Соңғы қоңырау салтанаты » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2023

Соңғы қоңырау салтанаты


Соңғы қоңырау салтанатты жиынының өткізілу

жоспары


(күй дауысы)

1 жүргізуші: 

 Қайырлы кеш, қымбатты мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар және  қонақтар!

 Сіздер тағы бір ұмытылмас ерекше мерекенің куәгері болып отырсыздар.  Баршаңызда бүгінгі мектеп бітіру кешіне  қош келдіңіздер!

Бүгінгі соңға қоңырау салтанаты «1 маусым – Балаларды қорғау күні»  тақырыбында өткізіледі.  

Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәтте келіп жетті.  
 Бүгінгі күн! 11 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата - аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні.
 Бұл –алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын, жастар үшін мәңгі ұмытылмайтын   ерекше сәт.
 
 2 вед. Добрый день всем! Мы рады приветствовать вас! По старой школьной традиции звуки школьного вальса сопровождают сегодняшний праздник. Праздник одновременно веселый и грустный, праздник, который открывает в жизни новые двери и делает из прожитых школьных лет приятное воспоминание — Последний звонок.


1 жүргізуші: 

Думанды дүбір ән жырлы 
 Жайқалған өмір жас бағы. 
 Мінеки, тағы бір жылды 
 Сырғытып артқа  тастады.
 Ұстаздардың – жаны нұр 
 Шаттық күйін бөліскен.
 Аяқталды тағы бір
 Оқу жылы жеміспен.

 11 жыл бойы білім нәрімен сусындаған жас түлектеріміз алтын ұясынан қияға қанат қағып ұшқалы отыр.  


2 вед. Здравствуйте, уважаемые педагоги, родителии ученики!
 Сегодняшняя торжественная линейка посвящена знаменательному событию в жизни выпускников нашей школы. Сегодня для учеников 11-х классов.
 Прозвучит последний звонок.
 В течении 11-ти лет выпускники, в знак уважения, стоя встречали педагогов, входящих в класс. Давайте же сегодня стоя встретим тех, кто уходит из школы в большой мир. Школа! К встрече выпускников 2022-2023 года стоять смирно!
 Равнение на выпускников школы! 

1 жүргізуші:

Көп күттірмей түлектерімізді қарсы алайық! 

11 а сыныбы, сынып жетекшілері өз ісіне жоғары жауапкершілікпен қарайтын, оқушыларының   жақсы ісіне қуанып, жамандығына күйінетін  талапшыл мұғалімдер Жолбарисова Бақытгүл Маратқызы, алғашқы сынып жетекшілері  Батымбетова Гүлнұр Рахымбердіқызы, Досимайлова Мөлдір Аманжолқызы


11 ә сыныбы, сынып жетекшісі Жүнісова Қаламқас Маратқызы, алғашқы сынып жетекшіcі Сатаева Салтанат Әділханқызы


2-жүргізуші:

11 б класс,   Классный руководитель  Мухамадиева Ақжарқын Тілектесовна, первый учитель   Орынбаева Айгүл  Қарасаевна


Гүл шоқтарын табыстау

Құрметті ұстаздар қауымы Түлектеріміз өздеріңізге  ықыласы мен алғысы ретінде гүл шоқтарын табыстамақ, қабыл алыңыздар! 


1-жүргізуші: Мектеп түзел, тік тұр!    Қазақстан Республикасының мемлекеттік  Туы алаңға енгізілсін.


Жетісу облысы  Кербұлақ ауданы, № 49  орта мектебі Мемлекеттік Коммуналдық мекемесінің 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау салтанаты ашық деп жарияланады.   


ГИМН

1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынды бимен көркемдейтін мектебіміздің бишілері  «Қазақ биін» тарту етеді.  Қабыл алыңыздар! 


2-жүргізуші: /Қонақтармен таныстыру/

 Келесі кезекте салтанатты  жиынымызға қатысып  отырған қонақтармен таныстыра кетейін:

  1. 29/108 әскери бөлімінің тәрбие ісі бойынша аға офицері  Биримбетов Бағлан Қанатұлы
  2. Кербұлақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Жагпаров Әділет Серікұлы

--------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:

Құттықтау  және марапаттау үшін сөз мектеп  басшысы  Кыстаубаева Камшат Болатханқызына беріледі.


                                         



         ШЕРУ

1-жүргізуші: 

(ҮЗДІКТЕР)

Осы қуанышты сәттің  ізін суытпастан бүгінгі жиыннның салтанатты шеруіне кезек берейік. 

Шеруді алғашқы болып, мектептің айнасы, мектепішілік, аудандық 

іс-шаралардың  көш басында жүріп, ұстаздарға көмекші бола білген Мектеп парламенті бастайды.  


(ҮЗДІК, ДАРЫН, ЗЕРДЕ)

Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін, аялап-өсірген 

ата-аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шыққан оқушылар «оқу үздіктері», «Дарын» ғылыми жоба байқауы,  облыстық пән  олимпиядалары мен «Зерде» ғылыми зерттеу байқауларының жеңімпаздары .   

(СПОРТШЫЛАР)

Ортада мектебіміздің спортшылар шеруі.   Шеруде сап түзеушілер аудан, облыс көлеміндегі волейбол, футбол, баскетбол, еркін күрес, тенис және т,б. спорт түрлерінен  1,2,3 орын иегерлері. 



Сондай-ақ, алаңда   МЕКТЕП   КЛУБТАРЫ  мен ҰЙЫМДАРЫ

  1. Жалпы ұлттық мәдени білім беру жобасын іске асыру мақсатында құрылған мектепішілік «Парасат» дебаттық клубы. Биылғы облыстық «Ділмар» пікір сайыс байқауында ІІІ орынды иеленді. 
  2. Сыбайлас жемқорлықпен күресті насихаттап жүрген   «Адал ұрпақ ерікті клубы». Биылғы  оқу жылында өткен аудандық слеттің ІІ орын иегерлері.  
  3. Ер балаларға ұлттық құндылық пен патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған «Ұлдар кеңесі»  ұйымы.   
  4. Және де мектеп қабырғасындағы қыз балалардың тәрбиесі мен тәртібін қадағалауда өз үлестерін қосып жүрген «Қыздар кеңесі» ұйымы. 


ҚОНАҚТАР ҚҰТТЫҚТАУЫ

2-жүргізуші:

Арнап келер мерейтой, мейрамдарда
 Мәртебең де биік қой мейрам бар да.
 Бүгінгі түлектерге тілек айтсын

Сөз кезегі құрметті қонақтарда


1. Құттықтау сөз Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Жагпаров Әділет Серікұлына   беріледі. 

2. Құттықтау сөз 29/108 әскери бөлімінің тәрбие ісі бойынша аға офицері  Биримбетов Бағлан Қанатұлына беріледі . 


Сөз кезегі 11 сынып жетекшілері атынан Жолбарисова Бақытгүл Маратқызына беріледі.


1-жүргізуші:

Сөз кезегі түлектердің алғашқы сынып жетекшілері атынан   Батымбетова Гүлнұр Рахымбердіқызына беріледі. 


2 – Жүргізуші:  Мы приглашаем на сцену тех, кто не меньше наших выпускников волнуется и переживает. Тех, кто благодарен учителям так же, как и выпускники – ваших любимых пап и мам, которые вместе с вами прошли этот долгий путь с 1 по 11 классы. Слово предоставляется родительнице 11 б  класса Пермухаметовой Людмиле Михаиловне 


 2-жүргізуші:  Мектеп бітіруші түлектер атынан белгіге үміткер, 

Аудандық, облыстық, Республикалық  Зерде зерттеу жұмыстары, Білген аламан пән олимпиядасы,  «Әдебиет білгірі», «Көркем сөз шебері»   байқаулырының 1,2,3 орын иегері Хусаин Вилнураға сөз кезегі беріледі. 


1 СЫНЫП БІТІРУШІЛЕРІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ


1-жүргізуші:Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

                           Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

                           Қуанышта жарқын тілек білдіріп,

                           Құттықтайды 1-ші сынып баршаңды – құрметті түлектер, бүгін сіздерді құттықтау үшін бастауыш сынып  оқушылары келді. Кезекті 1 сынып түлектеріне берейік.

ТҮЛЕКТЕР ҚҰТТЫҚТАУЫ

2-жүргізуші:

Жазуларымды қаттаған

Жақсымды көріп мақтаған

Ардақты ұстаз - жақсы адам,

Айтқанын ұғып жаттағам...

Жетелеп әрі сынып та

Жеткізген мені мұратқа

Ұлағатты ісін сүйемін,

Ұстазға басымды иемін  – деп қазір мектеп бітіруші түлектер өздерінің мектеп қабырғасындағы ең соңғы тілектерін, тебіреніс сезімдерін білдіргелі тұр, ендеше сөз түлектерде.


АНТ ҚАБЫЛДАУ

1-жүргізуші:Көңіл толқып жанады осы күні,
                            Түлектерім, есте сақта  мәңгі мұны.
                            Болашақтың үміті сендерсіңдер,
                            Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

         Мектеп бітіруші түлектердің Ант қабылдау рәсіміне 

11  сынып қушылары Үздік аттестатқа үміткер, аудандық, облыстық пән олимпиядаларының жүлдегері Слатай Жансая  мен аудан, облыс көлеміндегі баскетболдан өткен жарыстардың  жүлдегері   Садыкбеков Мадияр шақырылады.  


МЕКТЕП КІЛТІН ТАПСЫРУ

1-жүргізуші:

Алдарыңнан арман жолы ашылады.
 Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
 Қимастықпен білімнің алтын кілтін
 Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Құрметті жиналған қауым!  «Білім кілті» мен «Мектеп символын»   тапсыру құрметі

11 ә сынып оқушылары:   үздік аттестатқа үміткер, қазақ тілі және әдебиеті пәнінен облыстық олимпиаданың бас жүлдегері, зерде республикалық конкурсынан 2 орын, әдебиеттен облыстық ғылыми жобалар конкурсының 2 орын иегері Байсұлтанов  Данияр мен Үздік аттестатқа үміткер    Республикалық Білген олимпиадасының жеңімпазы, Республикалық «Өлең сөздің патшасы»   жасөспірімдер байқауының жеңімпазы, өнер саласының майталмандары республикалық өлең және шығарма байқауының 1 орын иегері Жайнақ Гаухар 

және 10 сынып оқушылары:  аудандық «Абай оқуларының» 3 орын иегері,  «Тарих ата» Республикалық турнирінің 3 орын иегері, Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан Рспубликасының 4 дүркін жеңімпазы   Өмірзақ Ердос пен «Тілмаш Балалар» ұлттық зияткерлік марафонының ІІ орын иегері, Республикалық «Балалар оқулары» байқауының ІІ орын иегері Өмірзакова Аминаны  шақырамыз.                          


 /Соңғы қоңырау соғу рәсімі/

2-жүргізуші:

Наступает самая радостная и торжественная минута. Сейчас для вас, выпускники, прозвенит звонок. Этот звонок особенный, он не похож ни на один ранее звучавший. Пусть его звон сохранится в ваших сердцах, как звон детства, школьной дружбы и добрых, хороших воспоминаний об этом дне.
 Мы смотрим тревожным и радостным взглядом, в предчувствии новых путей и дорог.
 Сейчас он раздастся по всем коридорам.
 Печальный, прощальный, последний звонок.
 Звенит он над прошлым и настоящим.
 Над всем, что берег ты, и что не сберег.
 Звенит он над детством твоим уходящим
 Веселый и грустный, последний звонок.
 


1-жүргізуші:

Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің

Үнімен Соңғы естіген қоңыраудың

Дірілдейді –ау ерекше жүректерің, - деп ақындар жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу жылының аяқталғанын хабар беріп тұр.

Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі

соңғы қоңырау үні  мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні. 

2-Жүргізуші: 

Соңғы қоңырау соғу салтанаты  құрметпен 11-сынып түлектері

алтын белгіге үміткер, Аудандық, облыстық, Республикалық,  Зерде зерттеу жұмыстары, Білген аламан пән олимпиядасы,  «Әдебиет білгірі», «Көркем сөз шебері»   байқаулырының 1,2,3 орын иегері Хусаин Вилнура  мен  Ағылшын тілі пәнінен  аудандык ,областык пән олимпиядаларының жүлдегері, Ұлыбритания мемлекетініңБорнмут университетінің грант иегері  Олиференко Ролан  және 1-сынып оқушылары:  оқу үздігі, Республикалық Ақбота, Кенгуру олимпиядаларының 1,2 орын иегері Алдиярбек Сезім мен қашықтықтан өткен олимпиядалардың жүлдегері, оқу үздзігі Олшанников Матвейге  тапсырылады.  


1-Жүргізуші:

Құрметті түлектер, сіздерге арналып соңғы қоңырау қағылды. Сіздердің алдарыңызда барлық қуаныш – күйінішімен, қиындығымен және шексіз жолдарымен үлкен өмір есігі ашылғалы тұр.


2-Жүргізуші

Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!


№ 19 /Мектеп Вальсі/

1-жүргізуші:

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп, 
 Шәкірттерін баулыды, тәртіпті қып 
 Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен 
 «Мектеп вальсін» айтып тұрып  - ортаға түлектерді ырғақты би мектеп вальсіне шақырамыз.


2-жүргізуші:

Школьный праздник у нас-

Самый памятный день.

И танцует вальс 

Наш одиннадцатый класс.

Уважаемые ученики, Вам предоставляется возможность последний раз станцевать школьный вальс.


(ВАЛЬС)

1-жүргізуші:

Бірлік деген даналар мен кеменгер

Бір-біріңді әрқашанда елеңдер

Түрлі асу жолдарында тағдырдың 

Бір-біріңе сүйеу болып демеңдер




2-жүргізуші:

Дорогие выпускники, вот и прозвучал для вас последний звонок! Перед вами открывается большая жизнь, со всеми её радостями и горестями, трудностями и нескончаемыми дрогами.
 Выбирай свою дорогу и иди по ней уверенно. 
 Так учила тебя школа.
 Будь, благодарен ей за это, за свои первые улыбки и ошибки, за отметки в дневнике, за друзей, которых она тебе подарила.
 Позади у тебя только школа, впереди - вся жизнь!
 В добрый путь!



1-жүргізуші: 

Мектеп түзел, тік тұр!    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы алаңнан шығарылсын!

   (11 сыныптарды мектепке кіргізу)

1-жүргізуші:


 

Арыстандай айбатты,
 Жолбарыстай қайратты –
 Қырандай күштi қанатты.
 Мен жастарға сенемiн!
 – деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай,  бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміз  биік белестерге деген алғашқы қадамдарын сәтті бастайды деп сенеміз.  Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқалы тұрған жас түлектерімізге сәт сапар тілейміз!


 

  (Жабылуы)


Осымен соңғы қоңырау  салтанатты     жиынды  жабық деп  жарияланады. Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!   Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта  болыңыздар! 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив