«Ұстаздар күніне арналған волейбол жарысы»
АҚПАРАТ
«Ұстаздар күніне арналған волейбол жарысы»
2025 жылдың 3 қазан күні Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы №49 орта мектебінде Ұстаздар күні мерекесіне орай мұғалімдер арасында бірлестіктердің дәстүрлі волейбол жарысы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздар қауымы арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық ауызбіршілікті арттыру, спорттық белсенділікті дамыту және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болды.
Жарысты мектеп әкімшілігі мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері бірлесе ұйымдастырды. Сайысқа мектептің барлық әдістемелік бірлестіктері қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Командалар жоғары дайындық, ұйымшылдық және спортқа деген сүйіспеншілік танытты.
Тартысты өткен дода барысында ұстаздар өздерінің кәсіби ұстамдылығымен қатар, спорт алаңындағы шеберліктерін де көрсете білді. Әр команда жеңіске деген жігермен ойын көрсетіп, командалық рух пен өзара қолдаудың жарқын үлгісін танытты.
Жарыс нәтижесі бойынша:
🥇 І орын – Мектеп әкімшілігі
🥈 ІІ орын – Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі
🥉 ІІІ орын – Бастауыш және Химия-биология бірлестіктері
Сонымен қатар, жоғары белсенділік пен ынтасы үшін өзге командалар да әртүрлі номинациялармен марапатталды.
Айта кету керек, жарысқа мектеп директоры Кыстаубаева Камшат Болатканкызы да белсене қатысып, ұстаздарға спорттық сергектік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Ол өз сөзінде мұндай іс-шаралардың ұстаздар арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуда ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Волейбол жарысы ұстаздар қауымының мерекесін шаттыққа толтырған жарқын сәттердің бірі болды. Спорттық дода қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтты.
Бұл жарыс мұғалімдердің тек білім мен тәрбие саласында ғана емес, спортта да белсенді екенін дәлелдеді. Мұндай шаралар мектеп ұжымының рухын көтеріп, салауатты өмір салтының маңызын насихаттауға мүмкіндік береді.
https://www.instagram.com/reel/DPYuXMEDAIf/?igsh=cTI5bnZ2cDVuN3hx
Ұстаз ұйымдастырушы М Рысбекова