Арнайы педагогтың ата-аналармен жүргізетін жылдық жұмысының жоспары
«Бекітемін»
Мектеп директоры
________ К.Кыстаубаева
«___»_____2024ж.
Арнайы педагогтың ата-аналармен жүргізетін
жылдық жұмысының жоспары
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты:
- Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналарды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың міндеттері:
- Ата-аналарды білім алушылардың оқу қиындықтарының көріністері және олардың себептері бойынша ақпараттандыру, кеңес беру;
- Ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарына белсенді араластыру;
- Ата-аналарды ЕББҚ ететін білім алушыларды оқыту процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру.
№ | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары |
1 | ЕББҚ ететін білім алушылардың ата-аналарымен әңгіме жүргізу. Бала туралы мағлұмат жинақтау | Қыркүйек | Арнайы педагог Педагог-логопед Педагог-психолог | 1б- формасы Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 |
2 | «Менің балам» «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы» | Қазан | Арнайы педагог | Баяндама Әңгіме кеңес |
3 | Ата-аналарға арналған ақпараттық презентация дайындау: «ЕББҚ ететін білім алушылардың құқықтары қандай?» | Қараша | Арнайы педагог | Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы |
4 | Бірінші жарты жылдықты қорыту, тренингтер | Желтоқсан | Арнайы педагог | Ата-аналарға арналған үлестірмелі материалдар дайындау |
5 | Ата аналарға арналған тренинг: «ЕББҚ ететін білім алушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастырудың алғышарттары» | Қаңтар | Арнайы педагог | Өткізілген жұмыстың анықтамасы |
6 | Ата аналарға арналған практикум: «Зерде бұзылыс бар немесе психикалық дамуы тежелген балаларды қалай оқытамыз?» | Ақпан | Арнайы педагог | Өткізілген жұмыстың анықтамасы |
7 | «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға кәсіптік бағдар беру» ЕББҚ ететін білім алышылардың ата-аналарына арналған тренинг | Сәуір | Арнайы педагог | Профессиограмма құрастыру Методические рекомендации по подготовке педагогов к внедрению инклюзивного образования /Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С.- Алматы, 2014. – 165 с |
8 | Ата-аналармен жүргізілген жұмыстың қорытындысы | Мамыр | Арнайы педагог | Жылдық рефлексиялық есеп (ППҚҚ қорытынды отырысы) |
Ата-аналарға кеңес беру |
Арнайы педагог А.Мусаева