Арнайы педагогтың мектеп мұғалімдерімен жүргізетін жылдық жұмысының жоспары
«Бекітемін»
Мектеп директоры
_______К.Кыстаубаева
«___»_____2024ж
Арнайы педагогтың мектеп мұғалімдерімен жүргізетін
жылдық жұмысының жоспары
Мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін жұмыстың мақсаты:
- Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау және әдістемелік көмек көрсету.
Мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін жұмыстың міндеттері:
- Инклюзивті білім беру жағдайында іске асырылатын құжаттар, бұйрықтар бойынша мұғалімдерді ақпараттандыру;
- Жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру алгоритмін түсіндіру және жүзеге асыру;
- ЕББҚ ететін білім алушыларды оқытудың арнайы және алтернативті әдістері тиімді қолдану жолдарын көрсету;
- ЕББҚ ететін білім алушыларды оқытуда кездесетін қиындықтар бойынша кеңес беру, шешу жолдарын ұсыну.
№ | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары |
1 | ЕББҚ ететін білім алушылардың ПМПК қорытындылары мен ұсынымдарын зерделеу | Қыркүйек | ДОІЖО Арнайы педагог Педагог-логопед Педагог-психолог | ПМПК қорытындылары |
2 | Мектептің әкімшілік мүшелері мен мұғалімдеріне арналған семинар: «Зерде бұзылыстары бар білім алушыларға жеке оқу жоспарын құрастыру ерекшеліктері» | Қараша | Арнайы педагог | Анықтама Презентация |
3 | Сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен бірлесе ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды анықтау | Жыл бойы | ДОІЖО Мұғалімдер Арнайы педагог | 7-форма Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. – Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б. |
4 | Бейімделген/жеке оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша мектеп мұғалімдеріне кеңес беру (талқылау, талдау, олқылықтармен жұмыс) | Жыл бойы | Арнайы педагог | Бейімделген/жеке оқу бағдарламалары |
5 | ЕББҚ ететін білім алушылардың БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын зерделеу | Әр тоқсанның соңында | ППҚҚ мамандары мұғалімдер | ЕББҚ ететін білім алушылардың БЖБ, ТЖБ тапсырмалары |
6 | Мектеп мұғалімдеріне арналған жадынама дайындау: «ЕББҚ ететін білім алушыларға оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» | Қаңтар | Арнайы педагог | Үлестірмелі материалдар |
7 | Семинар тақырыбы: «Жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру алгоритмі» | Ақпан | Арнайы педагог | Анықтама Индивидуализация учебно-воспитательного процесса школьников с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной школе: метод. Рекомендации/Елисеева И.Г.- Алматы: ННПЦ РСИО, 2021, 62с. |
8 | Бастауыш сынып мұғалімдері мен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел тақырыбы: «Зерде бұзылыстары бар білім алушыларға математика пәнін оқыту ерекшеліктері» | Наурыз | Арнайы педагог | Анықтама Индивидуализация учебно-воспитательного процесса школьников с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной школе: метод. Рекомендации/Елисеева И.Г.- Алматы: ННПЦ РСИО, 2021, 62с |
9 | Бастауыш сынып мұғалімдері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел тақырыбы: «Зерде бұзылыстары бар білім алушыларға тілдік пәндерді оқыту ерекшеліктері» | Сәуір | Арнайы педагог | Презентация Инклюзия жағдайында бастауыш мектеп оқу пәндерінің БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2020. – 144 б. |
10 | Жылдық рефлексиялық есеп | Мамыр | Арнайы педагог | Жылдық рефлексиялық есеп (ППҚҚ қорытынды отырысы) |
Арнайы педагог А.Мусаева