«Ұстазға тағзым» » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2025

«Ұстазға тағзым»

АНЫҚТАМА

01 қазан – Қарттар күніне орай Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы №49 жалпы орта мектебінің мектеп парламенті мүшелері мен тәлімгері ұйымдастырған «Ұстазға тағзым» атты қайырымдылық әрі құрмет көрсету шарасы өткізілді.

Аталған іс-шара аясында мектеп парламентінің белсенді оқушылары мен ұстаздар қауымы ардагер ұстаздардың үйлеріне арнайы барып, оларды Қарттар күнімен шын жүректен құттықтап қайтты.

Мектеп тарихында ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ұстаздық жолда өлшеусіз еңбек сіңірген ардагер ұстаздар — Сәруар Айтбековна, Жаңғақ Ибраймжановна және Мейрамкүл Күнақынқызының үйлеріне барып, мерекелік сый-сияпаттар табысталып, ізгі тілектер мен алғыс сөздер айтылды. Ардагер ұстаздар өз кезегінде мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға ақ баталарын берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — ардагер ұстаздарға деген құрмет пен ризашылық сезімін білдіру, жас ұрпаққа үлкенге ізет көрсету, ұстаз еңбегінің қадірін ұғындыру және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болып табылады. Мұндай кездесулер арқылы оқушылар тәлім-тәрбиенің маңызын ұғынып, ұстаздық жолдың абыройлы әрі жауапты мамандық екенін сезінді.

Бұл игі іс-шара мектеп өміріндегі дәстүрлі бастамалардың бірі болып табылады және алдағы уақытта да ардагер ұстаздарға арналған кездесулер мен тағылымдық шаралар жалғасын табады.

Ұстаз ұйымдастырушы                           М Рысбекова 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив