"Тәрбиенің басы имандылықта" тақырыбында дін өкілдерімен кездесу » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Тәрбиенің басы имандылықта" тақырыбында дін өкілдерімен кездесу
20
октябрь
2022

"Тәрбиенің басы имандылықта" тақырыбында дін өкілдерімен кездесу

Қамқорлық және Еңбек фракциясының ұйымдастыруымен «Тәрбие басы - имандылықта!»   дін өкілдерімен кездесу


       Қазан айының 20 жұлдызында оқушылар бойында имандылық, парасаттылық, ізеттілік және тағы басқа көптеген жақсы қасиеттерді дарыту мақсатында  Дін өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге   имам Бердек мырза, мектеп басшысы К.Кыстаубаева, ардагер ұстаз С. Аралова қатысты. Дін өкілі тәрбие мен имандылықты байланыстыра отырып әңгіме өрбітті. Оқушылармен сұрақ жауап алмасты.    

                                       Имандылық – тәрбие негізі
 
 Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс - ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.
 
 Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл - есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата - анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Жасыратыны жоқ, бүгінде космополиттік идея кеуделерін улап, туған ұлтына жандары ашымайтын «мәңгүрт» типіндегі жастардың көбейіп келе жатуы алаңдатарлық жайт. Бұған «жол беріп жатырсың» деп, жетпіс жылдай уақыт бойы кеңестік сүзгіден әбден сүзіліп, қорғаншақтық күйге ұшыраған аға ұрпақ өкілдерін кінәлау қиянат та болар. Әйтсе де, кез келген нәрсеге көзді жұмып қарау, сүйекке сіңген салғырттық, көзді байлап, көрер алдымызды тұмшалап тастаған. «Құлдық психологиядан», қараңғы қорқыныштан, ит түртпектен арыла алмай отырғанымыз шындық. Мына мәселеге де байыпты көзқарас танытқанымыз жөн. Тәуелсіздік алған кезден былай қарай он бес жыл уақыт ішінде өмірге келген ұрпақ бойында ерекше ұмтылыс, ерекше қуат сезіледі. Қоғам мен адамды қатар шырмаған қат - қабат қиындықтардың, дауасыз даулардың көп уақыт өтпей, күні бітеріне күмәнсіз сенгіміз келеді. Бұл арманды біздің жас өскіндеріміз жүзеге асырмақ. Тек өскелең өркенді жаһанданудың жойқын соққысына, тілсіздік дертіне ұрындырып алмай, өз ұлтының мәдениет мәйегінен алшақтамай өсуіне жол ашуымыз керек. Ол үшін жүріп өткен ізімізге тағы бір бұрылып, жеткен жетістіктерімізді салмақтап, рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына ендірген абзал.
 
 Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп - ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған – терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн деп санадық.
 
 Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет – болмысының, мінез – құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай,
 
 Кімде болса шын мінез,
 Болмас онда екі сөз.
 Өлтірсе де көзбе – көз
 Иманын сатып алмас бөз, - дегендегі иман. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «иманигүл» деп ат береді:
 


Қамқорлық және Еңбек фракциясыны                        Рысқұлбек Жұлдыз

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив