ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫНАН ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША БРАКЕРАЖ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕКСЕРІСІ
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы
«№49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫНАН ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ОТЫРЫСЫНЫҢ
№2 ХАТТАМАСЫ
Күні: 10.10.2024ж.
Қатысқандар:
Мектеп директоры – К.Кыстаубаева
Е.Касабеков – әлеуметтік педагог
А.Сүттіқожанова – мектеп медбикесі
А.Толебаева – кәсіподақ ұйымының төрағасы
Кусаева Улбосын - ата-ана
Қрықбаева Еңлік - ата-ана
Рахымбетова Зарина - ата-ана
Барлығы: 7 адам
Күн тәртібінде:
1. Ыстық тамақтың сапасы мен құндылығын тексеру, ата-ана мен оқушылардың шағымдарын қарау туралы
2. Тегін ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылардың тамақтануын қадағалау қорытындысы туралы
Тыңдалды:
«Ыстық тамақтың сапасы мен құндылығын тексеру, ата-ана мен оқушылардың шағымдарын қарау туралы» күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша сөзді әлеуметтік педагог Е.Касабеков алды.
Ыстық тамақтың сапасы мен құндылығын тексеру мақсатында мектеп мұғалімдері тарапынан кезекшілік кестесі құрылған. Күнделікті кезекші мұғалімдер, мектеп медбикесі, мектеп асханасын тексереді және төмендегі міндеттерді атқарады:
- Асханада санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалау;
ü Тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушыларды түгендеу;
ü Тамақ сапасын бақылау;
- Кезекшілік соңында әлеуметтік педагогқа анықтама өткізу.
Тексеру нәтижесінде комиссия мүшелері асханада келесі жұмыстарды тексеріп, бақылады. Тексеріс асхана залының жалпы тазалығын және оқушылардың қол жуатын орнын тексерді. Асхананың іші таза. Сонымен қатар, асхананың ішкі бөлігі саналатын көкөніс сақтау, ет-сүт өнімдерін, су, ұн сақтайтын бөлмелер мен тоңазытқыштар түгелдей тексерілді.
Тексеріс барысында анықталды:
- жемістердің сақталуы мен орналысуы талапқа сай емес;
(талап бойынша жемістер жерден 15см жоғары орналасуы қажет)
- ет-сүт өнімдері, көкеніс сақтайтын тоңазытқышта дұрыс орналаспағаны;
(талап бойынша ет өнімдері мен ұн өнімдері, көкеністер бірге сақталмауы қажет)
- тамақтың сапасын бақылау барысында оқушыларға берілген тамақ бекітілген ас мәзірінде көрсетілген мөлшермен сәйкес емес
10.10.2024 ж ас мәзірі бойынша
Ыстық тамақ құрамы:
Тефтели балықпен – 80 гр, гарнир: картоп пюресі – 100 гр, жалпы – 180гр болу керек, тексеріс барысында – 150гр көрсетіп отыр (айырмашылығы – 50гр).
Тефтели балықпен – 80 гр, ал тексеріс барысында – 50 гр көрсетті (айырмашылығы – 30гр).
Сәбіз салаты әр оқушыға – 60 гр (4 оқушыға ортаға беріледі жалпы 240 гр), ал тексеріс барысында -170 гр көрсетті (айырмашылығы – 70гр).
Оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін күнделікті мәзірден сынама 48 сағат уақытқа дейін сақталуы қажет, алайда тексеріс барысында сынама болған жоқ.
Ескеретін жағдай: салат оқушыларға жеке-жеке берілу қажет жеке ыдыстармен қамтамасыз етілуі туралы бұған дейінгі тексеріс барысында ескертілген, бірақ осы уақытта дейін әлі ортақ салынады деп сөзін аяқтады.
Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы мектеп медбикесі бақылап, тексеріп отырды. Оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін мектептің медбикесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, көп балалы отбасыдан шыққан балалардың тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы және мектеп асханасының жұмысы мен күн тәртібін белгілеу және сақтау мақсатында комиссия құрамының жұмыс жоспарына сәйкес АКТ жасалды.
Шешімі:
1. Әлеуметтік педагог Е.Касабековтың «Ыстық тамақтың сапасы мен құндылығын тексеру, ата-ана мен оқушылардың шағымдарын қарау туралы» баяндамасы назарға алынсын.
2. Ыстық тамақтың сапасы мен құндылығын тексеру аптасына бракераждық комиссия жұмысы аптасына 2 рет тексеру жұмыстарын жүргізсін.
3. Тегін ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылардың тамақтануы қатаң бақылауға алынсын.
4. ЖК «Тұрлығазиев Ж» тексеру нәтижесімен таныстырылып, анықталған кемшіліктермен таныстырылсын.
5. Балаларға салат бөлек тарелкаларға салуы жазба түрінде ұсыныс берілсін.
Анықталған кемшіліктер 1 /бір/ апта көлемінде жойылсын.
6. Осы шешімнің орындалуы әлеуметтік педагогқа жүктелсін
- Отырыстың төрайымы К.Кыстаубаева
- Әлеуметтік педагог Е.Касабеков
- Мектеп медбикесі А.Сүттіқожанова
- Кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Толебаева
- Ата-ана У.Кусаева
- Ата-ана Е.Қрықбаева
- Ата-ана З.Рахымбетова