22
январь
2025
Өрт сөндіру техникаларымен таныстыру
1. Өрт кезіндегі құтқару техникасымен және құралдарымен таныстыру
2025 жылдың 22 қаңтар күні Кербұлақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі (ТЖБ) инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты С. ЖақсылықбаевЖас құтқарушы клубының оқушыларна "Өрт кезіндегі құтқару техникасымен және құралдарымен таныстыру" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Шара барысында
С. Жақсылықбаев өрт сөндіру техникасының түрлері мен олардың жұмыс істеу принциптері, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарының қолдану ережелері туралы баяндады. Ол құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысының ерекшеліктері, өрт жағдайында қолданылатын техника мен жабдықтардың тиімділігі туралы нақты мысалдар келтірді. Түсіндіру жұмыстары барысында өрт сөндіргіштер, гидранттар, арнайы киімдер және басқа да құралдар таныстырылып, олардың әрқайсысының маңыздылығы мен дұрыс қолданылуы жайында кеңестер берілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары мен өрт жағдайында дұрыс әрекет ету жолдары да түсіндірілді. Шараның соңында жас құтқарушылар өз сұрақтарын қойып, өрт қауіпсіздігі және құтқару техникасы туралы пікір алмасып, алған білімдерін толықтырды. Бұл жұмыс оқушылардың өртке қатысты білімі мен дағдыларын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын атап өткен жөн. Жас құтқарушылардың өрт қауіпсіздігіне қатысты білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатындағы бұл түсіндіру жұмысы алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырылып, жастардың төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілеттерін нығайтуға ықпал етеді.
2.