2024-2025 оқу жылына арналған АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024-2025 оқу жылына арналған АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
02
сентябрь
2024

2024-2025 оқу жылына арналған АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

                                                                                                                                        «Бекітемін»

                                                                                                                                                          Мектеп директоры 

 __________К.Кыстаубаева

                                                                                                                                                                     «___»______2024ж.





2024-2025 оқу жылына арналған 

АРНАЙЫ  ПЕДАГОГТЫҢ  ЖЫЛДЫҚ  ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ









Арнайы педагогтың 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстарына 

ТАЛДАУ


Мақсаты:

  • Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.
  • Балалар дамуындағы кемшіліктің құрылымы мен деңгейін анықтап, оқушының психофизикалық жағдайын ескере отырып топтарды жүйелеу;
  • Бұзылған функцияларды қалыпқа келтіру(компенсация), дамудағы ауытқушылықты жою мақсатында топтық және жеке сабақтар өткізу.

           Мектебімізде психологиялық –медициналық- педагогтік консультациясының тұжырымдамасы бар ерекше білім беруді қажет ететін - 18 оқушы бар. 

           Соның ішінде арнайы педагогке – 16 оқушы түзете -дамыту сабағына келеді.

           Бейімделген бағдарламамен – 12 оқушы.

           Жеке бағдарламамен – 4 оқушы.

           Жалпы білім беру бағдарламасымен – 2 оқушы.

Осы оқушылардың ішінде мінез- құлықтың бұзылуы (Аутист)  балалар саны-3. 

        Оқушылармен түзету жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 

- Әртүрлі танымдық тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.

- Дидактикалық ойындар арқылы шығармашылық қабілеттерін, қиялын, қабылдау дамыту.

- Түрлі қызықты тапсырмаларды өз бетінше және шапшаң орындатуға үйрету.

Инклюзивті оқытудағы оқушылар ОПМПК-ның шешімі негізінде түзету сабағына 1 жыл аралығында қатысуы керек, соның негізінде барлық тізімдегі оқушылар ІІ жарты жылдыққа ауыстырылады. Түзету сабақтарының нәтижесінде,  әрбір тізімдегі оқушыда, оқу жылының басына  қарағанда біршама өзгерістер  бар. Мәселен, берілген тапсырмаларды түсініп орындаулары, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыруы, байланыстырып сөйлеулері, зейіні, есте сақтаулары біршама жақсарды. Оқушылардың эмоциялық-танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға арналған дамыту ойындары жүргізілді. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларға заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді.

          Заттармен ойналатын ойын - ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз». Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата»,т.б. Орыс тілді сыныптармен де дәл осылай болады. Өткізілетін ойындар: «Волшебные кубики», «Чудо-дерево», «Пирамидка», «Будь внимателен», «Посчитай буквы и составь предложение», «Слушай хлопки и подбирай слоги»,т.б.          Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған қол, саусақ жаттығулары да өз жалғасын тауып отырды. Есепке жаңа алынған оқушымен де жұмыстар нәтижелі болып келеді. Ақпан айының ортасында бірінші сынып оқушысы ПМПК дан өтіп келді. Сөйлеу тілі анық емес, танымдық дамуы жасына сай емес, әріптерді танымайды, қосып оқи алмайды, көшіріп жазуда көп қате жібереді және теріс жазады. Қазіргі кезде дұрыс жазуға үйреніп қалды, қоршаған орта жайлы түсінігі кеңейе бастады. Есте сақтауы орташа деңгейге жетті деп айтуға болады. 

Осы оқушылармен жүргізіліп жатқан түзете дамыту жұмыстарының қорытындысы бойынша 

Сәтті жақтары:

Сабаққа деген қызығушылығының артуы; түзете дамыту сабағында өздерін еркін ұстауы; берілген тапсырманы бар ынтасымен орындауға тырысуы; сабақтан тыс байқауларға, іс шараларға қатысуға ынтасын білдіруі және жүлделі орындар алуы.

Сәтсіз жақтары:

Жазба және есептеу жұмыстарында айтарлықтай қателер жіберуі; үнемі мұғалім көмегін қажет етуі; есте сақтау қабілетінің төмен болуы; ата аналардың үй жағдайында сабақтарын қадағаламауы; кейбір уақыттарда түзете дамыту сабағынан себепсіз қалуы; біріккен жұмыстың баяулығы.

Шешу жолдары:

Ата аналар мен сынып жетекшілерге қызықты семинар тренингтер ұйымдастыруды жиілету және түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру; мектептен тыс шараларға ата ананың баламен бірге қатысуға ынталандырып отыру.

          Мінез құлықтың бұзылысы бойынша (аутизм) балаларды оқытуда, қарым қатынасқа түсуін, әлеуметтік ортаға бейімделуін, сөйлеу тілін қалыптастыруда, психикалық үрдістерін дамытуда кешенді түзете оқыту әдістерін жүйелі жүргізу үдерісінде айтарлықтай нәтижеге жету өте қиын болып тұр. Сол сияқты мектебіміздегі үш оқушының біреуінде ғана жақсы нәтиже бар, ол 3-ші сынып оқушысы: :
 - психикалық функцияларын қалыптастыру сапасы жоғарылады;
 - аталмыш жаттығуларды, тапсырмаларды орындауда оқушының белсенділігі мен қызығушылығы арта түсті;
 - оқушы мен педагог арасындағы қарым қатынас жаңа қарқын алды;
 - өз қателігін мойындап уақытында түзей білуге дағдылана бастады. Бұл дегеніміз тыныш отырмаса, бұзықтық жасаса, тапсырманы дұрыс орындамаса «апай кешіріңізші, екінші қайталанбайды» деген сөзді жиі айтатын болды. Мұның өзі үлкен жетістік деп айтуға болады. Мінез құлық бұзылысы бойынша жүргізілген жұмыстарға қысқаша тоқталатын болсам:

- Ойын технологиясын қолдану: «Айналма» ойыны, «Артығын тап», «Достарымызға үй саламыз», т.б.

- Глобалды оқыту әдістемесі: бұл бүкіл сөзді толығымен қабылдауы; алдымен өзіне таныс қысқаша сөздерді буынға бөліп айтып қайталатамыз, ма-ма, па-па, а-та, а-па, ары қарай сөздерді күрделендіре түсеміз: автобус, машина, қайық, т.б. Содан кейін екі сөзден тұратын қысқаша сөйлем ретіндегі сөздерді саны мен сапасына қарай айтып қайталайды; үлкен қасық, қызыл машина, бес ешкі, т.б. 

- Сенсорлық интеграция әдістемесі: Сезіну, яғни мидың сенсорлы ақпаратты өңдеуін жүзеге асыру. Музыкаға билеу – есту жүйесін қалыпқа келтіруге бағытталған; Бұршақ толтырылған қораппен ойын – тактильді сезімін дамытуға арналған; Қозғалып тұрған шарикке жанасу – көру сезімін дамыту үшін; Орындықта айналу – тепе  -теңдік сақтау және көру қабілетіне жақсы әсер етеді. Ары қарай дұрыс дем алу , дем шығару және артикуляциялық жаттығулар орындалды. Жануарлардың немесе көліктің дыбысын салу әріптерді, дыбысты жылдам әрі анық шығаруға ықпал етті. Қалған 2 оқушыда еш өзгеріс болмай тұр. Біреуі 1-ші сыныпта орыс сыныбында  оқиды, екіншісі 2-ші сыныпта отыр. Келесі оқу жылында түзету жұмыстары осы балалармен жалғасады және жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген үміт бар. 


№ 49 орта мектебі бойынша ерекше білімді қажет ететін оқушылар тізімі


Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Сыныбы 

Диагнозы 

Қызмет түрі

ПМПК өткен уақыты

1

Акжелтай Азамат 


09.11.2017

1 Б

Көру қабілетінің зақымдалуы: қылилық. Психикалық дамуының айқын тежелуі. ЖСТД ІІ-ІІІ деңгейі

Арнайы педагог, логопед

16.11.2023

2

Ержан Аслан


06.02.2017

1 Б

Психикалық дамуының тежелуі. ЖСТД ІІ-ІІІ деңгейі

Арнайы педагог, логопед

18.09.2023

3

Семенко Арсений

03.12.2016

1 Г

Нарушение общения и социального взаимодействия. Легкое нарушение интеллекта. Нарушение поведения. ОНР – І уровня, специфическое развитие речи

Дефектолог, логопед, психолог, педагог ассистент

10.05.2023

4

Талғарбек Асылхан

01.06.2016

2 Г

Заддержка психического развития. Общее недоразвитие речи ІІ-ІІІ уровня

Арнайы педагог, логопед

26.08.2022

5

Горяченко Кирилл

14.03.2016

2 Г

ЗПР. ОНР ІІ , ІІІ уровня

Дефектолог, логопед

30.05.2023

6

Темірлан Асылжан

17.05.2016

2 Б 

Зиятының жеңіл бұзылысы. Мінез құлқының бұзылысы, сөйлеу тілінің күрделі бұзылысы, сенсомоторлы алалия.ЖСТД І деңгейі

Арнайы педагог, логопед, педагог ассистент

27.12.2023

7

Қабылда Іңкәр

08.09.2014

3 В

Психикалық дамуының айқын тежелуі. ЖСТД ІІ деңгейі

Арнайы педагог, логопед

28.09.2023

8

Қорғаспай Мансур

10.02.2014

3 В

Таным әрекеттерінің бұзылуы негізінде психикалық дамуының айқын тежелуі. Мінез құлықтың бұзылыстары

Арнайы педагог, психолог, педагог ассистент

29.09.2023

9

Жаманқұл Шыңғыс

16.02.2014

3 Б

Зиятының жеңіл бұзылысы. Зерде жеткіліксіздігі негізінде оқу әрекетінің бұзылуы. ЖСТД ІІІ деңгейі(фонетикалық фонематикалық жетіспеушіліктің басым болуы)

Арнайы педагог, логопед

04.11.2022

10

Жаманқұл Ерназар

17.10.2015

3 Б

Психикалық дамуының тежелуінің айқын түрі. Таным әрекетінің бұзылуы негізінде оқу әрекетінің бұзылуы. ЖСТД ІІ, ІІІ деңгейі

Арнайы педагог, логопед

04.11.2022

11

Семенко Николай

13.06.2013

5 Г

Выраженная ЗПР, обусловленная нарушением познавательной деятельности. Трудности формирования учебной деятельности.

 Дефектолог 

26.08.2022

12

Боровиков Максим

04.04.2013

5 Г

 Нарушение опорно двигательного аппарата: самостоятельно передвигающийся,не требующий индивидуального ухода. Нарушение слуха: слабослышащий ребенок. ЗПР. Нарушения учебной деятельности, обусловленные интеллектуальной недостаточностью. ОНР с преобладанием фонетико фонематического недоразвития.

    Дефектолог, 

       логопед

18.11.2022

13

Жандосқызы Айзере

10.10.2012

5 Б

Выраженная ЗПР на резидуально органическом фоне. Нарушения учебной деятельности, обусловленные интеллектульной недостаточностью. ДЦП, спастический парапарез нижних конечностей,средней степени.ОНР ІІІ уровня,обусловленное нарушением познавательной деятельности.

Арнайы педагог, логопед

11.09.2020

14

Құрманбай Аяжан

14.04.2009

8 Б

Психикалық дамуының тежелуі(ПИН) Зерде жеткіліксіздігі негізінде оқу әрекетінің бұзылуы. Тұтығудың жеңіл түрі.

Арнайы педагог

11.11.2022

15

Нұрғожа Көркем

04.01.2011

6 А

Таным әрекеттерінің бұзылуы негізінде психикалық дамуының айқын тежелуі

Арнайы педагог

24.10.2023

16

Боровиков Трофим

04.04.2013

5 Г

Интеллект сохранный. РЭ. ОS сходящееся косоглазия. Атрофия зрительного нерва. Фонетико -фонематическое недоразвитие речи с элементами лексико- грамматического

Логопед КППК

10.12.2020

17

Жақып Гүлім

08.09.2009

Ә

Интеллект сохранный. РОП.ЦНС. Невроз навязчивых движении. Лицевые тики.ФНР 

Логопед 

23.11.2020

18

Аманкелді Аманжол

14.08.2017

Б

Психикалық дамуының айқын тежелуі. Іс әрекетті ерікті реттеудің төмендеуіне байланысты оқу әрекетінің қиындықтары. ЖСТД ІІІ деңгейі, фонетикалық фонематикалық жетіспеушіліктің басым болуы

Арнайы педагог, психолог, логопед

12.02.2024

          Мінез құлықтың бұзылысы бар (аутизм) балалар бұл тізімде педагог ассистентпен көрсетілген. ЕББҚ оқушыларды мерзіміне сәйкес ОПМПК дан өткізу көзделіп отыр. ЕББҚ оқушылар арасында өнерлі балаларымыз да бар. Жыл сайын түрлі конкурстарға қатысып өз өнерлерін көрсетіп жүр. Сол сияқты өз білімін жетілдіру курстары мен тәжірибе алмасу семинарларына қатысып білімімізі шыңдаймыз. Үйден оқитын оқушылар саны - 13 оқушы. 2 оқушы үйден оқытудан шығып, 2 оқушы қосылды. Ағымдағы жылдың 21 мамырында № 2 ОПМПК дан үйден оқитын 2 оқушы тексеруден өтіп, келесі оқу жылына оқыту бағдарламасы айқындалып берілді. 

           Мектеп мұғалімдерімен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар атқарылды. Мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың мақсаты: Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерін психологиялық педагогикалық тұрғыдан қолдау және әдістемелік көмек көрсету. Осы тұрғыда мұғалімдерге әсіресе сынып жетекшілерге ЕББҚ оқушыларға білім беру жағдайында іске асырылатын құжаттар жайлы,   оқыту бағдарламасын жүзеге асыру және оқытуда кездесетін қиындықтар бойынша кеңес беріліп, шешу жолдары түсіндірілді. 

           Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты: ЕББҚ оқушылармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарына белсенді араластыру, оқыту үдерісіне тарту. Алдымен ата аналармен түсііндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы педагогтың түзете дамыту сабағына келісім парағы толтырылды. Сауалнамалар, формалар алынып кеңестер берілді. Мерзіміне байланысты ата аналар және мұғалімдермен жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. 


Жоспарды құру барысында  мына тізімдегі нормативтік құжаттар ескеріледі:

1. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы 

2. Кемтар балаларды әлеуметтік және  медициналық –педагогикалық  түзеу арқылы қолдау туралы  ҚР 2022ж  №11 шілдедегі 343 заңы

3. Қазақстан Республикасындағы  баланың  құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 заңы

4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2021 ж 26 маусымдағы №56-VII заңы

5. Ерекше білім беру қажеттіліктерін  бағалау қағидаларын  бекіту туралы   ҚР 2022 №12 қаңтардағы  4 бұйрығы

6. Білім беру ұйымдарында  психологиялық педагогикалық қолдап отыру  қағидаларын  бекіту туралы ҚР 2022 жылғы №12 қаңтардағы  6 бұйрығы





Арнайы педагогтың мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына және мектеп кеңесінің шешіміне сәйкес білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына арнайы педагогикалық қолдау көрсету.

Арнайы педагогтың міндеттері:

  1. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушысына басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;
  2. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушысына жеке, топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
  3. Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру. 



Арнайы педагогтың жұмысының негізгі бағыттары: 

  1. Ұйымдастырушылық жұмыс;
  2. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;
  3. Оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;
  4. Кеңестік-әдістемелік қызмет;
  5. Өзін-өзі дамыту. 






 1.Ұйымдастырушылық жұмыс

Р/с

Іс-шаралар

Орындау мерзімдері

Жауаптылар

Орындалу нысаны


1

Көрнекі-дидактикалық құралдар мен жұмыс орнын дайындау



Әдістемелік жұмыстар. Оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар жинақтау 

Тамыз






Жыл бойы

Арнайы педагог

Диагностикалық және дидактикалық материалдар дайындау;

2


Ерекше білім беру қажеттілігі бар  оқушыларды анықтау 

                      

Қыркүйек  


02.09-15.09.2024ж аралығында (2 апта)

Сынып жетекші 

ППҚ мамандары

 1)Оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а,б) мұғалімнің мінездемесі балаға (форма 3)

2)Оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің бланкілері.

3

Жылдық жұмыс жоспарын құру және бекіту

Тамыз 



Арнайы педагог

    Жұмыстың жылдық жоспары 

4

Оқушылар тобын құру , топтық сабақтар құру және сабақ кестесін бекіту  

Қыркүйек 


16.09.2024ж бастап және жыл бойы

Арнайы педагог


 1)Оқушылардың тізімі

2)Жұмыс кестесі

3)Сабақ кестесі

5

Құжаттарды рәсімдеу және жүргізу


Қыркүйек



Арнайы педагог

  1. Сабақтарға қатысу журналы;
  2. Кеңестерді тіркеу журналы.
  3. Сабақ кестесі 
  4. Жұмыс кестесі

6

Жылдық рефлексиялық есеп жүргізу 

Мамыр 



Арнайы педагог

Жылдық рефлексиялық есеп 


                                          2. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау (көмек)


1

Оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін арнайы педагогикалық зерттеу:

1.1.Сабақта бақылау;


 Қыркүйек


 02.09-15.09.2024ж аралығы, жыл бойы

ППҚҚ мамандары:

Педагог-психолог, арнайы педагог, логопед, педагог-ассистент, сынып жетекшілер

  1. Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б);



1.2.Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар


 Қыркүйек


 02.09-15.09.2024ж аралығы, жыл бойы

Арнайы педагог

2)Әңгімелесу хаттамасы немесе толтырылған сауалнама (форма 1а,1б, 6 );

1.3.Тереңдетілген арнайы педагогикалық бақылау;




 Қыркүйек 



Арнайы педагог

3)Тереңдетілген арнайы педагогикалық бақылау хаттамасы негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің карталары;

1.4.Оқушының «Коммуникативтік паспортын» зерттеу

 Қыркүйек


02.09-15.09.2024ж аралығы, жыл бойы

Арнайы педагог

4) Оқушылардың мінездемесі (форма 3)

2

Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқылау

Жоспар бойынша 

(ППҚ отырысы)

ППҚ мамандары:

Педагог-психолог, арнайы педагог, педагог-ассистент, мектеп ұжымы

Оқушылардың мінездемесі 

(форма 4)

3

Оқушылармен жұмысты жоспарлау: 

3.1.Оқушылармен жұмыстың жеке бағдарламаларын құру;


Қыркүйек 


16.09.2024ж аралығы және әр тоқсан сайын

Арнайы педагог, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері

  1. Оқушылармен жұмыстың жеке бағдарламалары;



3.2. Жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру;



3.3Жеке және топтық сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау;



Қыркүйек 


16.09.2024ж аралығы және әр тоқсан сайын



Қыркүйек 


16.09.2024ж аралығы және әр тоқсан сайын

Арнайы педагог, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері





Арнайы педагог, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері

Жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру;




Жеке және топтық сабақтардың жоспарларын құру;


Сынып жетекшімен бірлесе отырып оқу бағдарламаларын бейімдеу (ПМПК ұсыныстарына сәйкес)

Қыркүйек


 16.09.2024ж аралығы және әр тоқсан сайын, жарты жылдық

Арнайы педагог, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері

ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес оқушыларға арналған бейімделген және жеке оқу жоспарларының мәтіндері.

4

Мұғалімдердің сұранысы бойынша оқуда қиындықтары бар оқушыларды тексеру

Жыл бойы

Арнайы педагог, пән мұғалімдері

  1. Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б);
  2. Оқушылар мінездемесі (форма 3)
  3. Мұғалімнің ППҚ мамандарына сұранысы (7 форма)
  4. негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің карталары

5

Сабақтарға қатысу

Жыл бойы

ППҚҚ мамандары:

Педагог-психолог, арнайы педагог, педагог-ассистент


 Сабақты бақылау парағы

                            3.Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау


1

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен түзете-дамытушылық жеке және топтық сабақтарды өткізу

Жыл бойы

Арнайы педагог

Жеке және топтық сабақтардың кестесі


Денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушылармен түзете-дамытушылық жеке сабақ өткізу

Жыл бойы

Арнайы педагог

Жеке сабақ кестесі

2

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың тізімі (мектепішілік бұйрық)

Жыл бойы

ППҚҚ мамандары:

Педагог-психолог, арнайы педагог, педагог-ассистент, сынып жетекшілер

Оқу жылы ішінде ЕББҚЕ  оқушылар жаңадан келген жағдайда мектепішілік бұйрық шығару, форма-1 


3

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау

Әр тоқсан сайын

(ППҚ отырысы)

ППҚҚ мамандары:

Педагог-психолог, арнайы педагог, педагог-ассистент, сынып жетекшілер

Сабақ барысында оқушыны бақылау хаттамасы (2а,б формасы);

Жетістіктері карталары


4. Кеңестік-әдістемелік қызмет

1

Ата-аналарға жеке кеңес беру (ата-ананың сұрауы бойынша немесе қажет болған жағдайда)


«Менің балам»


«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»


Сұраныстар мен ұсыныстар

Жыл бойы 



Арнайы  педагог

Кеңесті тіркеу журналы



Сауалнама 


Баяндама  

2

Мұғалімдерге жеке кеңес беру. 


ПМПК қорытындысына сәйкес ЕББҚ бар оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын нақтылау


Сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен  бірлесе ерекеше білім беруді қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау. Ұсынымдар әзірлеу және оларды іске асыру.


Презентация «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар»

Жыл бойы

Арнайы  педагог

Кеңесті тіркеу журналы
















Слайд презентация

5.Өзін-өзі дамыту

1

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен нұсқаулықтарды жинақтау 

Жыл бойы

Арнайы  педагог

Ғылыми әдістемелік құралдар

2

Біліктілікті арттыру курстарынан өту 

Жыл бойы

Арнайы  педагог

Сертификат

3

Байқауларға ,семинарға қатысу 

Жыл бойы

Арнайы  педагог

Мақтау қағазы,алғыс хаттар


4

Нормативтік құқықтық базамен танысу, толықтыру

Жыл бойы 

Арнайы  педагог

Заңдар, қосымшалар, бұйрықтар










Арнайы педагог                                  А.Мусаева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив