Арнайы педагогтың 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстарына ТАЛДАУ » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Арнайы педагогтың 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстарына ТАЛДАУ
29
август
2024

Арнайы педагогтың 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстарына ТАЛДАУ

Арнайы педагогтың 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстарына 

ТАЛДАУ


Мақсаты:

  • Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.
  • Балалар дамуындағы кемшіліктің құрылымы мен деңгейін анықтап, оқушының психофизикалық жағдайын ескере отырып топтарды жүйелеу;
  • Бұзылған функцияларды қалыпқа келтіру(компенсация), дамудағы ауытқушылықты жою мақсатында топтық және жеке сабақтар өткізу.

           Мектебімізде психологиялық –медициналық- педагогтік консультациясының тұжырымдамасы бар ерекше   білім беруді қажет ететін - 18 оқушы бар. 

           Соның ішінде арнайы педагогке – 16 оқушы түзете -дамыту сабағына келеді.

           Бейімделген бағдарламамен – 12 оқушы.

           Жеке бағдарламамен – 4 оқушы.

           Жалпы білім беру бағдарламасымен – 2 оқушы.

Осы оқушылардың ішінде мінез- құлықтың бұзылуы (Аутист)  балалар саны-3. 

        Оқушылармен түзету жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 

- Әртүрлі танымдық тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.

- Дидактикалық ойындар арқылы шығармашылық қабілеттерін, қиялын, қабылдау дамыту.

- Түрлі қызықты тапсырмаларды өз бетінше және шапшаң орындатуға үйрету.

Инклюзивті оқытудағы оқушылар ОПМПК-ның шешімі негізінде түзету сабағына 1 жыл аралығында қатысуы керек, соның негізінде барлық тізімдегі оқушылар ІІ жарты жылдыққа ауыстырылады. Түзету сабақтарының нәтижесінде,  әрбір тізімдегі оқушыда, оқу жылының басына  қарағанда біршама өзгерістер  бар. Мәселен, берілген тапсырмаларды түсініп орындаулары, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыруы, байланыстырып сөйлеулері, зейіні, есте сақтаулары біршама жақсарды. Оқушылардың эмоциялық-танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға арналған дамыту ойындары жүргізілді. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларға заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді.

          Заттармен ойналатын ойын - ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз». Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата»,т.б. Орыс тілді сыныптармен де дәл осылай болады. Өткізілетін ойындар: «Волшебные кубики», «Чудо-дерево», «Пирамидка», «Будь внимателен», «Посчитай буквы и составь предложение», «Слушай хлопки и подбирай слоги»,т.б.          Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған қол, саусақ жаттығулары да өз жалғасын тауып отырды. Есепке жаңа алынған оқушымен де жұмыстар нәтижелі болып келеді. Ақпан айының ортасында бірінші сынып оқушысы ПМПК дан өтіп келді. Сөйлеу тілі анық емес, танымдық дамуы жасына сай емес, әріптерді танымайды, қосып оқи алмайды, көшіріп жазуда көп қате жібереді және теріс жазады. Қазіргі кезде дұрыс жазуға үйреніп қалды, қоршаған орта жайлы түсінігі кеңейе бастады. Есте сақтауы орташа деңгейге жетті деп айтуға болады. 

Осы оқушылармен жүргізіліп жатқан түзете дамыту жұмыстарының қорытындысы бойынша 

          Мінез құлықтың бұзылысы бойынша (аутизм) балаларды оқытуда, қарым қатынасқа түсуін, әлеуметтік ортаға бейімделуін, сөйлеу тілін қалыптастыруда, психикалық үрдістерін дамытуда кешенді түзете оқыту әдістерін жүйелі жүргізу үдерісінде айтарлықтай нәтижеге жету өте қиын болып тұр. Сол сияқты мектебіміздегі үш оқушының біреуінде ғана жақсы нәтиже бар, ол 3-ші сынып оқушысы: :
 - психикалық функцияларын қалыптастыру сапасы жоғарылады;
 - аталмыш жаттығуларды, тапсырмаларды орындауда оқушының белсенділігі мен қызығушылығы арта түсті;
 - оқушы мен педагог арасындағы қарым қатынас жаңа қарқын алды;
 - өз қателігін мойындап уақытында түзей білуге дағдылана бастады. Бұл дегеніміз тыныш отырмаса, бұзықтық жасаса, тапсырманы дұрыс орындамаса «апай кешіріңізші, екінші қайталанбайды» деген сөзді жиі айтатын болды. Мұның өзі үлкен жетістік деп айтуға болады. Мінез құлық бұзылысы бойынша жүргізілген жұмыстарға қысқаша тоқталатын болсам:

- Ойын технологиясын қолдану: «Айналма» ойыны, «Артығын тап», «Достарымызға үй саламыз», т.б.

- Глобалды оқыту әдістемесі: бұл бүкіл сөзді толығымен қабылдауы; алдымен өзіне таныс қысқаша сөздерді буынға бөліп айтып қайталатамыз, ма-ма, па-па, а-та, а-па, ары қарай сөздерді күрделендіре түсеміз: автобус, машина, қайық, т.б. Содан кейін екі сөзден тұратын қысқаша сөйлем ретіндегі сөздерді саны мен сапасына қарай айтып қайталайды; үлкен қасық, қызыл машина, бес ешкі, т.б. 

- Сенсорлық интеграция әдістемесі: Сезіну, яғни мидың сенсорлы ақпаратты өңдеуін жүзеге асыру. Музыкаға билеу – есту жүйесін қалыпқа келтіруге бағытталған; Бұршақ толтырылған қораппен ойын – тактильді сезімін дамытуға арналған; Қозғалып тұрған шарикке жанасу – көру сезімін дамыту үшін; Орындықта айналу – тепе  -теңдік сақтау және көру қабілетіне жақсы әсер етеді. Ары қарай дұрыс дем алу , дем шығару және артикуляциялық жаттығулар орындалды. Жануарлардың немесе көліктің дыбысын салу әріптерді, дыбысты жылдам әрі анық шығаруға ықпал етті. Қалған 2 оқушыда еш өзгеріс болмай тұр. Біреуі 1-ші сыныпта орыс сыныбында  оқиды, екіншісі 2-ші сыныпта отыр. Келесі оқу жылында түзету жұмыстары осы балалармен жалғасады және жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген үміт бар. 


№ 49 орта мектебі бойынша ерекше білімді қажет ететін оқушылар тізімі


Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Сыныбы 

Диагнозы 

Қызмет түрі

ПМПК өткен уақыты

1

Акжелтай Азамат 


09.11.2017

1 Б

Көру қабілетінің зақымдалуы: қылилық. Психикалық дамуының айқын тежелуі. ЖСТД ІІ-ІІІ деңгейі

Арнайы педагог, логопед

16.11.2023

2

Ержан Аслан


06.02.2017

1 Б

Психикалық дамуының тежелуі. ЖСТД ІІ-ІІІ деңгейі

Арнайы педагог, логопед

18.09.2023

3

Семенко Арсений

03.12.2016

1 Г

Нарушение общения и социального взаимодействия. Легкое нарушение интеллекта. Нарушение поведения. ОНР – І уровня, специфическое развитие речи

Дефектолог, логопед, психолог, педагог ассистент

10.05.2023

4

Талғарбек Асылхан

01.06.2016

2 Г

Заддержка психического развития. Общее недоразвитие речи ІІ-ІІІ уровня

Арнайы педагог, логопед

26.08.2022

5

Горяченко Кирилл

14.03.2016

2 Г

ЗПР. ОНР ІІ , ІІІ уровня

Дефектолог, логопед

30.05.2023

6

Темірлан Асылжан

17.05.2016

2 Б 

Зиятының жеңіл бұзылысы. Мінез құлқының бұзылысы, сөйлеу тілінің күрделі бұзылысы, сенсомоторлы алалия.ЖСТД І деңгейі

Арнайы педагог, логопед, педагог ассистент

27.12.2023

7

Қабылда Іңкәр

08.09.2014

3 В

Психикалық дамуының айқын тежелуі. ЖСТД ІІ деңгейі

Арнайы педагог, логопед

28.09.2023

8

Қорғаспай Мансур

10.02.2014

3 В

Таным әрекеттерінің бұзылуы негізінде психикалық дамуының айқын тежелуі. Мінез құлықтың бұзылыстары

Арнайы педагог, психолог, педагог ассистент

29.09.2023

9

Жаманқұл Шыңғыс

16.02.2014

3 Б

Зиятының жеңіл бұзылысы. Зерде жеткіліксіздігі негізінде оқу әрекетінің бұзылуы. ЖСТД ІІІ деңгейі(фонетикалық фонематикалық жетіспеушіліктің басым болуы)

Арнайы педагог, логопед

04.11.2022

10

Жаманқұл Ерназар

17.10.2015

3 Б

Психикалық дамуының тежелуінің айқын түрі. Таным әрекетінің бұзылуы негізінде оқу әрекетінің бұзылуы. ЖСТД ІІ, ІІІ деңгейі

Арнайы педагог, логопед

04.11.2022

11

Семенко Николай

13.06.2013

5 Г

Выраженная ЗПР, обусловленная нарушением познавательной деятельности. Трудности формирования учебной деятельности.

 Дефектолог 

26.08.2022

12

Боровиков Максим

04.04.2013

5 Г

 Нарушение опорно двигательного аппарата: самостоятельно передвигающийся,не требующий индивидуального ухода. Нарушение слуха: слабослышащий ребенок. ЗПР. Нарушения учебной деятельности, обусловленные интеллектуальной недостаточностью. ОНР с преобладанием фонетико фонематического недоразвития.

    Дефектолог, 

       логопед

18.11.2022

13

Жандосқызы Айзере

10.10.2012

5 Б

Выраженная ЗПР на резидуально органическом фоне. Нарушения учебной деятельности, обусловленные интеллектульной недостаточностью. ДЦП, спастический парапарез нижних конечностей,средней степени.ОНР ІІІ уровня,обусловленное нарушением познавательной деятельности.

Арнайы педагог, логопед

11.09.2020

14

Құрманбай Аяжан

14.04.2009

8 Б

Психикалық дамуының тежелуі(ПИН) Зерде жеткіліксіздігі негізінде оқу әрекетінің бұзылуы. Тұтығудың жеңіл түрі.

Арнайы педагог

11.11.2022

15

Нұрғожа Көркем

04.01.2011

6 А

Таным әрекеттерінің бұзылуы негізінде психикалық дамуының айқын тежелуі

Арнайы педагог

24.10.2023

16

Боровиков Трофим

04.04.2013

5 Г

Интеллект сохранный. РЭ. ОS сходящееся косоглазия. Атрофия зрительного нерва. Фонетико -фонематическое недоразвитие речи с элементами лексико- грамматического

Логопед КППК

10.12.2020

17

Жақып Гүлім

08.09.2009

Ә

Интеллект сохранный. РОП.ЦНС. Невроз навязчивых движении. Лицевые тики.ФНР 

Логопед 

23.11.2020

18

Аманкелді Аманжол

14.08.2017

Б

Психикалық дамуының айқын тежелуі. Іс әрекетті ерікті реттеудің төмендеуіне байланысты оқу әрекетінің қиындықтары. ЖСТД ІІІ деңгейі, фонетикалық фонематикалық жетіспеушіліктің басым болуы

Арнайы педагог, психолог, логопед

12.02.2024

Мінез құлықтың бұзылысы бар (аутизм) балалар бұл тізімде педагог ассистентпен көрсетілген. ЕББҚ оқушыларды мерзіміне сәйкес ОПМПК дан өткізу көзделіп отыр. 


 




ЕББҚ оқушылар арасында өнерлі балаларымыз да бар. Жыл сайын түрлі конкурстарға қатысып өз өнерлерін көрсетіп жүр. Сол сияқты өз білімін жетілдіру курстары мен тәжірибе алмасу семинарларына қатысып білімімізі шыңдаймыз. 




           Үйден оқитын оқушылар саны - 13 оқушы. 2 оқушы үйден оқытудан шығып, 2 оқушы қосылды. Ағымдағы жылдың 21 мамырында № 2 ОПМПК дан үйден оқитын 2 оқушы тексеруден өтіп, келесі оқу жылына оқыту бағдарламасы айқындалып берілді. 

           Мектеп мұғалімдерімен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар атқарылды. Мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың мақсаты: Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерін психологиялық педагогикалық тұрғыдан қолдау және әдістемелік көмек көрсету. Осы тұрғыда мұғалімдерге әсіресе сынып жетекшілерге ЕББҚ оқушыларға білім беру жағдайында іске асырылатын құжаттар жайлы,   оқыту бағдарламасын жүзеге асыру және оқытуда кездесетін қиындықтар бойынша кеңес беріліп, шешу жолдары түсіндірілді. 

           Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты: ЕББҚ оқушылармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарына белсенді араластыру, оқыту үдерісіне тарту. Алдымен ата аналармен түсііндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы педагогтың түзете дамыту сабағына келісім парағы толтырылды. Сауалнамалар, формалар алынып кеңестер берілді. Мерзіміне байланысты ата аналар және мұғалімдермен жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. 





Осы оқушылармен жүргізіліп жатқан түзете дамыту жұмыстарының қорытындысы бойынша 

Сәтті жақтары:

Сабаққа деген қызығушылығының артуы; түзете дамыту сабағында өздерін еркін ұстауы; берілген тапсырманы бар ынтасымен орындауға тырысуы; сабақтан тыс байқауларға, іс шараларға қатысуға ынтасын білдіруі және жүлделі орындар алуы.

Сәтсіз жақтары:

Жазба және есептеу жұмыстарында айтарлықтай қателер жіберуі; үнемі мұғалім көмегін қажет етуі; есте сақтау қабілетінің төмен болуы; ата аналардың үй жағдайында сабақтарын қадағаламауы; кейбір уақыттарда түзете дамыту сабағынан себепсіз қалуы; біріккен жұмыстың баяулығы.

Шешу жолдары:

Ата аналар мен сынып жетекшілерге қызықты семинар тренингтер ұйымдастыруды жиілету және түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру; мектептен тыс шараларға ата ананың баламен бірге қатысуға ынталандырып отыру.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив