Мектеп парламенті мүшелерінің ант қабылдау рәсімі
Мектеп парламенті Президентін ұлықтау және парламент фракциясы мүшелерінің ант қабылдау салтанатты жиыны Акт залында өткізілді. Жиын басында ҚР Туы кіргізіліп, Гимн орындалды. Салтанатты жиынға Мектеп басшысы К. Кыстаубаева және мектеп әкімшілігі қатысты. Өз ретімен сахнаға ұйым мүшелері шақырылып лента және төсбелгілері тағылды. Мектеп Парламенті топбасшысы, Президент – Болат Дайана, Президент орынбасары – Өмірзақ Ердос «Мәдениет және өнер» фракциясы Айдар Ботагөз, «Дебат қозғалысы» фракциясы - Қабдолова Аружан, «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясы Болат Диас, «Экология және еңбек» фракциясы Назарқұл Аяжан, «Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясы - Абакова Зере, «Құқық және тәртіп» Есемұрат Бақтияр, «Информация» фракциясы Бекзат Назым, «Қамқорлық» фракциясы - Рысқұлбек Жұлдыз. Барлық ұйым мүшелеріне қабылданған оқушылар Ант қабылдады.
11 сыныпқа көшіп, өздерінің ізінбасар сыныпқа орындарын берген 2021-2022 оқу жылындағы ұйым мүшелерінің атынан Бейсенбек Айбек тілек жолдады.
Қазақстанның болашақ патриоттарына құттықтау ретінде 8 сынып оқушысы Кощегулова Аружан «Тәуелсіз қазақтың қызымын» атты әнін жолдады.
Қорытындылай келгенде ҚР Туы шығарылып, салтанатты жиын жабық деп жарияланды.