Химия, биология пәні апталығы
Биология, химия пәні бірлестігінің пән мұғалімдері «Жаратылыстану ғылым әлемінде» тақырыбында онкүндігінде төмендегі тақырыптар қамтылды.
№ | Сабақ тақырыбы | Күні сыныбы | Пән мұғалімдер |
1 | Онкүндіктің ашылуы. Лездеме. Жаратылыстану ғылым әлемінде | 02.05.2023 | А. Мухамадиева, Г. Дүйсебекова |
2 | Ашық сабақ. | 7ә сынып | А. Мырзашева |
3 | Ашық сабақ. «Спирттер мен олардың қасиеттері» | 04.05.2023 9 в сынып | А. Мухамадиева |
4 | Ашық сабақ. «Алкиндер» | 05.05.2023 9 ә сынып | З. Әзімбай |
5 | Сайыс сабақ. «Кім тапқыр?» | 10.05.2023 9 а, ә, б | А. Умбетжанова |
6 | Ашық сабақ. «Қазақстан территориясында кездесетін егістік дақылдар мен houseжауарларының қол тұқымдары » | 11.05.2023 8 а сынып | Г. Дүйсебекова |
7 | «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойын | 05.05.2023 10 а,ә, б. | А. Мухамадиева, Г. Дүйсебекова |
8 | ХХІ ғасыр көшбасшысы | 8 а, ә,б, в | З. Әзімбай |
9 | Қолөнер көрмесі. | 12.05.2023 | А. Умбетжанова., А. Мырзашева |
Онкүндіктің ашылуында оқушылармен лездеме өткізіп, бұйрықпен таныстырды. Сонымен қатар пән мұғалімдері әр түрлі қоспалармен зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Химия пәні мұғалімі А. Мухамадиева 9 сынып оқушыларымен «Спирттер мен олардың қасиеттері» тақырыбындағы ашық сабақта «Графикалық органайзер», «Технологиялық карта» әдістерді тиімді қолданды. Білім алушылармен топтық, жұптық жұмыстар жүргізе отырып, оқу мақсатына жетіп, өтілген тақырыпты меңгерте алды.Оқушылардың сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижелерін түсінгендігін нақтылайды.Тапсырманың орындалу барысын бақылайды. Өзін-өзі, топта, жұпта жұмысты «Қол сағаты» әдісі арқылы бағалатты. Сабақ соңында талданып, кері байланыс жүргізілді.
Химия пәні мұғалімі З. Азимбай «Алкиндер» тақырыбында ашық сабағында мақсатына жетті. Өткен тақырыпқа байланысты тапсырма береді. Оқушылардың іздену жұмыстарын, өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырады. Сабақ барысында әдістерді тиімді қолдана отырып, топтық, жұптық жұмыс жүргізе алды.
«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойын, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойындарын өткізе отырып, білімдерін арттыру сұрақтары қойылды және білімді оқушылар анықталды. Сыныптағы оқушылардың арасындағы сенімді, достықты, сыйластықты қалыптастырды.
Жылдық жоспарда жоспарланған онкүндіктер мен іс-тәжірибе тарату, дарынды оқушылармен жұмыс, жас мамандармен жұмыс толық жүргізілді. Бірақ алдағы уақытта шығармашылық топтың және облыс көлемінде іс-тәжірибе тарту мұмысын жақсарты қажет.