2024-2025 оқу жылына арналған педагог-логопедтің мектеп мұғалімдерімен жүргізетін жылдық жұмысының жоспары
«Бекітемін»
Мектеп директоры
_________К.Кыстаубаева
«___»_____2024ж.
2024-2025 оқу жылына арналған
педагог-логопедтің мектеп мұғалімдерімен жүргізетін жылдық
жұмысының жоспары
Мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін жұмыстың мақсаты:
Ø Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау, әдістемелік көмек көрсету.
Мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін жұмыстың міндеттері:
Ø Сөйлеу тілі бұзылыстары, олардың себептері мен салдары және түзету жұмыстарының мазмұны бойынша мұғалімдерді ақпараттандыру;
Ø Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды оқытуда кездесетін қиындықтар бойынша мұғалімдерге кеңес беру, шешу жолдарын ұсыну;
Ø Мұғалімдерге ЕББҚ ететін білім алушыларды оқыту процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау (сөйлеу тілінің дамуы және сөйлеу дағдыларының қалыптасуы) бойынша кеңес беру.
№ | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары |
1 | ЕББҚ ететін білім алушылардың ПМПК қорытындылары мен ұсынымдарын зерделеу | Қыркүйек | Педагог-логопед | ПМПК қорытындысы |
2 | 2-4 сыныптың білім алушыларынан диктант алу. Диктант нәтижелерін зерделеу | Қыркүйек | Педагог-логопед Бастауыш сынып мұғалімдері | 2-4 сынып білім алушыларының диктанттары |
3 | Логопедиялық диагностика қорытындыларымен мұғалімдерді таныстыру, ақпарат беру | Қыркүйек | Педагог-логопед | Логопедиялық диагностика қорытындылары |
4 | Сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен бірлесе сөйлеу тілінде бұзылыстары бар білім алушылардың тізімін анықтау | Жыл бойы | Педагог-логопед | 7-форма Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б. |
5 | Сұраныс бойынша мектеп мұғалімдеріне кеңес беру | Жыл бойы | Педагог-логопед | Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналы |
6 | Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған үлестірмелі материалдар дайындау:
| Қазан Қараша | Педагог-логопед | Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған үлестірмелі материалдар Дыбыстық талдау мен жинақтау дағдыларының бұзылуы салдарынан болған жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысын түзету-логопедиялық жұмысы: әдістемелік нұсқау.Алматы: 2015.- 62б |
7 | «Акустикалық және акустикалық-артикуляциялық дисграфияны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған семинар | Желтоқсан | Педагог-логопед | Анықтама Мектеп жасындағы жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік негіздері: әдістемелік нұсқаулық /Г.Н.Тулебиева, Г.Б.Ибатова, С.Ж.Өмірбек, Ж.Ж.Нурсеиова, - Алматы: ТП ҰҒПО, 2017ж.-51б |
8 | «Оптикалық дисграфияны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған семинар | Ақпан | Педагог-логопед | Анықтама Мектеп жасындағы жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік негіздері: әдістемелік нұсқаулық /Г.Н.Тулебиева, Г.Б.Ибатова, С.Ж.Өмірбек, Ж.Ж.Нурсеиова, - Алматы: ТП ҰҒПО, 2017ж.-51б |
9 | Мектеп мұғалімдерімен бірге сөйлеу тілінде бұзылыстары бар білім алушылардың БЖБ, ТЖБ тапсырмаларының (көру, есту, сөздік және бақылау диктанттары) нәтижелерін зерделеу | Әр тоқсанның соңында | Педагог-логопед | БЖБ, ТЖБ тапсырмалары (көру, есту, сөздік және бақылау диктанттары) |
10 | Жыл бойы жасалған жұмысты қорытындылау | Мамыр | Педагог-логопед | Жылдық рефлексиялық есеп (ППҚҚ №5 отырысы) |
Педагог-логопед Н.Абдрахманова