Мектеп парламентінің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы анықтама
2022-2023 оқу жылында
№ 49 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
мектеп парламентінің атқарған жұмыстары туралы
Ақпарат
2022-2023 оқу жылының қыркүйек айында 9-10 сынып оқушылары арасында мектеп парламентінің Президенті және фракцияларының мүшелері сайлау жұмыстары жүргізілді. Мектеп парламентінің Президенті болып 9 а сыны оқушысы Болат Дайана тағайындалды. Фракция бойынша тағайындалғандар: «Қамқорлық» фракциясы - 9 ә сынып оқушысы Рысқұлбек Жұлдыз, «Мәдениет және өнер» фракциясы - 9 а сынып оқушысы Айдар Ботагөз, «Дебат қозғалысы» фракциясы - 9 а сынып оқушысы - Қабдолова Аружан, «Экология және еңбек» фракциясы - 9 ә сынып оқушысы Назарқұл Аяжан, «Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясы - 9 а сынып оқушысы Абакова Зере, «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясы - 10 а сынып оқушысы Болат Диас, «Ақпарат» фракциясы - 9 б сынып оқушысы Бекзат Назым, «Құқық және тәртіп» фракциясы - 10 ә сынып оқушысы Есемұрат Бақтияр.
«Қамқорлық» фракциясы.
Қыркүйек айында «Тәрбие басы имандылықта» тақырыбында дін өкілдерімен кездесу өткізілді. Сарыөзек ауылдық дін танушы қызметкерлері оқушылардың тәрбиесінде діннің рөлі туралы сұхбат жүргізді. Өз кезегінде сұрақ-жауап арқылы ой бөлісті.
Қараша айында «Барлық әлем мен үшін» атты шығарма байқауы 6-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Оқушылар, өз ойларымен бөлісіп, өмірдегі мақсаты мен міндеті туралы шығарма жазды. Озық шыққан шығарма авторлары мақтау қағаздармен марапатталды.
Желтоқсан айында қарт кісілерге көмек ретінде мектебіміздің ардагер ұстазы Кеңес Сағынайұлының ауласын қардан тазарту, үй шаруашылығына көмектесу жұмыстары мектептің ерікті оқушылармен бірлесе жүргізілді.
Сәуір айында жағдайы төмен отбасларға көмек көрсету мақсатында мектепішілік жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрменкеге бастауыш сынып пен 10 сынып оқушылары түгел атсалысты.
«Мәдениет және өнер» фракциясы.
Қыркүйек айында «Ұстаз атың биік әрі мәңгілік» тақырыбында ұстаздар күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Мереке күнінің ертеңінде ұстаздарды мектеп ауласыннан гүл шоқтарын ұсынып, тілектер жолданып, түстен кейін концерттік бағдарламамен ұштасты. Ұстаздар оқушыларға өз ризашылықтарын тілектерімен білдірді.
Сондай-ақ , «Алтын күз» байқауы 9-11 сынып оқушылары арасыда өткізілді. Байқау топты таныстыру, ас мәзірі, өз өнері, сән үлгісі сынды дәстүрлі форматта өткізілді. Байқау жеңімпаздары мақтау қааздарымен марапатталды.
Желтоқсан айында «Тәуелсіздік күні мерекесі» күніне орай қатысуға тілек білдірген барша оқушылар арасында «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқау шарты бойынша бір патриоттық ән және бір еркін тақырыптағы ән орындалды. Байқау жоғары және төменгі буын болып жас ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылды. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қаңтар айында музыка пәні мұғалімі А. Сырғалиевпен бірлесе мектепішілік «Жасұлан» ұйымы мүшлері арасында жас таланттарды анықтау мақсатында ән кастингі өткізілді. Байқауға 18 оқушы қатысты. Байқауға қатысып көзге түскен оқушылар мектепішілік концерт, байқауларға қатысатын оқушылар тізімдеріне қосылды.
Наурыз айында «Халықаралық әйелдер мерекесі» күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерлі оқушылар ұстаздар қауымы мен зейнеткер ұстаздарға түрлі жанрда өнер көрсетті.
9-11 сынып оқушылары арасында «Қыз қылығымен» тақырыбында қыздар арасында көктем аруы байқауы өткізілді. Байқау таныстыру, өз өнері, ас мәзірі, сұрақ-жауап, мода сынды кезеңдер бойынша өткізілді. Жүден жүйрік шығып 11 ә сынып оқушысы Жайнақ Гаухар бірінші орынға ие болды. Барша қатысушылар мақтау қааздарымен марапатталды.
Мамыр айында достық күніне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ұл балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау Таныстыру, өз өнері, гір тасын көтеру, білек күшін сынастыру кезеңдері бойынша өткізілді. Бірінші орынға өзінің жан-жақтылығымен танылған 10 а сынып оқушысы Е. Рахымжан ие болды.
«Дебат қозғалысы» фракциясы.
Қыркүйек айында 8а және 8ә сынып оқушылары сайысқан «Қазақстанның бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілі қажет\қажет емес» дебат ойыны.
Ойыншылар: Үкімет тобынан-Кощегулова Аруназ, Қаржау Алмас
Оппозиция тобынан-Кеген Айнара, Серғалиқызы Алина
Ойын жеңімпаздары: 8 а сынып оқушылары «Оппозиция тобы»
Жақтаушы топ пікірінше балаларды жас кезінен оқуға баулып, үш тілдікті сақтату керек. Ал Даттаушы топ кішкентай балалардың миын шет тілмен ашытпай, әуелі қазақшамызды дамытып алу керек деп есептейді.
Төрешілер бұрыннан дебатқа қатысып келе жатқан ойыншыларымыз болды. Атап айтқанда: Оразымбет Ақбота, Нуриахмет Айбек және Кабдолова Аружан. Әрбіреуі топтарға жеке-жеке тоқталып, артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып шықты. Анализге көңілдері толмағаның ерекше атап өтті. Алдағы уақытта ойыншылармен осы қателік бойынша жұмыс жасайтындары туралы сөз қозғалды. Үздік спикерлер: Кощегулова Аруназ және Кеген Айнара.
Қазан айында «Қазақстанда өлім жазасының болуына қарсы/қарсы емес» тақырыбында АПФ форматы бойынша дебат ойыны өтті.
Ойыншылар: Үкімет тарапынан-Нуриахмет Айбек; Кощегулова Аруназ
Оппозиция тобынан-Кабдолова Аружан; Кеген Айнара
О:20балл-Ү:24балл жинап, «Үкімет» тобы жеңіске жетті. Дебат мүшелері мен клуб жетекшілері 21.09.2022 күні «Парасат» дебат клубының жаңа мүшелерімен талқылау жұмыстарын жүргізіп, жребий арқылы топқа бөлінген болатын. Жалпы оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша жақсы дайындалған. Әр спикер өз міндеттерін белгілі бір деңгейде жақсы орындай білді. Жаңа клуб мүшелері болашақта «Үздік спикер» лауазымына ие болады деп үміт арттық.
Дәл сол күні «Ата-ананың балаларды ұруы қылмыс болу керек/керек емес» тақырыбында АПФ форматында пікірсайыс өткізілді.
Ойыншылары: Үкімет тобы-Серғалиқызы Алина; Әділқан Айғаным
Оппозиция тобы: Оразымбет Ақбота; Қаржау Алмас
Жеңімпаз топ: Оппозиция тобы.
Қараша айы:
АПФ(Американдық Парламенттік Формат) форматында өткен пікірсайыс ойынының мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Ойыншылар: Үкімет палатасы-Оразымбет Ақбота, Кощегулова Аруназ
Оппозиция палатасы-Нуриахмет Айбек, Қаржау Алмас
Ойын жеңімпаздары: Оппозиция тобы
Үкімет тобының лидері Кощегулова Аруназ ойын нақты жеткізе алмады, дебат ойының ашушы «мемлекет» болғандықтан тақырыпты жан-жақты ашуы керек болған. Үкімет тарапы тақырыпты екінші топқа ашып бере алмағандықтан ойында қиындықтар болды. Сол себепті лидер баллы 5|10 болды. Үкімет тобының көшбасшысының орынбасары, яғни екінші спикері Оразымбет Ақбота Оппозиция тобының көшбасшысының орынбасары-Нуриахмет Айбекке мықты ребатл жасай алды. Осы орындаған қадамы үшін 10\10 ұпайға ие болды.
Нуриахмет Айбектің ребатл кезінде шабуылды қабыл ала алмауы ұпайының кемуіне алып келіп, 9\10 балл алды. Қаржау Алмас-Оппозиция тобының лидерінің анализі Үкімет тобының анализіне қарағанда жақсы нәтиже көрсетті, алайда тақырыпты ашу барысында өз ойын қағаз парағынсыз жеткізе алмағандықтан ұпайы 7/10 болып кеміді.
Осылайша Ү:15балл-О:16 балл болып, екінші палата жеңіске қол жеткізді.
Қаңтар айы:
Тақырып: «Қазіргі жастарда патриоттық сезімнің шынайлығына қарағанда,
еліктеушілік сезімі көп» Бұл тұжырым рас па, жалған ба?
Ойын Карл Поппер дебат ойынында 2 палата ойыншылары осы тақырып бойынша пікір сайысқан еді.
Ойыншылар:
Үкімет тобы-Лидер: Әділқан Айғаным, 2 спикер: Серғалиқызы Алина,
Сараптама жүргізуші: Нуриахмет Айбек
Оппозиция тобы-Лидер: Кабдолова Аружан, 2 спикер: Қаржау Алмас,
Сараптама жүргізуші: Оразымбет Ақбота
Үкімет тобының аргументтерінде қазақ жастарының шет мемлекеттерге қалай еліктейтіндері, олардың киімі мен әндеріне, салттары мен дәстүрлеріне қызығушылықтары сипатталған. Ал Оппозиция тобы бұл аргументтерді жоққа шығарып, жүректің түкпірінде сақталар әрбір азаматтың патриоттылығы жойылмайтынына көз жеткізді.
Төреші мырзаның шешімі бойынша Оппозиция тобы жеңіске жетті. Үкімет тобының ережеге бағынбауы мен «Слайдпен» кері байланыс жасай алмауы топтың ұпайларының кемуіне алып келді. Оппозиция тобы презентацияның тиянақты жасап, онымен бір келкі сөйлегендері арқылы ойын жеңімпаздары атанды және тақырыпты жоққа шығарды.
Осы ойында Әділқан Айғанымның сөз мәнері ерекше ашылғаның байқадық.
Үздік спикерлер 10\10 ұпай жинаған ойыншылар:
Үкімет тобынан: Нуриахмет Айбек
Оппозиция тобынан: Кабдолова Аружан
Ойын соңында марапаттау қағаздары берілді.
«Экология және еңбек» фракциясы.
Қыркүйек айында «Нашақорлыққа жол жоқ!» Темекі, насыбайдың зияны» тақырыбында аудандық емхана қызметкерлері және мектеп медбикесімен бірлесе іс-шара өткізілді. Шараға 7-9 сынып оқушылары қатысты. Денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейне баяндар көрсетілді. Оқушылар өздері тарапынан сұрақтар қойды.
Қазан айында «СПИД ғасыр дерті» тақырыбында сынып жетекшілермен бірлесе сынып сағаттары өткізілді. Мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерімен эстафеталық ойын өткізілді. Ойынға 8 сынып оқушылары қатысты.
Қараша айында «Бөлме өсімдіктерін бабтау» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында гүл күтімі бойынша эстафеталық челленд өткізілді. Өткізілген эстафета бойынша видеолар мектептің инста парақшасына жарияланды.
Сәуір айында «Жасыл желек – жан рахаты» атты ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Көшеттерді отырғызу іс-шарасы Күреңбел қазақ орта мектебінің парламентімен бірлсе өткізілді.
Мамыр айында «Құстар біздің досымыз» тақырыбында құстарға ұя жасау акциясы өткізілді. Бұл акцияның өткізілу мақсаты оқушылардың бойында табиғатқа, құстарға деген мейірімділікті ояту.
«Спорт және салауатты өмір салты» фракциясы
Қыркүйек айында «Нашақорлық» темекі, насыбайдың зияны» тақырыбында аудандық емхана қызметкерлері және мектеп медбикесімен бірлесе іс-шара өткізілді. Шараға 7-9 сынып оқушылары қатысты. Денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейне баяндар көрсетілді.
Қазан айында 9-11 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Мен мықты» бәсекелік байқауы өткізілді. Спорттық сайыс кермеге тартылу, орнынан ұзындыққа секіру, бұқа тартыс, қаппен ұру жекпе-жегі кезеңдері бойынша өткізілді. Сайыстың барлық кезеңдері бойынша жоғары көһрсеткіш көрсеткен 11 ә сынып оқушысы Теберек Еламан бірінші орынға ие болды. Екінші орынға 10 сынып оқушы Өмірзақ Ердос ие болды.
Ақпан айында «Денсаулығың өз қолыңда!» эстафеталық ойындар 5-6 сыныптар арасында өткізілді. 6 сыныптан 6 құрама қатысты. Кедергілерден өту, доппен жүру, арқан тартыс атты кезеңдер бойынша өткен сайыста 6 а сыныбының құрамасы 1 олрынға, 6 б сыныбы 2 орынға, 3 орынға 5 а сынып оқушылары ие болды.
«Ақпарат» фракциясы бойынша қыркүйек айынан бастап фракцияның істелген жұмыстары толығымыен инстаграм, фейсбук, мектеп сайтына жарияланып отырды. Жылдық жоспар негізінде қабырға газеттерінің ілінуі толық фракция басшысы Бекзат Назымның қадағалануында болды.
Қараша айында «Жұпалы аурулар» тақырыбында түсіндірме жұмыстары 5-9 сынып оқушылары арасында мектеп медбикесімен бірлесе жүргізілді. Оқушылармен жүргізілген ғаламтор желісіне жарияланды.
Желтоқсан айында мектеп кітапханашысы Гүлшат Дүзелбайқызынан сұхбат алынды. Сұхбат барысында мектеп кітапханасы туралы мағлұмат алынды.
1-11 сынып оқушылары арасында кітаппен қамтылу мәселесі бойынша, әлеуметтік жағдайлары ойынша кітаппен қамтылу қалай жүргізілгендігі туралы, оқушылардың кітапханаға келіп іздену көрсеткіші бойынша толық мағлұмат алынды.
Желтоқсан айында «Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздігім- тұғырым» тақырыбынд эссе 8-9 сынып оқушыларынан алынды. Оқушылардың тәуелсіздік туралы ойларын нақтылау мақсатында алынған эсседен жастардың ойларынгың тереңдігін байқауға болады.
Ақпан айында Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы мен сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жазаға тарту мерзімі, оның алдын алу туралы белсенді жұмыстар жүргізу туралы дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға диркетордың тәрбие орынбасарлары А. Жумадилова мен А. Маралбаев, сондай-ақ мектеп инспекторы Р. Аязбек қатысты. Қатысқан 9-10 сынып оқушыларымен аталған тақырып төңірегінде пікір алмасып, Р. Аязбек мырза баяндама оқыды.
«Құқық және тәртіп» фракциясының басшысы
Қазан айында -ІІБ өкілдерімен әлімжеттіктің (буллингтің) алдын алу мақсатында «Әлімжеттік: әдепсіздік пе, әл де «ӘДЕТ» пе?» тақырыптарында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаевпен бірлесе кездесу өткізілді. Кездесуге 8-11 сынып оқушылары толық қатысты.
Р. Нұрмұханов, Н. Шаймерденов атты жасөспірімдер полициясының қызметкерлері өз тарапынан аталған тақырып туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, туындаған сұрақтарды оқушылармен бірге талдады. Кәзіргі кездегі буллинг тақырыбы өсе өзекті екенін балалалрда жете түсінетінін дәлелдей білді.
Қараша айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі» және «Әлімжеттікке жол жоқ!», «Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз» тақырыптарында «Сенім жәшігін» орнату жұмысы қолға алынды. Сенім шәшігін орнату мақсаты мектепішілік лездемеде түсіндірілді.
Қаңтар айында - АПБ өкілдерімен тығыз байланыста болу, «Ашық есік күнін» өткізу, кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторлармен бірігіп, түнгі рейдтерге шығу жұмыстары толық қарастырылды. 9 сынып оқушыларымен бірлесес АІІБ-не ашық есік күндеріне орай экскурсия ұйымдастырылды. Оқушыларға ІІБ-ң мекемесі жұмыс бөлмелері туралы толық мәлімет берілді. Сондай-ақ, оқушылардың үлкендердің қарауынсыз түнгі мезгілде көшеде, қоғамдық орындарда жүрмеуін қадағалау мақсатында мектеп парламенті АІІБ қызметкерлерімен бірлесе рейд жұмыстарын жүргізді.
Наурыз айында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты жемқорлыққа қарсы акциясы. Әр сыныпқа коррупция туралы сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы видеороликтер байқауы 8-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Оқушылардың жұмысы мектеп сайты мен инстапарақшасына жарияланды.
2022-2023 оқу жылы барысында әр тоқсан сайын мектеп парламенті мүшелері Президенттің ұйымдастыруымен отырыстар өткізіліп, хаттамалары жазылып отырды.
Ұстаз-ұйымдастырушы А. Жинбаев