«Зорлық-зомбылықсыз әлем» акциясының қорытындысы Анықтама » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Зорлық-зомбылықсыз әлем» акциясының қорытындысы Анықтама
24
октябрь
2024

«Зорлық-зомбылықсыз әлем» акциясының қорытындысы Анықтама

«Зорлық-зомбылықсыз әлем» акциясының қорытындысы

Анықтама


      2024-2025 оқу жылының қазан айының 15-24і күндері аралығында мектепшілік жоспар негізінде «Зорлық-зомбылықсыз әлем» акциясы ұйымдастырылып,іс-шаралар жоспары бекітілді.

     Мақсаты 

  • оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу. 

“Зорлық-зомбылықсыз әлем” акциясы — қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге, адамдарды бір-біріне құрметпен қарауға, толеранттылықты нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға бағытталған шара. Бұл акция түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда, балалар мен жастарға зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың маңыздылығын түсіндіру, қарым-қатынасты жақсарту, қоғамда қауіпсіз орта құру мақсатында өткізіледі.Бекітілген іс-шара жоспарына сай:

15.10.2024 жылы мектеп психологтарының ұйымдастырылуымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы тренинг өткізілді.Бұл тренингтің негізгі мақсаты – балалар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз және қолдаулы орта құру, олардың құқықтары мен қорғаныс құралдары туралы ақпарат беру. Оқушыларды зорлық-зомбылықсыз өмір сүрудің маңыздылығына тәрбиелеу, өз құқықтарын біліп, қиын жағдайда көмекке жүгіну жолдарын үйрету.

Тренингтің негізгі бағыттары:

          1.       Зорлық-зомбылық түрлері: Оқушыларға физикалық, психологиялық, және киберқорқытудың түрлі формалары түсіндірілді.

          2.       Құқықтар мен міндеттер: Балаларға құқықтары мен олардың қорғалуына арналған негізгі заңдар жайлы ақпарат берілді.

          3.       Өз-өзін қорғау және көмекке жүгіну: Балаларға зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың қауіпсіз жолдары, қажет кезде көмек сұрау дағдылары үйретілді.

          4.       Эмпатия мен қарым-қатынас: Қарым-қатынас мәдениетін арттыру, өзара түсіністік, құрмет пен қолдау принциптерін дамыту үшін арнайы жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылды.

          5.       Жасөспірімдерге арналған сенім телефондары мен көмек орталықтары: Қол жетімді ресурстар мен сенім телефондары туралы ақпарат берілді.

«Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы!» тақырыбында 1-11-сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз балалық шақтың маңыздылығын түсіндіру, олардың құқықтарын қорғауға үйрету және қауіпсіз ортада тәрбиелеуге жағдай жасау.

Жалпы міндеттері:

          1.       Оқушылардың құқықтарын түсіндіру, олардың қауіпсіздігі мен амандығының маңызды екенін ұғындыру.

          2.       Зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, оны болдырмау жолдарын үйрету.

          3.       Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ұйымдар мен құқық қорғау органдарының рөлін түсіндіру.

          4.       Оқушылардың өздерін және өзгелерді қорғауға дайындықтарын қалыптастыру, сенімділік пен өзара көмек дағдыларын дамыту.

1-4 сыныптар үшін:

          •         Мақсаты: Балалардың қарапайым құқықтарын, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

          •         Жоспар:

          •         Оқушыларға олардың қауіпсіздікке деген құқықтары жайлы қарапайым тілмен түсіндіру.

          •         Зорлық-зомбылықтың не екенін және оны болдырмаудың жолдарын қарастыру.

          •         Қиын жағдайларда кімге жүгіну керектігі туралы ақпарат беру (ата-аналар, мұғалімдер, полиция).

          •         Балаларға қарапайым, интерактивті ойындар өткізу арқылы қауіпсіздікті сақтау дағдыларын қалыптастыру.

5-7 сыныптар үшін:

          •         Мақсаты: Зорлық-зомбылықтың алдын алу, оқушыларға өз құқықтарын қорғау туралы түсінік беру.

          •         Жоспар:

          •         Балалардың құқықтары мен міндеттерін нақтылап түсіндіру.

          •         Зорлық-зомбылық түрлерін талдау (физикалық, психологиялық, экономикалық).

          •         Қауіпсіздік сақтау бойынша ережелер және көмек көрсету ұйымдары туралы ақпарат беру.

          •         «Егер сіз немесе досыңыз қиын жағдайға тап болса» тақырыбында талқылау жүргізу.

8-11 сыныптар үшін:

          •         Мақсаты: Құқықтық білімін жетілдіру, зорлық-зомбылыққа төзбеушілік қағидаларын түсіндіру және тәуелсіз тұлға қалыптастыру.

          •         Жоспар:

          •         Адам құқықтарының негізі, оның ішінде балалар құқығы туралы заңдық түсінік беру.

          •         Зорлық-зомбылықтың түрлері мен салдары жөнінде талқылау.

          •         Қауіпсіздік жағдайларында өзін-өзі қорғау, жауапкершілігі мен міндеттерін сезіну.

          •         Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғайтын ұйымдар мен орталықтар туралы ақпарат беру.

          •         Құқық бұзушылыққа қарсы күресу жолдарын талқылау және сыни тұрғыдан ойлау машықтарын дамыту.

Қорытынды: Барлық жастағы оқушыларға зорлық-зомбылықсыз өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру, олардың құқықтарын сақтауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға баулу.

16.10.2024 күні «Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» тақырыбында оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырылды.

“Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары” тақырыбындағы пікірталас — бұл оқушылардың зорлық-зомбылықтың себептері, салдары, оның қоғамға, отбасына және білім беру ортасына әсері туралы ойлануына және өз пікірлерін білдіруіне мүмкіндік беретін талқылау. Бұл пікірталастың негізгі мақсаты — оқушыларға бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз өмір салтының құндылығын түсіндіру, оларды өз ортасында қауіпсіздік пен өзара құрмет атмосферасын құруға шақыру.

Пікірталас барысында келесі мәселелер қарастырылды:

            1.         Қоғамдағы зорлық-зомбылықтың себептері және оның салдары: Әлеуметтік теңсіздік, экономикалық қиындықтар және басқа да факторлардың қоғамдағы зорлық-зомбылыққа әсері туралы талқыланды.

            2.         Отбасындағы зорлық-зомбылық және оның балаларға әсері: Отбасындағы зорлық-зомбылықтың балалардың психологиялық және эмоционалдық дамуына қалай әсер ететіндігі, олардың болашақта қарым-қатынастарында зорлық-зомбылық қаупін қалай тудыратындығы қарастырылды.

            3.         Мектептегі зорлық-зомбылықтың түрлері және алдын алу: Мектеп ішінде балалар арасында кездесетін зорлық-зомбылықтың түрлері, оларды шешу жолдары және алдын алу шаралары туралы талқыланды.

            4.         Бейбітшілік қағидаттары және зорлық-зомбылықсыз қоғам құру: Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастық сияқты қағидаттар негізінде бейбіт өмір сүрудің маңыздылығы түсіндіріледі.Пікірталас оқушыларға қоршаған ортасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас орнатудың маңызын түсінуге және бейбіт қоғам құруға үлес қосуға ынталандырды.

17.10.2024 жылы Әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар!», «Жасөспірім», «Көше» сияқты кең ауқымды ведомствоаралық рейдтерді ұйымдастырылды.

«Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» сияқты рейдтер - бұл әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылатын ведомствоаралық іс-шаралар. Олар жергілікті билік органдарының, полицияның, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету және басқа да құзырлы мекемелердің қатысуымен жүргізіледі. Мұндай рейдтер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың түнгі уақытта заңсыз әрекеттерге немесе басқа қауіпті жағдайларға тап болуын болдырмау және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Рейд барысында заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген жасөспірімдер анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

18.10.2024 жылы «Біз салауатты келешек үшін!» 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.  “Біз салауатты келешек үшін!” флешмобы – бұл 9-11 сынып оқушыларының салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара. Флешмоб аясында оқушылар физикалық белсенділікке шақыру, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және психологиялық денсаулықты қолдау секілді тақырыптарды қамтып, түрлі спорттық, танымдық, мотивациялық іс-шаралар өткізу арқылы қоғамға үлгі көрсетеді. Шара жастардың денсаулығын нығайтып, болашақта дені сау әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

21.10.2024 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы педагогтардың атқаратын рөлі» семинар өткізілді. Бұл семинар педагогтардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы маңызды рөлі мен міндеттерін талқылауға арналған. Семинарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептері, түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары жайлы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, педагогтардың зорлық-зомбылық жағдайларын ерте анықтап, қолдау көрсету, балалар мен ата-аналарға бағыт-бағдар беру, қауіпсіз және сенімді орта қалыптастырудағы маңызы қарастырылады. Семинардың негізгі мақсаты – педагогтарға зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді шараларды үйретіп, оқушылардың құқықтарын қорғауға ықпал ету, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте педагогтардың біліктілігін арттыру.

22.10.2024 жылы «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында ата-аналар арасында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу барысында зорлық-зомбылықсыз, ізгі және құрметті қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсіндіру. Оларға балалардың психологиялық және физикалық қауіпсіздігін сақтауға арналған әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Міндеттері:

            1.         Ата-аналарды балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың теріс салдарларымен таныстыру.

            2.         Балалармен қарым-қатынаста зорлық-зомбылықсыз тәрбиенің тиімді әдістерін үйрету.

            3.         Ата-аналардың балаларды тәрбиелеуде сабырлық пен түсіністікке негізделген үлгісін дамыту.

            4.         Балалардың эмоционалдық қажеттіліктерін түсініп, қолдауға көмектесу.

Ата-аналар бала тәрбиесінде зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас орнатудың маңызды екенін түсініп, оны тәжірибеде қолдануға дайын болады. Балалар үшін қауіпсіз және қолайлы орта құруға мүмкіндік береді.

Жалпы адамзаттың ең басты құндылықтарының бірі-оның бостандығы. Сол үшін өскелең ұрпақтың зорлық-зомбылықсыз өмір сүріп, дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтары сақталуы қажет. Балалардың өмір сапасын жақсарту-ертеңгі болашақ кепілі.

"Сүтпен кірген сүйекпен кетеді" демекші, бала жасындағы қателіктерді дер кезінде түзеп, адам өміріндегі зорлық-зомбылықтың көбеюіне жол бермейік.Ұлтымыздың қанындағы асыл қасиеттерді жандандырып, зорлық-зомбылықсыз əлемді бірге құрайық!






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив