Инклюзивті білім беруді қолдаудағы цифрлық технологиялар - бұл ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды дамытудың, тәрбиелеудің және оқытудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Инклюзивті білім беруде цифрлық сауаттылықты оқыту жағдайларына теориялық талдаулар жасалып, жалпы білім беру ұйымдарында цифрлық сауаттылық пәнін ерекше білімді қажет ететін оқушыларға оқытудың тиімді әдістері негізделіп, оқыту ерекшеліктері қарастырылуда. Цифрлық инклюзия - бұл теңсіздікті, азаматтардың цифрлық оқшаулануын жеңуге бағытталған цифрлық қоғамдағы әлеуметтік инклюзияның бір түрі, яғни цифрлық сауаттылықты үйретуде инклюзивті сыныптарды оқытуда тиімді әдістерді қолданудың барлық мүмкіндіктерін пайдалану – оқытушылардың дайындық деңгейіне тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басты міндеттерінің бірі еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту болып табылады. Осыған орай, мемлекет басшысы жолдауында «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс» - деп атап өтті. Шет елдерде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім үрдісін ұйымдастыру мәселелері алғаш рет
1970 жылдары қарастырылып бастады, ал инклюзивті білім беру бағдарламаларын толығымен білім беру саясатына АҚШ пен Еуропа елдерінде енгізген.
§Елімізде ерекше білімді қажет ететін оқушылардың мектептегі күнделікті сабақтары мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Инклюзивті білім берудің құндылықтары мен принциптерін сақтай отырып, ерекше балаларды қалыпты балалармен тең дәрежеде оқыту, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және жалпы білім беретін мекемелерді бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету, қазіргі таңда ерекше білімді қажет ететін оқушыларды оқу процесіне біріктіруде аса зор мүмкіндік береді. Білім беруді қамтамасыз ететін оқу процесін ұйымдастыру білім алушылар контингентінің ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын дайындау, сабақтар өткізу, білімді бақылау, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру кезінде ескеру қажет. Бұл ретте ақпараттық технологиялардың, цифрлық сауаттылықтың маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
§Ерекше білім қажеттілігі бар оқушылар оқытудың әртүрлі әдістерін көздейтін бейімделген және ішінара түрлендірілген оқу бағдарламасы бойынша оқутылуы тиіс. Кез-келген технологияны кіріктірудің алдында педагогикалық тұрғыда дамыған тұлғаның қалыптасуына негіз болатын білім беру ортасын үлгілеу үдерісі жүреді. Бұл дегеніміз инклюзивті білім беруде ерекше білімді қажет ететін оқушыларға ақпараттық білім беру ортасының қолжетімділігін қамтамасыз ету – білім алушы мен педагогтың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен өзара әрекеттесуі үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы.
vИнклюзивті білім беруде мұғaлімнің ерекше білім қaжеттілігі бaр оқушылaрдың мүмкіндіктеріне сәйкес оқыту әдістемелерін меңгерулері шaрт. Жалпы қазіргі таңда ерекше оқу қажеттілігі бар балалар цифрлық технологияларға қызығушылығы өте жоғары. Ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру цифрлық технологиялар арқасында әлдеқайда жеңілірек өтеді. Арнайы технологиялар арқылы сабақты оқыту, жаңа тақырыпты меңгеруі де өте жақсы болады. Мәселен, менде әр сыныпта ерекше білімді қажет ететін оқушылар бар. Әрбір ерекше балаға қысқа мерзімді жоспарға қосымша оқушыларға ыңғайлы етіп жасалған тапсырмалар қосамын. Бұл әрбір пәннің оқу жоспарында болуы қажет. Әрбір дайындаған тапсырмаларға түрлі әдіс-тәсілдер мен цифрлық технологиялар элементтерін қосамын. Бұл баланың тапсырманы орындау барысында ақпаратты меңгеріп қана қоймай, жаңа технологияларды игеруіне септігін тигізеді. Әрбір балаға бейімделген компьютерлік және шығармашылық тапсырмалар арқылы, оларға тақырыпты тез әрі басқа оқушылар сияқты бір деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді.


