Өзін-өзі басқару ұйымының ұлықтау рәсімі » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Өзін-өзі басқару ұйымының ұлықтау рәсімі
24
октябрь
2025

Өзін-өзі басқару ұйымының ұлықтау рәсімі

АНЫҚТАМА

2025 жылғы 24 қазан күні №49 орта мектеп КММ-де Мектеп парламенті Президентін ұлықтау және ұйым мүшелерінің ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – мектеп қабырғасынан бастап көшбасшылық қасиеті бар, жауапкершілікті сезінетін, өзін-өзі басқаруға қабілетті жас буынды тәрбиелеу.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Әнұранын орындаудан басталды. Іс-шараға мектеп директоры Кыстаубаева Камшат Болатканкызы мен мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар қатысты.

Жиын барысында 2025–2026 оқу жылына арналған Өзін-өзі басқару ұйымының жаңа құрамы таныстырылып, ұйым мүшелеріне куәліктер табысталды. Комиссия шешімімен Президент болып 11 «А» сынып оқушысы Кеген Айнара тағайындалды.

Өзін-өзі басқару ұйымының құрамы:

  • Президент – Кеген Айнара

  • Премьер-министр – Егісбай Айару

  • «Мәдениет және өнер» бағыты – Даулетбакова Хамида

  • «Зияткерлік» бағыт – Даулет Темірлан

  • «Спорт және салауатты өмір салты» бағыты – Абдықалым Еркебұлан

  • «Патриоттық» бағыт – Нұрбопа Ерасыл

  • «Экологиялық» бағыт – Даулетбек Жансая

  • «Құқықтық» бағыт – Жұмақұн Ернұр

  • «Ақпараттық» бағыт – Рамазан Ислам

  • «Ғылыми-техникалық» бағыт – Болғанбай Айгерім

  • «Волонтерлік» бағыт – Орынбаев Ерасыл

Салтанатты сәтте ұйым мүшелері мен Президент өздерінің адал қызмет етуге, мектептің мәртебесін биіктетуге ант берді.

Іс-шара барысында мектеп директоры Қыстаубаева Камшат Болатқанқызы сөз сөйлеп, жаңадан тағайындалған ұйым мүшелерін құттықтап, оқу мен қоғамдық жұмыстарда табыс тіледі.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен патриоттық сезімін арттыруға ықпал етті.

Мақсаты: мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту және өзін-өзі басқару жүйесін нығайту.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив