«№49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттікмекемесінің мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі.

1.Тегі, аты, әкесінің аты: Тәңірбергенов Берік Нүсіпәліұлы
2. Лауазымы, жұмыс, қызмеет орны: Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылындағы «№49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттікмекемесінің мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
Тәңірбергенов Берік Нүсіпәліұлы 1976 жылы наурыз айының
10 жұлдызында Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, қызылжар ауылында дүниеге келдім.
1983 жылы Қызылжар орта мектептің 1 сыныбының табалдырығын аттап, 1993 жылы 10 сыныпты бітірдім.
1994-1995 жылдары аралығында Повладар қаласындағы № 5512 әскери бөлімінде отан алдындағы борышымды атқардым.
1999 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инженер-педагог кәсіптік оқыту факультеттіне жоғарғы оқу орнына түсіп, 2004 жылы инженер-педагог мамандығы бойынша қызыл дипломмен аяқтадым.
1999-2015 жылдар аралығында Шилісу негізгі мектебінде көркем еңбек пәні мұғалімі болып қызмет атқардым.
2018 жылы қыркүйек айында Сарыөзек ауылындағы № 49 орта мектепке көркем еңбек пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылдандып, қызмет атқарып келемін.
Марапаттарым:
2020 жылы «Үздік қолөнерші-2020ж» аудандық көркем еңбек пәні мұғалімдерінің байқауында Бас жүлдені иеленіп мадақтамамен марапатталдым.
2023 жылы «Үздік қолөнерші-2023ж» аудандық көркем еңбек пәні мұғалімдерінің байқауында ІІІ-орынды иеленіп мадақтамамен марапатталдым.
Адандық кәсіподақ ұйымының мадақтамасы 2023 жыл.