2024-2025 оқу жылының I тоқсан бойынша оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етуі мен тамақтануын бақылау туралы Анықтама » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024-2025 оқу жылының I тоқсан бойынша оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етуі мен тамақтануын бақылау туралы Анықтама
24
октябрь
2024

2024-2025 оқу жылының I тоқсан бойынша оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етуі мен тамақтануын бақылау туралы Анықтама

2024-2025 оқу жылының I тоқсан бойынша оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етуі мен тамақтануын бақылау  туралы

Анықтама


       №49 орта мектеп коммуналды мемлекеттік мекемесі бойынша 2024-2025 оқу жылының I тоқсаның жалпы саны-859 оқушымен аяқтады. Әлеуметтік топтағы оқушылар: көп балалы оқушылар саны-334, аз қамтылған отбасы балалары-37, жетім-1, ата-ана қамқорлығынсыз қалған-3, толық емес балалар саны-85, кәмелетке толмағандар ісі - жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар-1, мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар - 10, сәтсіз отбасы-2, оның ішінде бала саны -3

      «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен 2024-2025 жылының қыркүйек айында   1 627 200\бір миллион алты жүз жиырма жеті мың екі жүз теңге\, қазан айында 1 383 600 \бір миллион үш жүз сексен үш мың алты жүз теңге бөлінді. Қыркүйек, қазан айларында «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен 131 бала тегін ыстық тамақпен тамақтанды. 

1тоқсан барысында «Аудандық жалпы білім беру беру ұйымдарында ыстық және қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру»  туралы бұйрығын орындау және мектеп оқушыларының физиологиялық дамуына оң ықпал ету мақсатында жеке кәсіпкер Ж.Турлыгазиев  және  мектеп директоры К.Кыстаубаева арасында жасалған келісім шартты іске асыру мақсатында мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы ұйымдастырылған. Мектеп асханасын жалпыға бірдей білім беру қорынан әлеуметтік жағдайы бойынша 131 оқушы, оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 35 болса, 5-10 сынып оқушыларының саны 96 құрайды және 1-4 сынып оқушылары толық 303 оқушы 1 реттік ыстық тамақпен қамтылып отыр. Жұмысшылар медициналық тексерістен өткен. Асханада талапқа сай арнайы киім киіледі. Аспазшының жауапкершілігімен ыстық тамақтың сапалы жасалуы, азық-түліктің мерзімін қадағалау және ас мәзірін күнделікті тексеру мектептің әлеуметтік педагог м.а Ә.Сман мен мектеп медбикесі А.Суттикожановаға жүктелді. Әр сыныпта күнделікті оқушылардың тамақ ішетіндігін растайтын тіркеу журналы жүргізілген. Мұғалімдер тарапынан 1 және 2 ауысымға да кезекшілік қойылған. Оқушылардың уақытылы тамақтанып, сабақтарына үлгеруі үшін тамақтану кестесі және тамақтану барысында тәртіп сақтауы үшін әкімшілік тарапынан және сынып жетекшілер тарапынан кезекшілік құрылған.Биылғы оқу жылында   оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы    5 уақытта ұйымдастырылды. 

І ауысым

1,8 сыныптар және 2 «в» сынып   оқушылары үшін – 09.35 – 09.40

4,9 сыныптар және 10 «ә» сынып   оқушылары үшін – 10.25 – 10.35

ІІ ауысым

2 сынып оқушылары үшін – 14.15 – 14.20

3 сынып оқушылары үшін – 15.05 – 15.10

5,6,7 сынып оқушылары үшін- 15.55-16.05


Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы мектеп медбикесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың  алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен медбикесі күнделікті мәзірден сынама  жүргізеді. 

 Жалға алушының жұмысы жақсы азық-түлікті толықтай етіп, ас мәзірі бойынша уақытымен әкеліп отырады. Тыйым салынған тағамдарды сатпау туралы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығының 7-тарау 119 пункті негізінде тағамдарды асханада сатпау және қолдануға тыйым салынған.


    Оқушылардың тамақтану барысында мектеп әкімшілігі тарапынан комиссия құрылып , қатан бақылауға алынған.Комиссия асхана тазалығын тексеріп акт жазып, акті ыстық тамақ папкасына тіркеді.  

Қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағида» негізінде № 49 орта мектебінде «Қамқоршылық кеңес» құрылды. Оның құрамына мектептің ата-аналары, Кербұлақ ақсақалдар төрайымы және жеке кәсіпкерлер кірді.

Кеңестің төрағасы болып, Сыдыкова Бибигул Саликбаевна - мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы сайланды.

Қамқоршылық кеңесінің мақсаты: Оқушылардың тәрбие және білім алу сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие үрдісін ынталандыру, бюджеттен тыс тартылған қаржыны мақсат бойынша жұмсау, мектептің материалдық – техникалық базасын, аумағы мен ғимаратын абаттандыруды жетілдіруге жәрдемдесу, заңды көмек көрсету.

Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына 1 рет немесе қажеттілікке сәйкес өткізіліп тұрады. Егер шұғыл мәселелер туындаса, Кеңес жоспардан тыс отырыс жасайды. Өткізілген іс-шаралар хаттамада тіркеліп отырады. Мектеп әкімшілігі әрдайым қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысады.

«Мектепке жол –шекарасыз жақсылық» акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп мұғалімдерге, мектеп ата-ана комитеті, қамқоршылық кеңес төрайымы, аудандық меценаттар мен демеушілерге, аудан тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтілді.

Акцияны өткізудегі мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында АӘК, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол –шекарасыз жақсылық»   акциясы бойынша әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы отбасына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында республикалық акция өтілді. 

   «Мектепке жол» акциясы барысында «№49 орта мектеп» КММ-де ақпараттық плакат   жасалып, акцияның өту барысы туралы ақпарат көрсетілді. Плакатта  «Мектепке жол» акциясын жүргізуде демеушілер тарапынан жәрдемдесуіне өтініш үндеуі берілген.

Көмекті қажет ететін көп балалы,аз қамтылған,мүгедек,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әлеуметтік топтағы 86 оқушының тізімі анықталынып,әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы топтарына жататын білім алушылардың санаты анықталып,жұмыстар жүргізілді.

         «Мектепке жол» акциясының өтуі,қызметі туралы инстаграмм әлеуметтік желісінде кең-ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның өту қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралды. Ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерге, ауыл кәсіпкерлеріне, меценаттарға қатынас хаттар таратылды. «Бірінші сыныпқа бірінші рет» әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың 1-ші сыныпқа баратын балаларына назар аударылды.

Аудан тұрғандары арасында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін - бұл үлкен мәселе. Осы орайда, көмекке келетін қайырымдылық акциямыздың атқарып жатқан үлесі зор. Жыл сайын ондаған отбасы көмек алуда. Демеушілердің көмек көрсетуі арқасында балалардың барлығы мектепке дайын болады. Балалардың мектеп формасы, оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасауына үлес қосқан демеушілер қатарымыз жылдын жылға артуда. 

  Балаларға демеушілік еткен:№49 орта мектеп директоры Кыстаубаева Камшат Болатхановна

Раяна жеміс-жидек  дүкенінің иесі Джаиков Данияр Алтынбекович, Достык кафесінің иесі Дакина Айнур, Әскери қызметкер 12740 Ахметов Мадияр, Жеке кәсіпкер  Оразбай Дастан Бағланұлы,"Ырыс" сауда үйінің иесі Адильшин Арман, КХ "Айғаным" Сатаев Жеңіс,РЖТ жеке шаруашылық           Бектемисов Илияс,Мәслихат,Аманат партиясы,жеке кәсіпкер    Нұрлыбек Нұрбол, Сарыбұлақ ауылдық округінің Вет меңгеруші Сейдахмет Мейіржан, Алматы қаласы Бостандык ауданы Общеобразовательная школа №65 биология пәні мұғалімі Нұрмуханова Жансая Шәріпқанқызы, ата-ана Уразалиева Айгерим,ата-ана Бурлыбекова Гулназ Қасымхановна,ата-ана Беделбаева Кенже,ата-ана Кусева Улбосынт Жумабековна, Қербұлақ аудандық полиция бөлімінің  Криминалдық полиция бөлімінін жедел уәкілі Жамалиев Ғазиз Жаңабайұлы, Жеке кәсіпкер    Дюсембаев Султангали Теберекович, Жеке кәсіпкер   Дюсембаев Султангали Теберекович, «Эля» дүкенінің иесі   Амреева Кулсара Сатановна, №49 орта мектеп Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары: Мурат Асылхан, 8"Ә" сынып ата аналары және №49 орта мектеп ұжымы   мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасымен қамтамасыз етті. 


Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды. Жалпылама айтатын болсақ 86 оқушыға 1 722 000 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Жыл сайын балаларға мейірім мен шуағын төге келетін акция көпшілік көмегімен өз дәрежесінде өтеріне сеніміміз мол.Халқымызға тән ұлттық ерекшеліктерді, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік сынды ең асыл қасиеттерді насихаттау кеңінен өріс алады.

     Дәстүрге айналған  «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығындағы «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясына  аудан халқы  белсене қатысты.

    Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.

1-11сыныптардың әлеуметтік картасы, диагностикалық картасы, отбасы картасы толтырылды. Сынып жетекшілермен, психологпен, тәрбие ісінің меңгерушісімен, ата-анамен тығыз байланыста жұмыстар атқарылуда. Жалпы жоспар бойынша барлық іс-шаралар өткізіліп, жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар әлеуметтік педагог медиа жоспар негізінде баспасөз бетіне «Мектепке жол» республикалық акциясы туралы «Мектепке жол –шекарасыз жақсылық» тақырыбында баспасөз бетіне мақала жарияланды.

Жалпы айтқанда, №49 орта мектебінде әлеуметтік топтағы отбасы балаларына  үнемі әлеуметтік көмектер беріліп отырады. Қамқоршылық кеңестің жұмысы алдағы уақытта да жоспар бойынша жалғасын табады.



              






Әлеуметтік педагог                                            Ә.Сман



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив