Жаңа жылдық ертегі. Мектеп Парламентінң ұйымдастыруымен » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңа жылдық ертегі. Мектеп Парламентінң ұйымдастыруымен
01
январь
2025

Жаңа жылдық ертегі. Мектеп Парламентінң ұйымдастыруымен

2024-2025 оқу жылының жаңа жылдық шыршасы 0-11 сынып арасында Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен қанағаттанарлық деңгейде өтті. 23-26 желтоқсан аралығында барлық сынып қамтылды. Ең соңында 30 желтоқсан күні кәсіподақ шыршасымен аяқталды. 

Мектеп Парламенті ұйымдастырған шыршаның өткізілу жоспары

Сценарий

ЖҮРГІЗУШІ:

Аппақ бүгін қыр,далам,

Ақ дастарқан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай


Көңілді көп қуаныш 

Әр көңілде-жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық!


ЖҮРГІЗУШІ:

Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар сіздерді шын жүрекпен Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймыз!


Бүгінгі жаңа жылдық жыршамыздың алғашқы құттықтау тілегін мектеп директоры Қыстаубаева Камшат Болатханқызына береміз. 


Келесі құттықтау сөз кәсіподақ ұйымының төраймы Толебаева Ардақ Нұрбекқызына беріледі. 


ЖҮРГІЗУШІ:

Қош келдің,жаңа жыл!

Қуаныш пен шаттыққа кеңелейік

Жадырап,би билеп тербелейік!

Төрлет,төрлет халқымның жаңа жылы!


ЖҮРГІЗУШІ:

Ортаға мол табыс пен бейбіт жыл болған Ұлуды және келер жылымыз Жыланды шақырамыз!


Ұлу:

Сәлем, Жылан! Мен -Ұлу өткен жылдың иесімін. Менің жылымда баршаға сабырлық, тұрақтылық, мейірім сыйлауға тырыстым. Енді өз кезегімді саған беретін уақыт келді. Бірақ сенен сұрайтыным – мен бастаған игі істерді жалғастырып, адамдарға тек жақсылық әкелсең болғаны.


Жылан:

Рахмет, Ұлу!Сенің жылында бәрі тыныш әрі сәтті өтті. Уайымдама, мен сенің жолыңды жалғастырамын. Мен Жыланмын, тапқырлық пен даналықтың белгісімін. Жаңа жылда әр үйге қуаныш, молшылық және тыныштық сыйлауға уәде беремін. Енді менің жылым басталады, бәріміз үшін бақытты болсын!


Ұлу:

Ал онда, Жылан, сәттілік тілеймін! Жаңа жыл тек қуаныш әкелсін!


Жылан:

Рахмет, Ұлу!Ал енді, достар, барлығымыз бірге Жаңа жылды қарсы алайық!


ЖҮРГІЗУШі:

Құрметті қонақтар ал ендеше жаңа жылымыздың ең басты қонақтары әрине Аяз ата мен Ақшақар 

Бәріміз бірге:АЯЗ АТА АЯЗ АТА


Аяз ата келеді:

И сөйлейді


ЖҮРГІЗУШІ:

Балалар біздің шырша жанбай қалған сияқты иә?!

Ақшақар қыз сіз сиқырлы таяғыңызбен жағып берсеңіз


АҚШАҚАР жағады

Сөйлейді!


ЖҮРГІЗУШІ:

Түлкі мен Қасқыр, біздің ерке және тапқыр достарымыз да келді! Келіңдер, осы жерде көңілді және белсенді болайық!


Аю:

У-ууу, бәріңізге сәлем! Мен – Аюмын, орманның ең күшті әрі мейірімді тұрғынымын. Бүгінгі мерекеде бәріміз бірге болуымыз қандай керемет! Жаңа жыл жақсылыққа толы болсын, әрқайсыңыздың жүрегіңізде тек қуаныш пен шаттық болсын!



Қасқыр:

Армысыздар, достар! Мен – Қасқырмын, орманның сақшысы. Бүгін барлығымыз Жаңа жылды қарсы алу үшін жиналдық. Бұл мереке достық пен бірлік болсын!


Ортаға мыстан шығады


МЫСТАН:

“Ха-ха-ха! Сендер қандай көңілдісіңдер, бірақ менің бұл мерекеге көңілім толмайды! Мен шақырылмаған жерге өзімше тәртіп орнатамын. 


АЮ:

Мыстан апай бір ашуыңызды беріңіз,біз сізді көңіл жерлерді ұнатпайды деп шақырмадық!

Кешірім сұраймыз

Сіз ең әлемдегі мейірімді мыстансыз ғой!


Мыстан сөзі:

“Жарайды, сендердің шынайы достықтарың мен мейірімдерің жүрегімді жібітті.


АЮ:Алақай

ҚАСҚЫР:Қолымыздан келді!


ЖҮРГІЗУШІ:Осылайша аю мен қасқыр қуанып тұрғанда кенет ең айлакер

Орман иесі ТҮЛКІ келеді


ТҮЛКІ:

Сәлем, сәлем, бәріңізге! Мен – Түлкімін, айлакерлігіммен танымал болсам да, бүгін менің жүрегім тек жақсылыққа толы! Ал менің сүйікті достарым Жаңа жылда әрқайсыңызға арман-тілектеріңіздің орындалуын тілеймін! Ал енді, барлығымыз ойын ойнап, шырша жанында билейік!


Музыка


ТЫШҚАН:

Тоқтаңдар!

Не тұрыс,ешқандай көңілді кеш көріп тұрған жоқпын!

Алдымен өзімді таныстырайын

Тышқан:

Сәлеметсіздер ме, достарым! Мен – Тышқанмын орманның ең кішкентай тұр

Жаңа жыл тек жақсылық, молшылық, бейбітшілік әкелсін! Ал біз бірге ойын ойнап, көңіл көтеріп, осы ерекше күнді есте қаларлықтай атап өтейік!


ҚОЙ:

Иә иә дұрыс айтасың тышқан!

Сәлеметсіздер ме, орманның сүйікті достары! Мен – Қоймын, сабыр мен тыныштықтың бейнесімін. Біз бәріміз бір отбасы сияқты осында жиналғанымыз қандай күшті.мерекемізді одан әрі жалғастырып, әсем әуенмен көңіл көтерейік!

бәріміз бірге би билейік не тұрыс?!


Жаңа жылдық музыка


Бәрі бірге шыршаны айналады!


ЖҮРГІЗУШі:

Достар, осылайша бәріміз Жаңа жылды қарсы алу үшін жиналдық. Барлықтарыңызға жаңа жылда тек жақсы тілек, қуаныш, бақыт, және ең бастысы – денсаулық тілеймін! 

Келгендеріңізгк көп көп рахмет,сау-саламатта болыңыздар!!


2. 
3. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив