Ата-аналар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы құқықтық жаппай оқыту бойынша өткізілген жиналыс
Ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі құқықтық жаппай оқыту бойынша 12.09.2019 жылы №49 орта мектебінде 10-11 сынып ата аналары арасында құқықтық жаппай оқыту бойынша жиналыс өтілді. Жиналыстың күн тәртібінде: оқушылар арасындағы қылмыстық құқық – бұзушылықтың алдын алу жолдары, оқу-процессі бойынша, мәліметтер айтылды. Мектеп психологі ата аналарға көп мағлұмат берді.Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он, моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсінік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиіс. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады.Бүгін қоғамның алдында басты міндеттердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы оқушылар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықтың алдын алу бірден-бір жолы - сабақтан тыс ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарында оқушылардың асыл қаситеттерді игеруіне аса зор ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру. Оқушылар үшін өзін-өзі басқару-ол: бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, құқығын және мүддесін қорғау, жаңа бастамаларына қолдау мен дамытудағы көмек және өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.