Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 3-отырысының Хаттамасы » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 3-отырысының Хаттамасы
04
март
2024

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 3-отырысының Хаттамасы

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің  3-отырысының 

Хаттамасы


  Сарыөзек ауылы                                                                             

Өткізілген орны: Мұғалімдер бөлмесі 

Қатысқандар:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Күн тәртібінде:

  1. Бірінші жартыжылдық бойынша ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың даму динамикасына мониторинг жасау және негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін бағалау; 
  2. Екінші жартыжылдыққа жеке оқу бағдарламаларын бекіту;

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ППҚҚ төрайымы М. Тұрғанбекова сөз алды. Бірінші жартыжылдық бойынша оқушылардың даму динамикасына мониторинг жасау мақсатында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары сабақтарға қатысты, бақылау хаттамалары (2а, 2б,  формалар) толтырылып.Оқу жылының басында және бірінші жартыжылдықтан соң толтырылған бақылау хаттамаларын салыстырып, оқушыларда анағұрлым динамика байқалатынын атап көрсетті.

Аталған мәселе бойынша мектептің логопеді педагогы Н.Абдрахманова оқушылардың негізгі пәндер бойынша жетістіктер картасына сәйкес оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін қарастырды. Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдері  оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейіне тоқталды.

1«б» сынып оқушысы Ержан Асланға  негізгі пәндер математика және қазақ тілі пәндері бойынша оқу бағдарламалары бейімделді. Математика пәні бойынша оқушыда әлі де тұрақты қиындықтар байқалатындығы айтылды. Қазақ тілі пәні бойынша бейімделген оқу мақсаттарын меңгерді, ауызша жауап береді, өзінің пікірін айтады, жазады және оқиды.Жетістіктер картасын зерделей келе, оқушыда жағымды динамика байқалатындығы көрсетілді.

1«б» сынып оқушысы 2-ші тоқсанда математика және қазақ тілі пәндері бойынша оқу бағдарламалары бейімделді. Тоқсан соңында жетістіктер картасы толтырылды. Оқушы бейімделген оқу мақсаттарын меңгеруде қйындықтар бар, жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруге әлі де дайын емес. Келесі тоқсанда да оқу бағдарламаларын бейімдеу қажеттілігі айтылды.

1«в» сынып оқушысы Семенко Арсенийға жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. Оқушыға  зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру қиындық туғызуда. 

2«б» сынып оқушысы Темірлан Асылжан  жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. Пән мұғалімдері тарапынан оқушыда сабақ барысында жағымсыз мінез-құлық танытатындығы және жеке тапсырмаларды орындаудан бас тартатындығы ескертілді. 

3«б» сынып оқушысы Жаманқұл Шыңғыс жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. Оқушы бейімделген оқу мақсаттарын меңгеруде қиындықтар бар, жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруге әлі де дайын емес. Келесі тоқсанда да оқу бағдарламаларын бейімдеу қажеттілігі айтылды.

3 «б» сынып оқушысы Жаманқұл Ерназар Бейімделген оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. Ерназар  тақтадан,   кітаптан көшіріп жазады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындамайды,қырсығады.. 

3«в» сынып оқушысы Қабылда Іңкәр бейімделген оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. Алдыңды тоқсанға қарағанда жақсы жағына өзгерістер бар. Сөйлейді, сөздік қоры молайды, буындап оқи алады, сұрақтарға жауап береді. 

1 «б» сынып оқушысы – Амангелді Аманжолдың оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтары, қабылдауы,зейінің тұрақсыздығы туралы айтылып өтілді.  ПМПКдан өтілуі ұсынылды.

1 «в» сынып оқушысы   Дружиннин Максимның оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтары, қабылдауы,зейінің тұрақсыздығы туралы айтылып өтілді.к


Күн тәртібіндегі 2-ші мәселені педагог-логопед Н. Абдрахманова қарастырды. Үшінші тоқсанға 2«б» сынып оқушысы Темірлан Асылжан мен 3«б» сынып оқушысы Жаманқұл Шыңғысқа жеке оқу бағдарламаларын жетістіктер картасына сәйкес дайындау ұсынылды.

1 «а»,   1«б», 3«б»,3«в » оқушыларына бейімделген оқу бағдарламаларын жетістіктер картасына сәйкес дайындау ұсынылды.


Ұсыныс: 

  1. Ерекше білім беру қажет ететін оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі бақылауда болуы қажет;
  2. 3-тоқсанға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру;

Шешім: 

  1. Ерекше білім беру қажет ететін оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі бақылауға алынсын;
  2. 3-тоқсанға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастырылып, жүзеге асырылсын.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив