Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы
Жетісу облысы
Кербулакский район
Сарыөзек ауылы
№ 49 орта мектеп коммуналдық мемлекет мекемесі
08.09.2022 ж
Кезектен тыс ата-аналар жиналысының № 1 хаттамасы
Қатысқандар: 412 Ата-ана: 342 Преподаватели: 70
Күн тәртібінде:
1.«Жаңа оқу жылында болатын өзгерістер». « Тасымалдау кезінде, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.»
К. Кыстаубаева
2. «Мектепке жол» акциясы. Оқушылардың дайындығы
А. Жумадилова
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры К. Кыстаубаева өз сөзінде: Жаңа оқу жылында болатын өзгерістер туралы айтып, толық таныстырып, түсінік беріп өтті.Жыл сайын білім саласына қойылатын талап күшейіп, түрлі өзгерістер мен жобалар енгізілуде. Оқу бағдарламасында енгізіліп отырған жобаларды толық қамтуда ұстаздар және оқушылармен қатар, ата-аналар да қамтылуы тиістігін ескеріп өтті. Оқушы үшін де, ата-ана үшін де жауапты іс. Сонымен бірге, ата-ана тарапынан үлкен қолдау мен көмек көрсетілгені дұрыс. Сыныптағы оқушыға айналасындағы жаксы оқитын оқушылар да әсер ете алады, неғұрлым білімге құштарлығы басым оқушылары бар сынып болса, сол сыныптың оқушылары да жоғары көрсеткішке қол жеткізе алады.Сонымен бірге, пән мұғалімі, сынып жетекшісі, ата-ана болып жұмыла жұмыс жасаса өз жемісін берері анық. Ең бастысы, уақытты босқа жібермеген ұстаздың да, оқушының да, ата-ананың да бағы жанары анық. Тек тамаша тәжірибені меңгеріп, үздік ұстаздардың өнегесін үйренуден жалықпағаны жөн деп білемін.Сонымен қатар, оқушылардың білім сапасын арттыруда нәтиженің өсу және кему динамикасы бақыланып , себептері анықталып отыратынын, әрбір пән мұғалімі оқушылармен сабақ және сабақтан тыс уақытта қосымша жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Және де биылғы 2022-2023оқу жылында № 49 орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары өткізіліп жатқанына байланысты, оқушылардың Күреңбел және Сарыөзек орта мектебіне тасымалдау арқылы жеткізілетінін, және аялдамалардың орнымен таныстырып, аталған әр аялдамада, автобус ішінде мектеп ұстаздарынан құралған кезекшілер тұратынын, жалпы осы тасымалдау бойынша ата-аналарды мазалаған сұрақтарға жауап беріп, балалардың жол қауіпсізідігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Екінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы: Ел бойынша дәстүрге айналған республикалық «Мектепке жол» акциясы басталып кетті. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Жаңа оқу жылының жақындауына орай ата-аналар балаларын мектепке жинау үшін қажеттінің бәрін сатып алады. Аудан тұрғандары арасында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін - бұл үлкен мәселе. Осы орайда, көмекке келетін қайырымдылық акциямыздың атқарып жатқан үлесі зор. Жыл сайын ондаған отбасы көмек алуда. Демеушілердің көмек көрсетуі арқасында балалардың барлығы мектепке дайын болады. Барлық қажетті құралдармен қамтылған балалар 1 қыркүйек күніне білім нәрімен сусындауға мектепке дайындық үстінде. Балалардың мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасауына үлес қосқан демеушілер қатарымыз жылдын жылға артуда деп әлеуметтік педагог сөзін, биылғы 2022-2023 оқу жылының тамыз-қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы бойынша жасалған жұмыстар жайлы ата-аналарға есеп берді.
1-тамыздан бастап, № 49 орта мектебінде әлеуметтік көмекке мұқтаж 250 оқушыға, жалпы 2402500 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұл оқушыларға жалпыға бірдей білім беру қорынан, аудандық білім бөлімінен, № 49 орта мектебінің ұстаздары мен ата-аналарының демеушілігімен, және жеке кәсіпкерледің демеушілігімен мектеп формасы, спорттық киімдер және канцелярлық тауарлары толықтай алынып берілді. Мектебіміздің әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларына көмек пен демеушілік көрсеткені үшін Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Батырхан Тұрсынбаевқа, аудандық білім бөліміне, ауылдық округтің бас маманы Бақыткелді Машарбетовқа, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Асхат Бураханов, аудандық тұрғын домкоммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автожолдары және тұрғын доминспекциясы бөлімінің басшысы Абылай Орынтай, № 49 орта мектебінің ата-аналары мен ұстаздары- Толқын Байтоғаева, Амина Калканова, Айнаш Таженоваға және «Ырыс», «Эля», «Планета одежд», «Технодом», «Асар» сауда үйлерінің басшыларына ризашылығымызды білдіреміз. Акцияның жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балалаларға көмек және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады деп өз сөзін аяқтады.
Шешім
1.Жаңа оқу жылында болатын өзгерістер назарға алынсын. Тасымалдау кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналармен бірлесе отырып алдын алу шаралары күшейтілсін
2. «Мектепке жол» акциясы. Оқушылардың дайындық жұмыстары әлі де жалғастырылсын
Төрайымы: К. Кыстаубаева
Хатшы: А. Жумадилова