Мектеп бітіру салтанаты » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
июнь
2023

Мектеп бітіру салтанаты

2022-2023 оқу жылындағы    мектеп түлектерінің 

  Мектеп  бітіру кешінің өткізілу жоспары


/Фанфар ойнайды, ортаға екі жүргізуші шығады/

Жүргізуші 1:   

Еріген көңілдегі қарлы сыздар

Жақсылыққа қашанда жармысыздар

Шатты күнге жиналған әлеуметім

Төрт көзің түгел бармысыздар

Бүгін шаттық мереке дүбірлеген 

Сырын жайып ел жұртым күбірлеген

Жалындаған жас елдің жастарына

Тағы бір топ қсылды дүбірменен

Кеш жарық, ханымдар мен мырзалар! Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің түлектері!
 
 

Жүргізуші 2:  Добрый вечер,  дорогие учителя, уважаемые родители,   гости и наши любимые выпускники! Мы рады приветствовать вас на выпускном бале!


Жүргізуші 1:   

Бүгінгі күн әрбір жас түлектердің жүрек түкпірінде мәңгі сақталып қалатын мектеп өміріндегі соңғы салтанаты.

Бүгінгі мектеп бітіруші жас түлектеріміздің алдағы өмір жолдары сәтті болып, ашық аспан, Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деп салтанатты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші 2:               

Сегодня, 22 июня, 2023 года, наперекор всем сомнениям, искушениям и преградам можно с радостью сказать: «Свершилось!» 58  выпускников получат аттестат о среднем общем образовании.  


Жүргізуші 1:               

Бүгінгі мектеп бітіру кешіне қош келдіңіздер!( 1-2 ж .Бірге)

                                                   /Қошемет/
 
Жүргізуші 2: 

В прекрасный тихий летний вечер
 Мы здесь свами собрались
 Сегодня праздник бесконечен
 Мы Звезды выпускаем в жизнь!
 Уж все готовы, всё готово:
 Цветы, улыбки и слова.
 Встречайте 
с аплодисментами
 Виновников большого торжества!

Жүргізуші 1:  

Ал, көп күтірместен  түлектерімізді ортаға шақырайық!


Ерекше құрмет қошеметпен бүгінгі мектеп табалдырығынан қанат қағып ұшқалы отырған түлектерімізді қошеметпен қарсы алайық!  


Жүргізуші 1:               

-«11 а» сыныбы, сынып жетекшісі Жолбарисова Бақытгүл Маратқызы 

Жас түлектер ел сенімін ұғыншы

Ең әлемдік кеңістікке ілінші

Бастап келед болашаққа ертеңгі

11 а сынып түлектерім бірінші

11 а сынып түлектері.    


Жүргізуші :               

-«11 ә» сыныбы. Сынып жетекшісі Жунисова Қаламқас Маратқызы 

Жақсылықтың жалғасы боп ереді

Шәкірттерге таудай талап береді

Өз өздерін сан қырынан көрсетіп

«11 ә» сыныбы келеді

  • 11 ә сынып түлектері.    


Жүргізуші :               

-11 б сынып түлектері. Сынып жетекшісі Мухамадиева Ақжарқын Тілектесқызы    

Мектебім алтын орда кешені

Мектебіме қандай мекен жетеді

Мектебімнің туын биік ұстаған

Түлектерім қадам басып келеді

11 б сынып түлектері 


/Түлектер ортада жүріп өз орындарында тұрады/


Жүргізуші 1:    

Тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін. 

     2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны ашық деп жарияланады.  

(Гимн)

                                                                                                                                 

/Фанфар дауысы/


Жүргізуші 2: Здесь  присутствуют люди, которые пришли на наш праздник
 впервые. Это наши гости!
 
 


Жүргізуші: Олай болса, құрметті түлектер, бүгінгі біздің кешке қуанышымыздыбөлісе келген қонақтармен таныстырайық.


1. _______________________________________________________________

3__________________________________________________________________

4___________________________________________________________________


 Жүргізуші 1:               

Қимастық пен қуаныш, аңсау мен сезімдеріне беріліп, жүректері лүпіл қағып, бала шақтан болашақтың табалдырығын аттағалы отырған түлектерді құттықтау және   орта білім туралы аттестат тапсыру үшін сөз мектеп директоры  Кыстаубаева Камшат Болатханқызына беріледі.


АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ


Жүргізуші 1 : Сөз кезегі кәсіподақ ұйымының мүшесі 

Касенова Назерке Байболатқызына беріледі.


Жүргізуші 2: 

Құттықтау сөз мектеп бітіруші түлектердің сынып жетекшілері атынан Жүнісова Қаламқас Маратқызына беріледі. 


 Жүргізуші: Сөз кезегі мектеп бітіруші түлектерінің атынан   

                       Үздік Аттестат иегері Сылатай Жансаяға  беріледі.  


Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

халқынан ата-анадан бата алады.

ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

ортаға шақырайық ата-ананы – деп сөз  кезегін құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Мендебаев Болатбек Абдыбаевичке  беріледі.


Жүргізуші – 1 : Аттестаттарыңыз құтты болсын жас түлектер. Сіздердің құрметтеріңізге  өздеріңізді құттықтап келіп отырған із басарларыңыз  9 сынып түлектері  өнер көрсетпек. «Қазақ» биі. Қошеметпен қарсы алыңыздар! 


Жүргізуші 1:     

Тарыдай болып келіп едің кеше ғана
 Таудай ұл қыз болыпсың өсе дара
 11 жыл білім нәрін сусындатып
 Мектепті де бітірдің есен-аман.



Жүргізуші 2: 

Мы очень рады видеть вас
 В этом месте, в этот день и час!
 Своих воспитанников 
еще раз
 Наша школа выпустит сейчас


Жүргізуші 1:     

Жазуларымды қаттаған

Жақсымды көріп мақтаған

Ардақты ұстаз - жақсы адам,

Айтқанын ұғып жаттағам...

Жетелеп әрі сынып та

Жеткізген мені мұратқа

Ұлағатты ісін сүйемін,

Ұстазға басымды иемін – деп қазір мектеп бітіруші түлектер өздерінің мектеп қабырғасындағы ең соңғы тілектерін, тебіреніс сезімдерін білдіргелі тұр, ендеше сөз түлектерде.

ТҮЛЕКТЕР ӨНЕРІ

Жүргізуші 1:     Түлектерге алғысымыз шексіз!


Жүргізуші 1:

-Сіздердің өмір жолдарыңызда бақыт –қадамдарыңызға ақ жол тілейміз.
 Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
 

Жүргізуші 2

На этом наш праздник окончен! В добрый и светлый путь! Пусть исполнятся все ваши мечты, реализуются все ваши таланты и способности! Но помните, что ваша школа навсегда стала частью вашей личной истории, частью вашего детства, в которое вы всегда сможете вернуться.


Жүргізуші 1:

–Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға    қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!

-Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, ардақты ата-аналар! 11 сыныпты бітіруші түлектерге арналған  мектеп бітіру кеші өз мәресіне жетті!!! 


БІРГЕ: Сау саламатта болыңыздар!     


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив