«Балаларды қылмыстары үшін ересектер сияқты жазалау керек» тақырыбнда дебат
«Балаларды қылмыстары үшін ересектер сияқты жазалау керек»
Ақпарат:
АПФ(Американдық Парламенттік Формат) форматында өткен пікірсайыс ойынының мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Дебат болған күн: 16.11.2022
Ойыншылар: Үкімет палатасы-Оразымбет Ақбота, Кощегулова Аруназ
Оппозиция палатасы-Нуриахмет Айбек, Қаржау Алмас
Ойын жеңімпаздары: Оппозиция тобы
Үкімет тобының лидері Кощегулова Аруназ ойын нақты жеткізе алмады, дебат ойының ашушы «мемлекет» болғандықтан тақырыпты жан-жақты ашуы керек болған. Үкімет тарапы тақырыпты екінші топқа ашып бере алмағандықтан ойында қиындықтар болды. Сол себепті лидер баллы 5|10 болды. Үкімет тобының көшбасшысының орынбасары, яғни екінші спикері Оразымбет Ақбота Оппозиция тобының көшбасшысының орынбасары-Нуриахмет Айбекке мықты ребатл жасай алды. Осы орындаған қадамы үшін 10\10 ұпайға ие болды.
Нуриахмет Айбектің ребатл кезінде шабуылды қабыл ала алмауы ұпайының кемуіне алып келіп, 9\10 балл алды. Қаржау Алмас-Оппозиция тобының лидерінің анализі Үкімет тобының анализіне қарағанда жақсы нәтиже көрсетті, алайда тақырыпты ашу барысында өз ойын қағаз парағынсыз жеткізе алмағандықтан ұпайы 7/10 болып кеміді.
Осылайша Ү:15балл-О:16балл болып, екінші палата жеңіске қол жеткізді.
«Дебат қозғалысы» фракциясының басшысы Кабдолова Аружан
______________