"Дені сау отбасы- бақытты отбасы"
Ақпарат
Тақырыбы: «Дені сау отбасы – бақытты отбасы»
2025 жылдың 16 қыркүйек күні №49 орта мектепте Отбасы күніне орай дәстүрлі түрде «Дені сау отбасы – бақытты отбасы» тақырыбында «Толағай» спорттық жарысы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – мектеп ұжымындағы ата-аналар мен балаларды бір ортада біріктіріп, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды.
Сайысқа барлығы 6 отбасы қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өз өнерлерін көрсетіп, шапшаңдықтары мен ұйымшылдықтарын сынға салды. «Толағай» бағдарламасы бірнеше қызықты жарыс түрлерін қамтыды. Атап айтқанда:
Жүгіру – қатысушылардың жылдамдығы мен төзімділігі сыналды.
Жерде жатқан сатымен секіру – дене үйлесімділігі мен ептілікті талап етті.
Теннис шарымен жүру – қатысушылардың шоғырлана білу қабілеттерін сынады.
Мешокпен секіру – көңілді әрі қызықты кезеңдердің бірі болды.
Арқан тарту – отбасылардың ұйымшылдығы мен күшін анықтайтын шешуші ойынға айналды.
Жарысқа қатысқан әрбір отбасы белсенділік танытып, өздерінің спорттық дайындықтарын көрсетті. Шара барысында көрермендер де қатысушыларға қолдау білдіріп, мерекелік атмосфера қалыптасты.
Нәтижесінде:
I орын – «Формула» тобы үздік өнер көрсетіп, көш бастады.
II орын – «Қыран» тобы ұйымшылдық пен жылдамдықтың үлгісін көрсетті.
III орын – «Жалын» тобы намысшылдығы мен қайсарлығымен ерекшеленді.
Бұл сайыс отбасыларды жақындастырып қана қоймай, балаларға ата-аналарымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың жан-жақты дамуына оң ықпал етті.
2. https://www.instagram.com/reel/DOqyssgjOoD/?igsh=MXZkaW9kd256MTNuaQ==
