа көрсеткіші бойынша


                      Пәні 

Білім сапасы

Бірлестік жетекшісі

 4 т

1 т

айырмасы

1

Қазақ тілі (қазақ сыныптарында)

61%

61%

0

А. Төлебаева

2

Қазақ тілі (орыс     сыныптарында)

57%

57%

0

3

Қазақ әдебиеті 

64%

61,4%

-2,6

4

Орыс тілі (қазақ сыныптарында)

65%

61,6%

-3,4

А.Джекежанова

5

Орыс тілі (орыс     сыныптарында)

68%

55,8%

-12,2

6

Орыс әдебиеті (орыс     сыныптарында)

64%

55,8%

-8,2


7

Ағылшын тілі 

61,2%

61,2%

0

Қ. Жунусова

8

Геометрия 

62%

57,3%

-4,7

А. Тулемисова

9

Алгебра

62%

59,9%

-4,1

10

Физика 

60%

56%

-4

11

География 

65% 

63%

-2

Т.Нуртазина

12

Казақстан тарихы 

63%

61%

-2

13

Дүниежүзі тарихы

63%

62%

-1


14

Биология 

67,3%

60%

-7,3

А. Мухамадиева

15

Химия 

66,2%

58%

-8,2



Мектеп бойынша осы тоқсанда 60,08 % білім сапасын көрсеттік. 2-11 сыныптар бойынша 60% төмен білім сапасын көрсеткен жекелеген пәндерді алатын болсам, орыс тілінен орыс сыныптарында 59 %, математика пәні жалпы сыныптарда 59,9 %, геометрия пәні жалпы сыныптарда 57,3 %, физика пәні жалпы 56 % білім сапасын, химия пәні  58 % , білім сапасын беріп отыр.  Жоғарыда аты аталған пәндер жетекшілері және пән мұғалімдері, ІІ тоқсанда  бірлестік жетекшілері пән бойынша білім сапасын көтеру мақсатында төмендегідей жұмыстар жасауды қолға алу қажет:

1. Пән мұғалімдері өз білімдерін көтерсе.

2. Тәжірибе алмасу мақсатында білім сапасы жоғары пәндерге өзара сабаққа қатысса.

3. Сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында   

    тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланса.

 Қәзіргі таңда  білім саласы жан-жақты даму сатысында болғандықтан  пән мұғалімдері дәстүрлі сабақтан 100 пайыз жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіміз керек. Пән мұғалімдері курстан өтті, енді курстан алған білімдеріңізді күнделікті сабақта іске асырып отыруларыңыз сұралады. Мысалы, ҚМЖ-ны жазасыздар, бірақ сабақ жоспары мен сабақтың өту барысы сәйкес келе бермейді. Оқу мақсаты мен сабақ мақсаты дұрыс құрылмайды. Кітаптан басқа ресурс сабақта қолданылмайды, оқушы тыңдаушының рөлін атқарады, сабақ мақсаты дұрыс құрылмағандықтан, әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланбағандықтан оқушының пәнге деген қызығушылығы  болмаса білім сапасын қалай көтереміз?! Осыдан шығатын қорытынды әр пән мұғалімі және сынып жетекшілер өз ісімізге жауапкершілікпен қарап, өзімізге жүктелген міндетімізді толық дұрыс атқарып, оқушыларға сапалы білім беру арқылы білім сапасын көтеру мақсатында жүйелі жұмыс жасасақ.

Әр тоқсанның қорытындысы бойынша  бірлестік жетекшілері пән бойынша білім сапасының  мониторингісі  мен диаграммасын шығарып өткізді. Осы орайда ескерте кетсем білім сапасын өткізу кезінде МО жетекшілері салғырттық танытты. Мысалы, 

1.Физика пәнінен 8 орыс сыныбында бала саны 21, бірақ білім сапасын өткізетін кезде 22 оқушы деп берген. 

2.4 қазақ сыныбында бала саны 63 , бірақ есепке 60 оқушы беріп отыр.

3.Ағылшын тілі пәнінен 7-ші қазақ сыныптарында бала саны 65, бірақ білім сапасын өткізген кезде 64 оқушыны беріп отыр. 

4.  Геометрия пәні бойынша 8-ші қазақ сыныбында 69 оқушы, білім сапасына 59 оқушыны беріп отыр. Сонда 10 оқушы қайда?

 Алдағы уақытта жоғарыдағыдай кемшіліктер қайталанбауын МО жетекшілері қатаң түрде қолға алуларыңыз сұралады.

Сынып жетекшілері   тоқсан бойынша келген-кеткен оқушылар жайында есеп, әр пән бойынша пән мұғалімдері өткізілген сабақтар және атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есептерін , жинақ папкаларын көрсетті. 

Сонымен қатар, мектебімізде үлгерімі төмен және пән бойынша олқылығы төмен білім алушылармен де жұмыс түрлері жүргізілуде. Әр пән мұғалімдерінің жұмыс жоспары жасалған, тапсырмалар қоры жинақталған. Осы тапсырмаларды орындау барысындағы   оқушылардың дәптерлері мен тапсырмаларды орындау деңгейі бақылауға алынып, тексеріліп отырады. Сынып жетекшілері ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пән мұғалімдері қосымша сабақтар өткізуде. Сондай-ақ, пән мұғалімдері осы оқушылармен жұмысты бұдан әрі күшейтіп, белгілі нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді   қолдана білу керек.       

Мектебімізде І тоқсан бойынша 12 оқушы денсаулығына байланысты үйден оқытылады.  Пән мұғалімдері оқушыларға уақытылы барып, ретімен сабақтары өтілді. Пән мұғалімдерінің үйден оқыту құжаттары тексеріліп отырды. Мектеп әкімшілігі де үйден оқитын оқушылардың үйлерін аралап, тексеріп отырды. 

Тоқсан қорытындысы бойынша үйден оқитын оқушылардың құжаттары тексерілді. Тексеруге құжаттарын төмендегі мұғалімдер өткізбеді:

  • Ж. Ақылбек, Б. Малдыбаева және Г. Исабекова (ақпараттарын өткізді, бірақ жинақ папкасын көрсетпеді), А. Торгаутова, Н. Ашимова, А. Бектемисова, А. Сман, Ж. Кожахан, З. Азимбай (курста болды), А. Мырзашева ( атқарылған жұмыс бойынша ақпарат өткізді, жинақ папкасын көрсетпеді), Р. Алсай (курста болды) .   

 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 23 қазанындағы №536 бұйрығы негізінде «Күнделік.кз» электронды журнал жүйесі енгізілген еді. Осы бұйрық негізінде көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 1-тоқсан қорытындысы бойынша «Күнделік.кз» электронды журналын тексергенде  төмендегідей кемшіліктер анықталды.

Тексеру кезінде пән мұғалімдері уақытылы толтыру жұмысын жүргізбейтіні байқалды. Ол бойынша   ӘБ  жетекшілерне ескертіліп, және де мектепішілік бұйрық қыркүйек айынды шығарылып 100 пайыз ұжымға таныстырылып, сондай ақ ортақ чатқа күнделікті айтылып отырды. Соған қарамастан, мұғалімдер уақытылы өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарамады. Олар: 

1.Күнтізбелік –тақырыптық жоспары   енгізіліп, бірақ жарияламаған   ұстаздар тізімі төмендегідей

Мұғалім

тақырып толтыру

Абдрахманова Н. Б.

64

Артықбаева С. А.

95,45




2. 1 тоқсан қорытындысы бойынша 100 пайыз сабақ өтілді деп баспаған ұстаздар тізімі

Мұғалім

Журнал жүргізу, %

Абдрахманова Н. Б.

60

Артықбаева С. А.

94,32

Асылхан Д. С.

89,66

Ашимов С. С.

85,29

Бекбосынова Ж. А.

97,24

Койшибекова К. А.

98,11

Копбаева А. М.

93,02

Мукажанов М. Т.

98,96

Мусабаева С. Б.

88,89

Мырзашева А. А.

98,39

Сейдахметова А. Е.

99,41

Талдыбаева Н. Д.

82,14

Танирбергенов Б. Н.

95,38

Торгаутова А. Т.

99,48















Алдағы уақытта күнделік.кз жүйесін тексеру барысында акт жазылып, кемшіліктерін көрсету керек, кемшіліктер көрсетіліп, актіде журнал талапқа сай толтырылмаған деп кемшіліктерін нақты дәлелдеп отыру қажет. Әр берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындау керек деп ойлаймын. Бір-біріміздің кемшілігімізді айтып түзелмесек, қашан түзелеміз?! Кемшілікті айтудан қорықпауымыз керек және айтылған кемшілікті дұрыс қабылдауымыз қажет.


Ұсыныс:
 
 

  1. Оқылған анықтамадағы жағдайлар басты назарға алынса.
  2. Білім сапасы төмен сыныптармен білім сапасын көтеруге  бағытталған жұмыстар жүргізілсе.
  3. І тоқсан  қорытындысы бойынша төмен көрсеткіш көрсетіп 

     отырған сыныптар барлық пәндер бойынша мектепішілік бақылауға     

     алынса.

  1. «Күнделік.кз» электронды журналын толтыруда төмен пайыз беріп отырған пән мұғалімдері: Абдрахманова Н. Б, Асылхан Д. С, Ашимов С. С, Бекбосынова Ж. А., Копбаева А. М, Мукажанов М. Т, Мусабаева С. Б, Мырзашева А. А, Сейдахметова А. Е, Танирбергенов Б. Н, Торгаутова А. атты ұстаздарға электронды журналды уақытылы жүргізбегендері үшін тәртіптік шара қолданылсын.
  2.  Ж. Ақылбек, Б. Малдыбаева,  Г. Исабекова , А. Торгаутова, Н. Ашимова, А. Бектемисова, А. Сман, Ж. Кожахан, А. Мырзашева атты ұстаздарға үйден оқыту бойынша жұмыстарын уақытылы көрсете алмағандықтары үшін тәртіптік шара қолданылсын.


Дайындаған директордың оқу- тәрбие ісі                      

жөніндегі орынбасары                                                        М. Тұрғанбекова