«Жас құтқарушы» клубы
АҚПАРАТ
2025 жылдың қыркүйек айында Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы №49 орта мектебінде «Жас құтқарушы» клубы құрылды. Клубтың негізгі мақсаты – оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету және азаматтық қорғаныс саласына қызығушылықты арттыру болып табылады.
Клуб мүшелері бекітіліп, олар құтқарушының міндеттері, қауіпсіздік ережелері, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар туралы ақпаратпен таныстырылды.
Жоспарға сәйкес, 2025 жылдың 29 қыркүйек күні аудандық Төтенше жағдайлар басқармасына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында оқушыларға азаматтық қорғау қызметінің құрылымы мен міндеттері түсіндіріліп, арнайы техникалық құрал-жабдықтармен таныстырылды.
Түсіндірме жұмыстарын аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлері, азаматтық қорғау аға лейтенанты С. Сабыржанұлы және азаматтық қорғау лейтенанты Д. Амантайұлы жүргізді. Олар оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету, өрт кезінде эвакуациялау, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау жөнінде тәжірибелік кеңестер берді.
Іс-шара барысында оқушылар құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Шара оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, болашақта құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын оятты.
«Жас құтқарушы» клубының жұмысы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын тауып, оқушылардың өмір қауіпсіздігі саласындағы білімін тереңдетуге бағытталатын болады.
https://www.instagram.com/reel/DPL_IwoDFsE/?igsh=Z2ljOGZiZzdyZnA=
Ұстаз ұйымдастырушы М Рысбекова