«Ыстық тамаққа ата-ананың көзқарасы» Сауалнамасының қорытындысы
«Ыстық тамаққа ата-ананың көзқарасы»
Сауалнамасының қорытындысы
Қараша айының 22-сі күні мектеп оқушыларының ата-аналарынан, нақтырақ айтсақ, 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарынан мектеп асханасы туралы сауалнама алынды. Қорытынды: мектеп асханасына ата-аналардың көзқарасы 95%- қанағаттанарлық деген бағаға бағаланды. Ата-аналардың мектеп асханасындағы тағамға деген көз қарастары, тамақтану барысы, тамақтану адамның денсаулығын нығайтатындығы, санитарлық гигиеналық нормаға сай екендігін айқындады. Асхананың қызметкерлерінің қызмет көрсету үлгісі өте жақсы екендігін сауалнама нәтижесі көрсетті.
Сауалнама мақсаты : асхана ас мәзірінің тағамдарының ұйымдастыру жүйесі қанағаттандыра ма және асхана тағамдары сіздің көңіліңізден шығады ма, асхананың санитарлық-гигиеналық нормаға сай екендігі туралы болды.


Сауалнама 10 сұрақтан тұрды:
- Сіз мектеп тағамының ұйымдастырылуы көңіліңізден шығады ма?
- Балаңызға мектеп асханасында тамақтану ұнайды ма?
- Мектеп асханасы қызметкерлерінің жұмысы көңіліңізден шығады ма?
- Мектеп асханасында балаңыз ас мәзірі бойынша толық тамақтанады ма?
- Мектеп асханасының жұмысына ұсыныс...
- Мектеп асханасына шағымдарыңыз бар ма?
- Асхана тазалығына көңіліңіз толады ма?
- Мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз ету тиімді деп санайсыз ба?
- Мектеп асханасында тыйым салынған тағамдар сатылады ма?
- Мектеп асханасында балаңызға тағам ыстықтай беріледі ме?
Сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналардың шағымдары жоқ, бірақ көптеген ұсыныстар бар екендігі анықталды. 90% ата-аналар балаларының келесі оқу жылында да ыстық тамақпен қамтылуын қалайтындығын анықтадық. Асхана тазалығы барлық ата-аналардың көңілдерінен шығады.
Әлеуметтік педагог: Ә.Сман