Мектебім мейірім мекені. 1 қыркүйек 2025 жыл
«Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиынның
Ақпараты
1 қыркүйек – Білім күніне орай №49 орта мектепте «Мектебім – мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау мерекелік жиыны өткізілді.
Жиын барысында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары өз сынып жетекшілерімен бірге музыка әуенімен ортаға шықты:
1 «а» сыныбы – сынып жетекшісі Сейтказинова Ардақ Сталханқызы;
1 «ә» сыныбы – сынып жетекшісі Кунанбаева Назира Дәуенқызы;
1 «б» сыныбы – сынып жетекшісі Нұрғали Гүлім Бименқызы;
1 «в» сыныбы – сынып жетекшісі Ибраимова Надежда Владимировна.
АӘД пәнінің мұғалімі Д. Асылхановтың бұйрығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы алаңға әкелініп, Әнұран шырқалды.
Салтанатты жиынның шымылдығы Нұрбопа Ерасылдың орындауындағы «Алғашқы қоңырау» әнімен ашылды. Мерекеге аудандық білім бөлімінің өкілдері, ардагер ұстаздар мен құрметті қонақтар қатысты.
Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Кыстаубаева Камшат Болатханқызы арнады.
Алғашқы қоңырауды соғу құрметі:
11-сынып оқушысы, денсаулық және спорт фракциясының топбасшысы Ильмахун Бегзат;
үздік аттестатқа үміткер Кощегулова Аруназ;
1-сынып оқушылары Алтынбек Нұрислам мен Кажимуратова Рауанаға берілді.
Қоңыраудың сыңғырына барша жиналғандар қол соғып, білім күніне ерекше ықыласпен қуаныш білдірді.
Жиын соңында жүргізушілер білім алушыларды алғашқы сынып сағаттарына шақырып, салтанатты жиынды жабық деп жариялады.
Ұстаз-ұйымдастырушы М. Рысбекова
2.

