"Мектебім саған мың алғыс" мектеп бітіру кеші 2024 жыл
/Фанфар /
Жүргізуші 1:
Еріген көңілдегі қарлы сыздар
Жақсылыққа қашанда жармысыздар
Шатты күнге жиналған әлеуметім
Төрт көзің түгел бармысыздар
Бүгін шаттық мереке дүбірлеген
Сырын жайып ел жұртым күбірлеген
Жалындаған жас елдің жастарына
Тағы бір топ қсылды дүбірменен
Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар! Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің түлектері!
Ведущая: Добрый день, уважаемые гости, родители и педагоги! Сегодня в нашей школе чудесный праздник — праздник, которого с нетерпением ждали выпускники – торжественное вручение аттестатов.
Жүргізуші 1:
Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәтте келіп жетті.
Бүгінгі күн! 11 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата - аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні.
Бұл –алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын, жастар үшін мәңгі ұмытылмайтын ерекше сәт.
Ведущая:
И, конечно, он дорог самим героям этого праздника. Мы говорим «героям», а не «виновникам», так как они преодолели самый первый этап на большом пути под названием — Жизнь. Все, что встретится на этом пути, будет завтра, а сегодня — прекрасный праздник, торжество молодости и красоты, дружбы и верности!
Жүргізуші 1:
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі түлектерге аттестат тапсыру салтанатты жиынына қош келдіңіздер!( 1-2 ж .Бірге)
/Қошемет/
Ведущая:
Как здорово, когда праздник начинается именно
так: музыкой и аплодисментами!
Жүргізуші 1:
Ал, қазір, түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Мектептің түлектерін ортамызға
Ал, қазір, өз білімдерімен, тәрбиесімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса жүріп, мектебіміздің асқақтауына үлес қосқан жас түлектерімізді ортаға шақырайық!
(Әр сынып аталып арка ішінен қызыл төсемемен келеді)
Жүргізуші:
-«11 а» сыныбы, сынып жетекшісі Джекежанова Әлия Тәңірбергенқызы
Жүргізуші:
-«11 ә» сыныбы. Сынып жетекшісі Акпербаева Бақытжан Тұрақбайқызы.
Жүргізуші: 11 б сынып . Сынып жетекшісі Толебава Ардақ Нұрбекқызы
Ведущая: И 11 в класс, Классный руководительҚыстаубаева Рахат Бақытжанқызы
/Түлектер ортада жүріп өз орындарында тұрады/
Жүргізуші 1:
Әуелеген ұранды ән шарықтасын,
Көгілдір ту қиялда қалықтасын.
Әлем танып, білетін Елтаңбамды,
Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.
Мазмұнына өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін.
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы 2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны ашық деп жарияланады.
(Гимн)
Жүргізуші 1:
Түлектерге деген құттықтауын және ұстаздарға деген ықыласын арнайы әуелеген әсем әнімен жеткізбек болып отырған 4 б сынып оқушысы Қонарбай Әнияны «Ұстаз бен шәкірт» әнімен қарсы алыңыздар!
Ведущая: Здесь присутствуют люди, которые пришли на наш праздник
впервые. Это наши гости!
Жүргізуші: Олай болса, құрметті түлектер, бүгінгі біздің кешке қуанышымыздыбөлісе келген қонақтармен таныстырайық.
1.______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3__________________________________________________________________
4___________________________________________________________________
Жүргізуші 1:
Қимастық пен қуаныш, аңсау мен сезімдеріне беріліп, жүректері лүпіл қағып, бала шақтан болашақтың табалдырығын аттағалы отырған түлектерімізді құттықтау және аттестат тапсыру үшін сөз мектеп директоры Қыстаубаева Камшат Болатханқызына беріледі.
(Музыка ырғағымен түлектер ортаға шақырылып аттестаттар тапсырылады)
Жүргізуші:
Мерекелік құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз______________________________________________ _____________________________________________________беріледі.
Жүргізуші: Сөз кезегі кәсіподақ ұйымының төрайымы
Толебаева Ардақ Нұрбекқызына беріледі.
(Сынып жетекшілерге сөз)
Ведущая:
Слово представляется КЛАССНОМУ РУКОВОДИТЕЛЮ 11 в класса Кыстаубаевой Рахат Бакытжановне
Жүргізуші:
Сөз кезегі құрметті де қадірлі АТА-АНАЛАРДЫҢ атынан Сұлтанова Тұрмыс Мұратқызына беріледі.
Жүргізуші: Сөз кезегі мектеп бітіруші ТҮЛЕКТЕРДІҢ атынан үздік аттестат иегері Өмірбек Нұрайға беріледі.
Жүргізуші 1:
Тарыдай болып келіп едің кеше ғана
Таудай ұл қыз болыпсың өсе дара
11 жыл білім нәрін сусындатып
Мектепті де бітірдің есен-аман.
Ведущая:
Мы очень рады видеть вас
В этом месте, в этот день и час!
Своих воспитанников еще раз
Наша школа выпустит сейчас
Жүргізуші 1:
Жазуларымды қаттаған
Жақсымды көріп мақтаған
Ардақты ұстаз - жақсы адам,
Айтқанын ұғып жаттағам...
Жетелеп әрі сынып та
Жеткізген мені мұратқа
Ұлағатты ісін сүйемін,
Ұстазға басымды иемін – деп қазір мектеп бітіруші түлектер өздерінің мектеп қабырғасындағы ең соңғы тілектерін, тебіреніс сезімдерін білдіргелі тұр, ендеше сөз түлектерде.
(Түлектерге сөз беріледі. Әр мектеп түлектері дайындаған )
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ӨНЕРІ
***************♫**************************♫**********************
Жүргізуші 1: - Түлектерге алғысымыз шексіз!
Ведущая:
За собою двери школы тихо затворю
Эту первую потерю я с тобой делю
Эту радость и разлуку, что зовут судьбой
Пригласив на вальс последний, разделю его с тобой.
Жүргізуші 1
-Сіздердің өмір жолдарыңызда бақыт –шашуы қадамдарыңызға ақ жол тілейміз.
Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
Жүргізуші 2: Школьный вальс в исполнений выпускников
Жүргізуші 1:
Кір шалмасын жаңа ашылған көңілдерің
Ақтаңдар мектеп ұстаз сенімдерін
11 жыл білім алған, сусындаған
Мектебіңмен қош айтысар келді кезің.
Ведущая:
На этом наш праздник окончен! В добрый и светлый путь! Пусть исполнятся все ваши мечты, реализуются все ваши таланты и способности! Но помните, что ваша школа навсегда стала частью вашей личной истории, частью вашего детства, в которое вы всегда сможете вернуться.
Жүргізуші 1
–Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!
- Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, ардақты ата-аналар! 11 сыныпты бітіруші түлектерге арналған орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өз мәресіне жетті!!! Сау саламатта болыңыздар!
Добрый день, уважаемые гости, родители и педагоги!Сегодня в нашей
школе чудесный праздник — праздник, которого с нетерпением ждали выпускники –
торжественное вручение аттестатов
Добрый день, уважаемые гости, родители и педагоги!Сегодня в нашей
школе чудесный праздник — праздник, которого с нетерпением ждали выпускники –
торжественное вручение аттестатов
Добрый день, уважаемые гости, родители и педагоги!Сегодня в нашей
школе чудесный праздник — праздник, которого с нетерпением ждали выпускники –
торжественное вручение аттестатов
2.