«Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» түнгі мезгілде балалар мен жасөспірімдер жиналатын орындарға (тойханаларда, клуб, т.б.) кезекшілік орнату. Учаскелік полиция инспекторларымен бірге жастар көп шоғырланатын аймақтарға рейдке шығу Анықтам
«Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» түнгі мезгілде балалар мен жасөспірімдер жиналатын орындарға (тойханаларда, клуб, т.б.) кезекшілік орнату.
Учаскелік полиция инспекторларымен бірге жастар көп шоғырланатын аймақтарға рейдке шығу
Анықтама
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айы бойынша мектеп ұстаздары мен ҚІІБ қызметкерлерімен бірлесе кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар ұйымдастырылып отырған. . Өзімізге бөлінген аймақта рейдтік шараны мектеп әкімшілігі, мектебіміздің инспекторы, және көршілес мектепердің инспекторлары мен мұғалімдері жүргізді. Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, көпқабатты үйлердін ауласына және жертөрелерге ұйымдастырылған.
Рейдтің мақсаты:
1. КТЖ есепте және «қатер тобындағы» оқушыларды бақылауға ала отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу;
2. Жасөспірімдердің әлеуметтік, құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
3. Кешкі уақыттарда ата-анасының бақылауынсыз жүруін және түңгі ойын-сауық ойындары мен компьютерлік клубтарға бармауына қатаң бақылау жасау;
4. Оқушылардың сабақтан қайтқан уақытында құқықбұзушылыққа бармауын бақылау.Рейдке мектепішілік бұйрық шығарылып, кезекшілік кестесі құрылған.



Рейдтік іс шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғын-жайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында кафе барлармен, ойын-сауық орындарын араланып, жеке кәсіпкерлерге жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден кейінгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде болуы ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабының 1 бөлігінде қаралып, ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынатындығы, ал ойынхана, мейрамхана иелеріне кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 132 бап 1 бөлігімен 10 АЕК-тен 120 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылғандығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.