Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Айналайын жерім менің» тақырыбында ұйымдастырылған топ саяхат
Қазан айының 20 жұлдызында Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Айналайын жерім менің» тақырыбында туған өлкенің тарихи мұраларын тану мақсатында Шоқан Уалиханов мұражайына 7 сынып оқушыларымен топ саяхат ұйымдастырылды. Топсаяхатқа 7 сыныптан 40 оқушы қатысты. Ең алғашқы қадам Шоқан Уалихановтың мазарына табан тіреп, топырақ салудан басталды. Содан, ұлы тұлғаның есімі берілген Шоқан ауылында орналасқан мұражайға экскурсия жасалды. Мұражай қызметкерлері оқушыларға ғалымның өмірбаянын толығымен айтып берді. Сондай-ақ, мұражай ішіндегі тарихи жәдігерлерге тоқталып толық мағлұмат беріп өтті. Мұражайдың кірген бетінде ілінген 250 қойдың жүнінен тоқылған карта бейнесіндегі кілем оқушыларды ерекше таңқалдырмай қоймады.
Топсаяхатқа қатысқан оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бір-бірімен қуана бөлісті.