"Мен мықты - 2023" спорт және денсаулық фракциясы Болат Диас
2. Спорт және салауатты өмір салты фракциясының жоспары негізінде өткізілген «Мен мықты - 2023» спорттық сайысы туралы
Ақпарат
Жарыстың мақсаты: Мектеп мықтысын анықтау, оқушыларды салауатты өмір салтына баулу.
Спорт фракциясының жоспары негізінде 17 қараша күні «Мен мықты-2023» Спорттық жарысы өтті. 8,9,10,11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жарыста мектептің ең мықты деген ұлдары 5 түрлі сайыс түрі бойынша сынға түсті. «Кермеге тартылу», «Орнынан ұзындыққа секіру», «Бұқа тартыс», «16 кг гір тасын көтеру», «Қол күресі» сияқты сайыс түрлері бойынша мықтылар өз күштерін байқап көрді. Нәтижесінде «Кермеге тартылу» бойынша І орынды 11 а сынып оқушысы Жақсыбай Шыңғыс, 2 орын Нұрғожа Құрбанғали 9 сынып, ІІІ орын Валиханов Нариман 10 сынып. «Орнынан ұзындыққа секіру» І орынды 11 а сынып оқушысы Өмірзақ Ердос, ІІ орынды 11 а сынып оқушысы Болат Диас, ІІІ орынды 10 сынып оқушысы Мақсұтұлы Айбек жеңіп алды. «Бұқа тартыс» кезеңі бойынша І орынды 10 ә сынып оқушысы Несіпбай Мадияр, ІІ орынды 10 ә сынып оқушысы Валиханов Нариман, ІІІ орынды 11 а сынып оқушысы Өмірзақ Ердос иеленді.
«16 кг гір тасын көтеру» кезеңі бойынша І орынды 11 а сынып оқушысы Өмірзақ Ердос, ІІ орынды 11 а сынып оқушысы Жақсыбай Шыңғыс иеленді.
«Қол күресі» сайысы бойынша І орынды 11 а сынып оқушысы Өмірзақ Ердос, ІІ орынды 10 а сынып оқушысы Несіпбай Мадияр, ІІІ орынды 10 ә сынып оқушысы Дәулет Амир иеленді. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау лездеме кезінде жүзеге асты. Аталған жарыст видеоға түсіріліп, мектеп сайты мен инстграм парақшасына жарияланды.
Спорт және салауатты
өмір салты фракциясы Болат Диас